Жаңалықтар

07.02.2013
ҚАРТТАР ҚАНАТТАНЫП ҚАЙТТЫ

«Құрметтесең кәріңді, жарылқармын бәріңді» дегендей, өз уақытында өңірдің өркендеуіне үлес қосып, тұғырлы тәуелсіздіктің іргесін қалаған еңбек ардагерлеріне, көп жасаған көнекөз қарияларымызға құрмет көрсетіп, олардың өнегелі өмірін өсер ұрпаққа үлгі ету – ежелден қалыптасқан ата салтымыз, адамдық парызымыз. Осы мақсатта аудандық ақсақалдар кеңесінің және мүгедектер қоғамының төрағалары Есентай Сүлейменов пен Аман Жармұхановтың ұсынысына қолдау көрсеткен аудан әкімі Айбек Сағиев қаңтар айының соңғы күндерінде аудан ақсақалдарының басын қосып, кездесу ұйымдастырды.
07.02.2013
МӘЖІЛІСТЕГІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Өткен сәрсенбіде аудан әкімі Айбек Сағиевтің жетекшілігімен қала, селолық округтер әкімдерінің және бөлім басшыларының қатысуымен мазмұнды мәжіліс өтті.
Күн тәртібіндегі 2012 жылы ауданда «Жұмыспен қамту - 2020» Бағдарламасының орындалу барысы және 2013 жылғы міндеттер туралы аудан әкімінің орынбасары Н.Ағниязов, қосымша аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ә.Шотаев, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Ж.Дауылбаев хабарлама жасады.
07.02.2013
Көшпелі қабылдау көңілден шықты

Биылғы жылдың жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімі Айбек Сағиев шалғай ауылдардағы тұрғындардың талап-тілегін ескере отырып, 12 селолық округте көшпелі қабылдау жүргізу кестесін белгілеген еді.
29.01.2013
Баспана мәселесі талқыланды

Өткен аптада Алға аудандық «Нұр Отан» ХДП мекемесінде партия төрағасының орынбасары Исламғали Бітік дөңгелек үстел өткізді.
29.01.2013
Ел бағалаған есепті жұмыстар

Белгіленген кестеге сәйкес Есет батыр Көкіұлы ауылында да селолық округ әкімі Арман Бошановтың өткен жылдың өзіндік жетістігі мен келер жылдың жоспарлы жұмысын жариялаған кезекті есеп беру жиналысы өтті
29.01.2013
Ортақ мақсат, жауапты міндет

Ауылдық округ әкімі Ұ.Лепесовтің жергілікті тұрғындармен өткізген есеп беруі, аудан әкімінің орынбасары Н.Ағниязовтың қатысуымен, Тікқайың ауылында, сағат 10-00-де басталып, 12-00-де Көктоғай ауылында, сағат 15-00 –де Қарақұдық ауылында жалғасты.
29.01.2013
Өзекті мәселе, оңтайлы шешім

Қаңтар айының ортасында Қарабұлақ селолық округінің әкімі Талғат Бердалин ауыл тұрғындарына 2012 жылғы атқарылған жұмыстарын қорытындылап, есеп берді. Жылдық есепті тыңдаушылар саны 85 адам, оның ішінде
29.01.2013
Тұрғындар талабы ескеріледі

Қаңтар айында белгіленген кестеге сәйкес Маржанбұлақ, Қайыңдысай, Қарағандысай ауылдарында селолық округ әкімі Болатбек Кангужин 2012 жылы атқарылған жұмыстарға байланысты тұрғындар алдында есеп берді. Әкім баяндамасында ауыл тірлігіне қатысты жоспарлы шаруаларды жан-жақты талқылап, тыңдаушылардың сауалдарына да жауап беріп отырды.
29.01.2013
Маңызды мәселе, межелі міндет

Тоқмансайға қарайтын 4 елді мекенде, кестеге сәйкес Тоқмансай селолық округінің әкімі Н. Жалашевтың 2012 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есеп беру жиналыстары өтті. Ауыл басшысы есептік баяндамасында әр сала бойынша атқарылған жұмыстарға жеке тоқталып, жіберілген кемшіліктер де ортаға салынды. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы ойдағыдай еместігі әсіресе тұрғындарды жұмыспен қамтуға қатысты атқарылар шаруа толық қолға алынбай отырғандығы сөз болды. Сонымен қатар халықтан көптеген сұрақтар түсті.
29.01.2013
Ауылдықтар ұсынысы назарға алынды

Сарықобда селолық округі әкімі Жасулан Умбеткулов Болгарка және Сарықобда ауылдарында өзінің кезекті жылдық есебін өткізді. Ертеңгілік сағат 10.00-де Болгарка ауылының Болгар мектеп-бақшасында өткен әкім есебіне Алға аудандық қаржы бөлімінің бастығы Тоғызбай Төлегенов және отыздан астам ауыл тұрғыны қатысты.
29.01.2013
Басты бағыт – малшаруашылығын дамыту

Бүгінде ауылшаруашылығы өнімдеріне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажеттігі туындап отыр. Мұндағы өзекті міндеттердің бірі - шағын және орта бизнес бірлестіктеріінің ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау шараларын жандандыру.
29.01.2013
Тұрғындар тұрмысы түзеледі

Алға қалалық округінің әкімі Талғат Сұлтанов өткен жылғы атқарған жұмыстар туралы қаланың шығыс жақ бөлігі («Лиман») тұрғындарына есеп берді. Қол жеткен жетістіктерді қысқаша баяндаған басшы алдағы міндеттерге де тоқталып өтті.
29.01.2013
Кемел ойдан туған кемеңгер шешім

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан–2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел өміріндегі саяси маңызы зор тарихи құжат ретінде бағалануда.
29.01.2013
Әлеуметтік қауіпсіздік – тұрақтылық кепілі

Қоғамдағы тұрақтылықтың басты кепілі – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттығы.Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы Жолдауын талқылауға арналған басқосуда мекеме басшысы Ж. Өмірзақ осы мәселеге кеңірек тоқталып, әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаларын айқындап берген Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында ұжым мүшелерін ұйымшылдықпен еңбек етуге шақырды.
21.01.2013
Достармен дәстүрлі кездесулер

Жаңа жыл ғажайыптар мен сыйлыққа толы кезең. Бұл кезде барлық тілектер орындалады. Ғажайыптың орындаларына бәрінен бұрын кім сенеді? Әрине, балалалар!

Беттер