Жаңалықтар

27.09.2016
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Тамды ауылдық округі әкімі А.Ғ.Еспағамбеттің ұйымдастыруымен «векло шеру» өткізілуі

Тамды ауылдық округінде қыркүйек айының 23 жұлдызында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауыл әкімі А.Ғ.Еспағамбеттің ұйымдастыруымен «вело шеру» өтті.
26.09.2016
2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 6,41 трлн. теңгені құрады. Шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны шамамен 10,10 млн. бірлікті құрады, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалғаны шамамен 9,65 млн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны – 408 100 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38 949 бірлік.
26.09.2016
Баланың туылуы бойынша мемлекеттік қызметтердің толық спектрін енді Қазақстанның перзентханаларында ресімдеуге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа пилоттық жобаны іске қосты, бұл жоба шеңберінде баланың туылуын тіркеуді, бала туу мен оның күтіміне жәрдемақы тағайындауды, босану және жүктілікке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтік төлемдерді ресімдеуді, сондай-ақ баланы балабақша кезегіне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады. Композитті қызмет көрсету барлық 4 қызметке бір уақытта перзентханада өтініш қабылдауды білдіреді.
21.09.2016
«Жас отбасы-2016»

Өткен аптада облыстағы жас отбасыларды қолдау, жастар арасында отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау және жас отбасыларға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпараттандыру мақсатында Ақтөбе қаласында «Жас отбасылардың қоғамдағы орны және оларды әлеуметтендірудің өзекті мәселелері» атты облыстық семинар-тренинг өткізілді.
20.09.2016
«Көктемнің қамын күзде ойлап»

Ел экономикасы қарқынды дамып, әлеуметтік сала, жастар саясаты мәселелеріне көңіл бөлінген шақта жүзеге асырылып жатқан жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар- өзін қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптастырамын деген тұлғаға таптырмас шешім. «Жастар тәжірибесі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Дипломмен ауылға», «Сәтті қадам», «Жастар кадрлық резерві»- жарқын болашаққа алғашқы қадам. Мемлекет маған не береді деген ойдан арылып, «Мен елге не беремін?» деген қағиданы ұстанған жас көздеген межесіне жетері анық. Қазір салғырттық пен бейжайлыққа салынатын кез емес. Мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білу қажет.
20.09.2016
«Жағдайын қалай, студент?»

2016 жылдың 15-16 қыркүйек күндер Ақтөбе облысының жастар саясаты мəселелері басқармасының Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы ЖОО-ның жатақханаларындағы студент жастардың жағдайымен танысу жəне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарына сəйкес бірқатар кездесулер өтті.
20.09.2016
«Жастар және қоғам»

«Жастар алып-күш».2015 жылдың 9 ақпан күні жарыққа шыққан «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңда мемлекеттік жастар саясатының басты үш міндеті қамтылып отыр. Атап айтқанда, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тарту, азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизмді нығайту көзделеді. Ал мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарында олардың ішінде қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұмыспен қамту, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту шаралары қамтылады.
15.09.2016
Қазақстандық компаниялар халықаралық конференцияда өз тәжірибелерімен бөлісті

Бурятияда «Ресей мен Еуразия елдерінің зейнетақы реформалары: проблемалар мен шешімдер» тақырыбында конференция өтті. Қазақстанды «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ білдірді. Біздің еліміз үшін басқа елдердің халыққа қызмет көрсетудегі тәжірибелерін зерттеу мүмкіндігі ерекше назарда болды.
15.09.2016
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкіметте» бірқатар іс-шаралар өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-та сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» – дәл осы тақырыпта мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының, Астана қаласы бойынша дирекциялары мен департаменттерінің жұмыскерлері үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді.
14.09.2016
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 1-ші республикалық спартакиадасының жеңімпаздары анықталды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ департаменттері арасында жалпы командалық есепте бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы алды. Ал футбол бойынша бірінші орынды Қостанай облысы, волейбол мен шахмат бойынша ОҚО құрамасы, арқан тартуда Маңғыстау облысының құрамасы, эстафетада Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы алды.
13.09.2016
2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 6,35 трлн. теңгені құрады. Шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,15 млн. бірліктен асты, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалғаны шамамен 9,7 млн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны – 405 713 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 075 бірлік.
13.09.2016
БЖЗҚ туралы 5 сұрақ

БЖЗҚ-дағы салымшылардың жалпы саны және зейнетақы жинақтарының сомасы бүгінде қандай?
06.09.2016
БЖЗҚ туралы 5 сауал

БЖЗҚ-дағы салымшылардың жалпы саны және зейнетақы жинақтарының сомасы бүгінде қандай?
02.09.2016
Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпарат үшін

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2016 жылдың 20 сәуірінен бастап, 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрі - АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерістер енгізуімен байланысты, қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінің кеңейтілуі туралы хабарлайды.
18.08.2016
БЖЗҚ ұялы қосымшаны жаңартты

2016 жылдың шілде айында БЖЗҚ ұялы қосымшасы жаңартылып, 2.0 нұсқада шықты, ол қосымшаның бірінші нұсқасына қатысты пайдаланушылардың тілектері мен пікірлерін ескерген өзгерістерді қамтиды. Қазір жаңарту Android платформасына арналған Play Market ішінде тұр. Жақын арада iOS пайдаланушылары үшін де жаңарту шығады.

Беттер