Жаңалықтар

22.08.2017
Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндігі туды

Азаматтарға арналған үкіметте тағы да кезекті пилоттық жоба – «Сіздің дербес менеджеріңіз» іске қосылды. Дербес менеджер қызметін пайдаланған адам түрлі анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады. Дербес менеджер мемлекеттік қызметті жеке көрсетеді, қажетті анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру береді және т.б.
14.08.2017
12 тамыз күні Алға қаласында ауданның жергілікті тауарөндірушілері нің қатысуымен жәрмеңке өтті.

12 тамыз күні Алға қаласында ауданның жергілікті тауарөндірушілері нің қатысуымен жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде 400 кг ірі қара еті 1300 теңгеден, 150 кг қой еті 1100 теңге , үйрек 1 кг 1200 теңгеден және 2 тонна көк- өніс базар бағасынан 20-30 пайыз төмен сатылды.Аталған шара әр сенбі сайын жалғасын табады.
11.08.2017
Маржанбұлақ а/о жаңа Әкімі тағайындалды

Ағымдағы жылдың 11 тамызында, Маржанбұлақ мәдениет үйінің акт залында Алға ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сисенова Гүлназ Сағынқызы ауыл тұрғындарына аудандық мәслихат депутаттарымен сайланған жаңа округ әкімін таныстырып өтті. Алға ауданы әкімінің өкімімен Маржанбұлақ ауылдық округ әкімі болып Шабаров Жомарт Мырзабекұлы тағайындалды. Жаңа басшыны таныстыру сәтінде аудан басшысы лауазым иесінің жұмысына табыс тілеп, Маржанбұлақ ауылдық округ халқының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтерудегі қызметінде Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды тапсырды.
10.08.2017
Ауданда облыстың терроризмге қарсы комиссия хатшылары бас қосты

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевпен ағымдағы жылдың 13 мамырында «12 нәтижелі терроризмге қарсы комиссия» жобасы бекітілген болатын. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Алға аудандық терроризмге қарсы комиссияның қызметі үздік деп танылды.
08.08.2017
ХАБАРЛАНДЫРУ

Алға қаласы бойынша жергілікті қауымдастық мүшелері мен
қала тұрғындарының назарына!
2017 жылдың 11 қыркүйегі күні сағат 15.00-де Алға аудандық мәдениет үйінде Алға қаласы бойынша жергілікті қауымдастық мүшелері мен қала тұрғындарының жиналысы өтеді.
Күн тәртібіндегі мәселе: «Алға қаласының моральдік ескірген көшелеріне жаңадан атау беру» туралы.
31.07.2017
Ерікті зейнетақы жарналары

Бүгінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұратыны белгілі. Оның құрамындағы ортақ және жинақтаушы зейнетақы құрамдауыштары өзара оңтайлы үйлестірілген.
29.07.2017
Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады

Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туылуын тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады.
29.07.2017
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынамалар

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.
Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.
Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.
Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.
Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.
Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.
Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.
Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.
Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б.үйретіңіздер.
28.07.2017
23-маусым мемлекеттік қызметшілер күні!

Алға ауданы әкімдігі 23-маусым ҚР Мемлекеттік қызметшілер күнін атап өтті. Шараны аудан әкімі М.Абдуллин ашып мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап бірқатар мемлекеттік қызметшілерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті және мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада ұйымдастырылып өз мәресіне жетті. Спартакиадаға 6 команда қатысты олар: Алға ауданы әкімдігі, Алға аудандық ТЖБ (ЧС), Алға аудандық ішкі істер бөлімі (РОВД), Аудандық кірістер басқармасы және ауылдық округтерден 2 команда шықты. Спартакиада 4 спорт түрі бойынша ұйымдастырылды.
28.06.2017
Хабарландыру

Алға қаласы бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері мен қала тұрғындарының назарына! 2017 жылдың 31 шілде күні сағат 15:00-де Алға аудандық мәдениет үйінде Алға қаласы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өтеді. Күн тәртібіндегі мәселе: «Алға қаласының моральдік ескірген көшелеріне жаңадан атау беру» туралы.
25.06.2017
Жаһандық айтулы шара – биылғы түлектердің жүрегінде

Өткен демалыс күні қаламыздың мәдениет үйінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты мен миектеп бітіруші түлектеріміздің «Жастар фестивалі» атты мерекелік шара өтті. Сахнада Лед-экраннан «ЭКСПО-2017нің» эмблемасы көрсетілген соң, патриоттық әндер шырқалынып, «ЭКСПО-2017» жастар флешмобы биленді. Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме өз есігін айқара ашуда. Павильондар дайындауға 100 ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым қатысады. Көрмеге 2 миллион турист келіп, кетушілердің жалпы саны шамамен 5 миллионды құрайды деп болжанады. «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу салтанатына видео-ролик көрсетілді.
21.06.2017
Медицина қызметкерлері күні.

Жаздың жайма шуақ күндерінде аталып өтетін мерекенің бірі- маусымның 18-ы - Медицина қызметкерлері күні.
Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Медицина кәсібі-адамгершіліктің асылы. Бұл күнде халықтың өз дәрігерлеріне деген ерекше ықыластарын жасырмай, өз алғыс тілектерін білдіреді. Әрине, аса жауапкершілікке толы дәрігер мамандығын игеру үшін көп еңбек ету қажет.
Қазіргі заманғы медицина қызметкерлерінің міндеттері – отандық денсаулық сақтаудағы ең жақсы дәстүрлерді жоғалтпай, әлемдік тәжірибені игеру. Бүгін медицина қызметкерлері өздерінің күнделікті тәжірибесінде медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, медициналық күтімді жетілдіру және денсаулық сақтау жүйесінде шығындарды төмендету бағыты бойынша айтарлықтай үлес қосуда.
20.06.2017
Алға ауданы бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысы

2017 жылдың 13 маусым айында «Алға аудандық Жұмыспен қамту орталығы» «Алға аудандық индустриалды-техникалық колледж» ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
19.06.2017
Астанада Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті

2017 жылғы 16 маусымда Астана қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті.
12.06.2017
БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңіріндегі салымшыларға қызмет көрсетеді

БЖЗҚ әрбір салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылуда.

Беттер