Жұмысқа орналастыру

Жұмыспен қамту мәселелерi
2017 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту орталығына жұмыс iздеп келушiлер саны 1912 адам, тiркелген жұмыссыздар саны 66 адам, оның ішінде 25 адам жұмысын жоғалтқандар, яғни ресми тiркелген жұмыссыздар деңгейi 0,3 пайызды құрап, өткен жылдың осы мерзіміндегі деңгей сақталды.
Аудан бойынша жыл басынан 593 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл 2015 жылғы осы мерзiм көрсеткiштерiмен салыстырғанда 102,2 пайызға орындалды. Жылдық жоспар (450 орын) 131,8 пайызға орындалды.
Жыл басынан бері 883 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды немесе барлық тіркелген жұмыс іздеушілердің 46,2 пайызды құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 156,3 пайызға орындалды.
«Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша жоғарғы және орта оқу орындарын бітіріп келген жас түлектер қатарынан 84 адам, оның ішінде 41 адам жергілікті бюджет қаржысынан және 43 жас маман республикалық бюджет қаржысы есебінен әр түрлі мекемелерде тәжірибеден өтуге жолданды.
Жұмыссыздардың мақсатты тобына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарына 81 адам, оның ішінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен 42 адам, республикалық бюджет қаржысы есебінен 39 адам жолданды.
Жыл басынан жұмыссыздар арасынан 46 адам, оның ішінде 7 адам жергілікті бюджеттен және 39 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіптік оқуға жолданып, оқуларын бітірген 34 адам, оның ішінде 2 адам көгалдандырушы және 11 адам тракторшы есебінде жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар жыл басынан 639 жұмыссыз азаматтар (оның ішінде 302 жастар жазғы каникул кезінде тартылғандар) қоғамдық жұмыстар атқаруға жiберiлiп, олар экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк тиiмдiлiгi бар жұмыстар атқарды. Жылдық жоспар (300 адам).