Жаңалықтар

20.11.2012
Екпеге енжар қарамайық

Вакцинация – қазіргі заман медицинасына мәлім инфекциялық ауруларға қарсы қорғаныстың ең тиімді және экономикалық жағынан пайдалы тәсілі. Қазіргі кезде қоғамда екпеге байланысты әрқилы көзқарас қалыптасқан. Жекелеген адамдар арасында түрлі себептермен вакцинациядан бас тарту фактілері де кездеседі. Сондықтан осындай қате түсінікке жол бермей, екпенің тиімділігін дәлелдеу, инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында медицина саласында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
08.11.2012
Ұлық мереке-ізгілік бастауы

Барша мұсылман қауымына ортақ, адамзат бойындағы қайырымдылық пен мейірім шапағатты, жаратушы Аллаһ Тағалаға деген ықылас құрметті насихаттап, адам атаулыны ынтымақ бірлікке бастайтын қасиетті Құрбан айт мейрамын алғалықтар да өз дәрежесінде атап өтті.
08.11.2012
Төл мерекемен құттықтады

Биыл еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері 28 қазанда алғаш рет өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Осыған орай аудан әкімі Айбек Игілікұлы Сағиев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.
08.11.2012
Отанды қорғау-абыройлы қызмет

2012 жылғы 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында Ішкі әскерлер қолбасшысы, генерал – майор Жақсылықов Руслан Фатихұлының бастамасымен Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен Ішкі әскерлердің 20 жылдығына арналған «Ішкі әскерлер – нағыз ерлер үшін» айдарымен аймақтық деңгейде акция өткізу қолға алынып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Ішкі әскерлері Батыс құрамасының ақпараттық – насихаттау тобы Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының орталықтары мен елді мекендерінде ауқымды жұмыстар атқаруда. Өткен бейсенбіде атаулы акцияны ұйымдастырушылар Алғаға келді.
02.11.2012
Бақытын тапқан өнерден

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде осы мекеменің байырғы қызметкері, әріптестері арасында мәдениет майталманы атанған Сара Бейсембаеваның құрметіне әншінің туған күнімен қатар келген « Өнердегі өмірім » атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.
02.11.2012
ЖЕҢІМПАЗ ПӘТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы. Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында «Әрбір елді мекенде, соның ішінде ауылдық, сондай – ақ әрбір мекеме мен кәсіпорында белсенді демалысты, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасау жөн» деп атап өткен болатын. Бұл бағытта ауданымызда да бірқатар жұмыстар жүргізіліп, ол өзінің нәтижесін беруде.
17.10.2012
СПОРТ - ТОЙДЫҢ СӘНІ

Білектің күшімен, найзаның ұшымен шапқыншылардан жерімізді қорғап, еліміздің әлеуеттілігін танытқан Есет батыр Көкіұлы бабамыздың 345 – жылдығына арналып ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыстар, осы тойға өзіндік шырай берді.
Ойындарды тамашалауға келгендердің санының көпшілігі соншалық , алдыңғы шептерде ине шаншар орын болмағандықтан бірқатары оны алыстан тамашалауға ғана мүмкіндік алды.
17.10.2012
Еске алып батыр бабаны,Ас беріп жатыр ел-жұрты

Қашан да тарихын ұлықтамаған жұрттың бағы жануы екіталай. Өткен күннің өшпес ерлікке толы беттерін парақтаған сайын өнегелі өр тұлғаларымыз, қазақтың қайсар батырлары, алаштың айбынды азаматтары жайлы құнды деректер алдымыздан шығады. Шешеннің дауда, батырдың жауда сыналған сәттерін де тарих қойнауын терең зерттеу арқылы танып, білеміз.
17.10.2012
Ерлікке тағзым – ұрпақтар міндеті

Алға аудандық мәдениет үйінде өткен ғылыми – тәжірибелік конференцияны жергілікті өнерпаз Қанат Үсенбаев осы басқосуға арналған арнау өлеңмен ашты
17.10.2012
Есет батыр Көкіұлының туғанына 345 жыл Ердің даңқын ел шығарады Облыс әкімі Алғаға келді

Өткен сенбіде облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов кезекті жұмыс сапарымен аудан орталығында болып, жекелеген өндіріс орындары мен мекемелерді аралады.
17.10.2012
ХҚКО арқылы жүргізіледі

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV «Неке және отбасы туралы» Кодексін басшылыққа ала отырып азаматтық хал актілерін тіркеу мемлекеттік қызметі жүзеге асырылады.Туу, қайтыс болу,некені бұзу азаматтық хал актілерін тіркеу ағымдағы жылдың 01 маусымынан бастап ХҚКО арқылы жүргізіле бастады.
17.10.2012
Мемлекеттік қызмет-маңызды міндет

Мемлекеттік қызмет - бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерге көрсетіліп отырған үлкен сеніммен қатар, көптеген жауапкершіліктер де жүктейді.
17.10.2012
Пайдаланылмайтын жер қайтарылуы тиіс

Бүгінде жариялылықты қажет ететін мәселенің бірі – жерді пайдалану мәселесі. ҚР Конституциясы негізінде қабылданып 2003 жылы жарық көрген «Жер кодексінде» жер мемлекеттік меншікте екендігі айқындалған. Жерді пайдалану құқығын алып жүргендер оны меншіктеп алды. Жердің иесі кім екенін бүгінде халықтың барлығы бірдей біле бермейді.
05.10.2012
Едігені еске алды

«Жастық жігер» аула клубында , ортамыздан ерте кеткен, ұзақ жылдар бойы аудандық газетте істеген, марқұм Едіге Жармұхамбетовті еске алуға арналып шахматтан турнир өтті. Жарысты аудандық шахмат федерациясының төрағасы, спорт ардагері Виктор Сивирин ашты.
21.09.2012
Тағы да тариф туралы

Жыл сайын тариф атаулының көтерілетін әдеті бар. Биыл да солай болғалы отыр.Тарифтардың өсуіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы «Шекті тарифтерді бекіту туралы» қаулысына сәйкес тарифтер бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін орындарда шикізат пен материалдар, отын, электр энергиясы құнының өсуі себеп болды.

Беттер