Жаңалықтар

21.02.2018
Алкоголь өнімдерінің саудасына лицензия алу айтарлықтай жеңілдейді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің құзырындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Биылғы жылдың соңына дейін кәсіпкерлер үшін алкогольдік өнімдерді сақтау, көтермелеп және жекелеп сатуға лицензия алу айтарлықтай жеңілдейді.
19.02.2018
Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Енді азаматтар мемлекеттік органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзінде апаруға міндетті емес.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің тапсырмасымен электрондық үкімет порталында «Анықтамасыз қызмет» - «Paper free» сервисі іске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкіндік береді. «Биыл 25 қаңтардан 5 ақпанға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 312 мың электрондық анықтама берілді. Бұл орайда біз сауалнама жүргізіп, анықтамалардың 45 пайызын азаматтар коммуналдық қызметтер мен білім беру мекемелеріне тапсыру мақсатында алғанын анықтадық»,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.
19.02.2018
Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.
«Цифрландыру саласында сіздер құзыретті орталыққа айналу керексіздер. Бұл үшін сіздерде барлық ресурстар мен мүмкіндік бар. Мобильді үкіметті қалыптастыру үшін мекемелердің ақпараттық жүйелерін біріктіру үрдісін қарқынды түрде жүргізіп, халықты жаңашылдықтар туралы құлағдар етуге де күш салыңыздар», - деді А. Жұмағалиев.
15.02.2018
5 сұрақ

2018 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақының өсетіндігін естідім. Осы туралы білгім келеді. Тағы бір сұрақ, биыл Қазақстанда ең төмен және орташа зейнетақының мөлшері қандай?Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен екі түрлі зейнетақы төленеді. Бірі - ортақ (еңбек) зейнетақы болса, екіншісі - базалық зейнетақы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ зейнетақы 8 пайызға, ал базалық зейнетақы 6 пайызға өсті. Осылайша, базалық зейнетақыны ескере отырып айтар болсақ, қазіргі таңда елімізде ең төмен зейнетақы 40 019 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері 71 333 теңгені құрайды. Бұл өзгеріс барлық зейнеткерлерге тиесілі.
13.02.2018
Нәрестені тұрғылықты жері бойынша SMS арқылы тіркеуге болады

Енді SMS-хабарлама арқылы жаңа туған баланы тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде тіркеуге болады. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның «Азаматтарға арналған үкімет» ұсынатын проактивті қызметтердің аясын кеңейту туралы отырысында осындай шешім қабылданды.
Қызмет алушы SMS-хабарламаға жауап ретінде өзі тіркеуде тұрған жердің мекенжайын жазып жіберсе, меншік құқығы туралы мәліметтер тексеріліп, меншік иесі рұқсат берген жағдайда нәрестені көрсетілген тұрғылықты жерге тіркейді.
25.01.2018
Ашық есік күні» «Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету

  2018 жылдың 24 қаңтарында бағыныстағы жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп «Ашық есік күні» «Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.      Аталған шараны  өткізе отырып алдын ала  арнайы хабарландыру аудандық alga.aktobe.gov.kz сайтына орналастырылды, сонымен қатар тұрғындарға хабарлама таратылды.  Өткізілген шараның басты мақсаты: көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, халықпен кері байланысты қамтамасыз ету және түсіндіру жұмыстарын ашық сапалы жүргізу.
24.01.2018
Қазақстандық автожүргізушілер жаңа мүмкіндікке ие болды

Биыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ішкі істер министрлігімен бірге автокөлік иелеріне жаңа мүмкіндік ұсына бастады. Енді көлікке әдемі нөмір алғанда, сандарды ғана емес әріптерді де таңдауға болады.
20.01.2018
БЖЗҚ электрондық қызметтері

«БЖЗҚ» АҚ алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – тұрғындарға әлемдік стандарттарға сәйкес сапалы зейнетақы қызметін көрсету. Қор зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында әрбір азаматқа зейнетақы қызметіне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету стратегиясын алдына мақсат етіп қойып отыр. Ал оған жету үшін тікелей, қашықтықтан және өзіне-өзі қызмет көрсету жүйелерін дамыту қажет.
14.01.2018
Астанада цифрлық және миграциялық ХҚКО ресми түрде ашылды

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және миграциялық қызмет комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов, Астана қаласы ІІД басшысы Марат Қожаевтың қатысуымен миграциялық және цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ресми ашылу салтанаты өтті.
13.01.2018
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қарақұдық ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері мен Тікқайын ауылының тұрғындарының назарына!
09.01.2018
Ақпараттық хабарлама

«Алға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-і, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығына сәйкес, жергілікті бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, мемлекеттік қолдауға берілетін субсидияларды алу мақсатында Алға ауданына қатысты ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.
Анықтама телефоны: +7/71337/ 4-21-49
05.01.2018
«Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы бірінші «проактивті» балаға туу туралы куәлік табыс етті

Мемлекеттік қызметтерді проактивті принцип бойынша алған алғашқы қазақстандық Астана қаласының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нәрестесі Айымға туу туралы куәлігін мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов табыс етті.
04.01.2018
5 сұрақ

«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз.
03.01.2018
Бүгін қазақстандықтар алғашқы рет мемлекеттік қызметке проактивті тәсілмен қол жеткізді

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған азаматты тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады. Бала өмірге келісімен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады.
25.12.2017
Ауылдық әкімдіктерде «Электронды қызмет алу бұрыштары» жұмыс жасай бастады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту, сондай ақ, электрондық форматта қызметтерді алушылардың санын көбейту мақсатында Алға аудандық әкімдігімен Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коропорациясы КЕАҚ Алға аудандық бөлімшесімен бірлескен жоспар құрылып, халыққа электрондық цифрлық қолтаңба алу және оның көмегімен қызметтерді электронды түрде алудың маңыздылығы туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. Осы орайда, 4- тоқсанда ауданның ауылдық округтерінде, денсаулық сақтау саласы, білім мекемелерінде оқыту семинарлары өтуде.

Беттер