Жаңалықтар

09.01.2013
Игі қадамдар жалғасы

Ақын Сағи Жиенбаев: Ел ұмытпас өзіңдей батырларды,Аңыз болып, жыр болып атың қалды, - деп жырлаған, Тәуелсіздік жолында қасық қаны мен шыбын жанын аямай, қазақ даласының әрбір сүйем жерін қорғап, қол бастап, қанды қырғын шайқастарға түскен, жақында ғана туғанына 345 жыл толып, кесенесінің тұрғызылуының 20 жылдығы кең көлемде аталып өткен батыр бабамыз , тама Есет Көкіұлының аудандық мәдениет үйінде ескерткіш мүсінінің ашылуы - кешегімізді түгендеп, бүгінгімізді ұлықтаудың жарқын көрінісі болды.
09.01.2013
Облыс әкімінің тартуы

Өткен жылы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Алға балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жасанды жамылғысы бар, заманауи талаптарға сай келетін футбол алаңын сыйға тартқан болатын. Өйткені бұқаралық спорт пен жеңімпаз спортшыларды тәрбиелеу - кешенді тәсіл мен жүйелі жұмысты талап етеді. Саламатты Қазақстандағы салауатты ұрпақ қана бәсекелестікке қабілетті болмақ. Осы бағытты ұстанған балалар үйінің тәрбиеленушілері талай белестерді бағындырып үлгерді, олардың бірқатары республикалық, облыстық жарыстардың жүлдегері атанды.Ұжым басшылары да жас спортшыларға барлық жағдайларды жасауда. Олар футбол алаңын қыста хоккей ойнау үшін жабдықтап, мұз айдынын төсеп, жан – жағын қоршады
28.12.2012
Жаңажылдық шара

Өткен дүйсенбіде, аудандық мәдениет үйінде «АкРоссПищеПром» ЖШС жалпы жиналысы өтті. Оны аудан әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров ашып, жиналғандарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ұжымның игі істеріне оң баға беріп, аудан әкімшілігінің атынан алғысын айтты. Тәуелсіздік күніне орай серіктестік директоры Вахтанг Джиеджиешвили облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталған болатын. Нағымжан Смағұлұлы оған Алғыс хатты табыс етіп, жаңа жетістіктер тіледі.
28.12.2012
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы

Өткен аптада аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясы болып, онда депутаттар мен шақырылғандар «Алға ауданының 2013 – 2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Гүлнар Ахметованың баяндамасын тыңдап, бекітті
19.12.2012
МЕРЕКЕЛІК ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай аудан орталығында ұйымдастырылған жәрмеңкеде ет және көкөніс өнімдері сатылды.
Қарабұлақ ауылынан 2 бас, Қарақобда, Бестамақ селолық округтері мен Алға қаласынан 1 бастан 6 ірі қара еті әкелініп, жергілікті халық қол жетімді бағамен сатып алды.
19.12.2012
Тәуелсіздік – бабалар аманаты

Тәуелсіз Қазақстанның көк Туын тұғырына қондырып, Әнұранын асқақтатып, Елтаңбасымен еленіп, әлемдік деңгейде танылғалы 21 жыл. Осы аралықта кең байтақ еліміз ұлттық құндылықтарын түгендеп, жан-жақты даму жағдайында биік белестерді бағындыра білді. Жыл сайын қазақстандықтар Тәуелсіздік мерекесін толымды табыстармен қарсы алып, ұйымшылдықпен тойлайды.
19.12.2012
Мерекелік интеллектуалдық – шоу

Еліміздің Тәуелсіздігінің 21жылдығына орай орталық кітапханада
ұйымдастырылған «Менің елім – күн келбетті, нұр сәулетті Қазақстан» интеллектуалды – шоу ойыны - өскелең ұрпақты ізденімпаз, білімді, ұлттық сана сезімі жоғары, ата – баба дәстүрін жетік білетін азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталды.
19.12.2012
Жас ұстаздар сайысы

№3 Алға қазақ орта мектебінде жүйелі оқу-тәрбие жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ұлылар үндестігі» атты мектептің жас ұстаздарының арасында көркем сөз сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа мектебіміздің 10 жас мұғалімі қатысып, бақтарын сынады.. «Абай әлеміне шолу» айдарымен болған бірінші кезеңде үміткерлер Абай Құнанбаев өлеңдерін жатқа оқу шеберліктерін көрсетті.
19.12.2012
Ауылда атқарылған жұмыс көп

Ақай селолық округі аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекен болса да, бірлігі мен тірлігі біте қайнасып жатқан ауылдардың бірі.
04.12.2012
Жаңа үй пайдалануға берілді

Елімізде жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар жаңа «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасына сәйкес отандық құрылыс саласы үшін жаңа мүмкіндіктер тууда. Оны біздің қаламыздың тұрмысынан да байқауға болады. Өткен айда қаламызда Байтұрсынов көшесінде 59 пәтерлі бесқатарлы үй пайдалануға берілсе, мемлекеттік мерекеміз – тұңғыш Президент күніне орай, өткен аптада М.Горький көшесінде жаңа сегіз пәтерлі екі қатарлы үй іске қосылды. Ол екі бөлмелі алты және үш бөлмелі екі пәтерден тұрады.
04.12.2012
Қайыңдысайлықтар қуанышы

Заман талабына сай Елбасының «100 мектеп, 100 балабақша, 100 аурухана» бағдарламасының орындалуы еліміздің барлық аймақтарында күн тәртібінен түспей, шұғыл жүзеге асырылуда. Үміт артар білімді ұрпақтың, жігерлі жастардың жарқын келешегін жоспарлаған Көшбасшының салиқалы саясаты арқасында білім нысандарының құрылысы кеңеюде. Ақтөбе облысында осы жылдың өзінде 6 жаңа мектеп іске қосылса, жыл аяғына дейін тағы 5 мектеп пайдалануға берілмек. Бұл мәселеде облысымыз республика бойынша 2-орында.
04.12.2012
Тұңғыш тойланған тарихи күн

Елбасы десек, көзалдымызға талайды таңдандырған ару қала Астана келеді. Қазақстан десек, жел тербеген тәуелсіздіктің көк байрағы, қанатын кең жайған алып қыран мен айбарлы ақ барыс елестейді.Біздің нақты білерімііз – қазақ елінің бейбіт тынысы мен өзгелерден кем түспей жыл санап өсіп-өркендеуі де Елбасының сындарлы саясаты мен пайымды парасатының жемісі.
04.12.2012
Жасампаздықтың жарқын көрінісі

Арыстанбек Қайрушев, аудандық мәслихаттың хатшысы
22 қарашада әлем орталықтарының бірі саналатын Парижде Қазақстан дүниежүзілік ауқымдағы тағы бір биікке көтерілді. Еліміз, өте беделді «ЭКСПО» көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Елордамыз Астанаға «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығының берілгені жөніндегі қуанышты бүкіл қазақстандықтар сияқты ерекще ықыласпен қарсы алдым. Бұл – Отанымыздың экономикалық даму жолындағы жарқын жемісінің куәсі. Жеңістің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында келуінің терең мәні бар. Елбасымыздың жүргізіп келе жатқан халықаралық қатынастардан жоғары моральдық ұстаным талап ететін , бейбітшілік пен келісім саясатына елдер мен халықтарды жақындастыру жолындағы бастамаларына әлемдік қауымдастық тарапынан көрсетілген құрметтің дәлелі.
04.12.2012
Халық үшін үлкен сый

Әнуарбек Қонжар, аудан әкімшілігінің бақылау және сапа бөлімінің бастығы
Парижде өткен Халықаралық көрме бюросы Бас ассамблеясының 152 – сессиясында оған қатысушы 161 елдің жасырын дауыс беруі нәтижесінде 103 дауыспен Елордамыз Астана Бельгияның Льеж қаласынан оқ бойы озып шығып, «ЭКСПО – 2017» көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Бұл шара 2017 жылдың жаз маусымында үш ай бойы өткізілетін болады.
04.12.2012
Сенімнен шыға білейік

Аман Жармұханов, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы
Халықаралық көрмелер бюросының Бас Ассамблеясында Қазақстан басым дауыспен «ЭКСПО» халықаралық көрмесін 2017 жылы Астана қаласында өткізу құқығын жеңіп алуы, Н.Ә. Назарбаевтың беделімен байланысты екендігіне ешкімнің күмәні жоқ.

Беттер