Жобалар

ЖОБА
Алға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 48 "Алға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін сондай-ақоларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілері туралы" Заңының 26 бабынасәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 48 "Алға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерімен тәртібін сондай-ақоларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5891 тіркелген, 2018 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Алға ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативті кқұқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Ахметоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелі конкүнөткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Аққағазов
БАСПА - РЕЛИЗІ
Аудан прокуратурасымен Алға ауданы аумағында 2020 жылдың өткен кезеңінде қоғамдық және жол қауіпсіздігіне қол сұғатын құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (әрі қарай - ӘҚБтК) талаптарының сақталуына талдау жүргізілді.
Талдау барысында аудандық полиция бөлімімен (әрі – қарай ПБ) әкімшілік құжаттар бойынша ӘҚБтК-нің талаптарының бұзылуына, яғни хаттама толтыру барысында әкімшілік бұзушылықтарды заңға сәйкес дұрыс дәрежеленбеуінежол берілетіні анықталды.
Мысалы, 03.02.2020 жылы Алға аудандық ПБ учаскелік полиция инспекторы Н.Шериповпен азамат Қ. қатысты ӘҚБтК-нің 492-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасына сәйкес, азамат Қ.тұрғылықты жері бойынша 21.12.2019 жылдан бастап 03.02.2020 жылға дейін жарамсыз жеке куәлікпен тұрғаны анықталған.
Демек, осы хаттамаға сәйкес құқық бұзушының әрекеті бір айдан астам мерзімде жарамсыз жеке куәлікпен тұрғаны үшін ӘҚБтК-нің 492-бабының 2-бөлігімен дәрежеленуі тиіс еді.
Дәл осындай жағымсыз жағдай, басқа да толтырылған әкімшілік хаттамалар бойынша орын алған.
Аталған заң бұзушылықтарды жою және болашақта оларға жол бермеу мақсатында Ақтөбе облысы полиция Департаментінің жергілікті полиция қызметіне прокурорлық қадағалау актісі жолданды.
Алға ауданының прокуратурасы
БАСПА - РЕЛИЗІ
Алға ауданының прокуратурасы 2018-2019 жылдар және ағымдағы жылдың өткен кезеңінде коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерді жалға беру барысында заңдылықтың сақталуына және жалға алушылармен тұрғынжайды жалдау шартында көзделген жалға алу ақысын төлеу міндеттерінің орындалуына талдау жүргізді.
Нәтижесінде, коммуналдық тұрғын үйлерді жалға алғаны үшін 76 жалға алушымен мемлекеттік бюджетке 2,9млн. теңгеден астам берешек төленбендігі анықталды.
Аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Алға ауданының прокуратурасы
БАСПА-РЕЛИЗІ
Республикалық, облыстық бюджеттің нақтылануына байланысты және аудан маслихаты депутаттарының бастамасымен Алға аудандық бюджетіне 2020 жылға мынадай өзгерістер мен толықтықтырулар енгізу ұсынылып отыр.
Жыл басында облыстық бюджетке бөлінген мына нысаналы трансферттердің көлемдері өзгертіліп:
Көбейтуге:
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстарына – 50 000,0 мың теңге;
Өзгерістер мен толықтырулар енгізгенде, бюджеттің кірістер жағы 11 543 380,8мың теңге, шығындар 12 554317,1мың теңге көлемінде бекітуге ұсынылады.
«Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 323 «2020-2022 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы шешім жобасы http://alga.aktobe.gov.kz/ сайтында 2020 жылдың 27 шілдесінде, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 16 шілдесінде 2020 жылы орналастырылды.
БАСПА-РЕЛИЗІ
«Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 346 «2020 жылға арналған Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне
«Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 346 «2020 жылға арналған Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы».
Аталған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1.2020 жылға арналған Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне келесідей әлеуметтік қолдау көрсетілсін»:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
«Алға ауданы бойынша салық салу объктісінің орналасуын
ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы Алға ауданы әкімінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі №130 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына БАСПА-РЕЛИЗІ
Алға ауданы әкімінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 «Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту» туралы қаулысының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 168«Аудан, қала, ауылдық округтерінің әкімі аппараттарының және Алға ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қаулы жобасының
БАСПА-РЕЛИЗІ
«Алға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен «Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 168 «Аудан, қала, ауылдық округтерінің әкімі аппараттарының және Алға ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қаулы жобасы әзірленді (бұдан әрі – қаулы жобасы).
Қаулы жобасын қабылдау мақсаты нормативтік-құқықтық актіні қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру.
Қаулы жобасын жүзеге асыру әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электронды Үкімет» порталының НҚА бөлігінде (24.07.2020. – 07.08.2020ж.)
ЖОБА
Алға ауданы әкімдігінің 2019жылғы 29 сәуірдегі № 168«Аудан, қала, ауылдық округтерінің әкімі аппараттарының және Алға ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Заңының 31 бабына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20шілдедегі №05-06/6715 ақпараттық хатынасәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ:
1. Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29сәуірдегі №168«Аудан, қала, ауылдық округтерінің әкімі аппараттарының және Алға ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6123 болып тіркелген, 2019 жылығы 13мамырда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Алға ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары Г.Ахметоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алға ауданының әкімі
М.Аққағазов
Алға қаласының аумағында шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабынажәне Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 13шілдедегі № 2-6-3/68 ұсынысы негізінде, Алға қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға қаласының Әбубәкір көшесінде мүйізді ірі-қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. «Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм оныңалғашқыресми жарияланғанкүнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Алғақаласыныңәкімі
Сурбаев Н.И.
ЖОБА
Алға қаласы аумағында шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 25мамырдағы № 2-6-3/51 ұсынысы негізінде Алға қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға қаласы Комсомольская және Сарыжайлау көшелерінде мүйізді ірі-қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. «Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм оныңалғашқыресми жарияланғанкүнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Алғақаласыныңәкімі
Сурбаев Н.И.
«Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 323 «2020-2022 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешім жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ
Республикалық, облыстық бюджеттің нақтылануына байланысты және аудан маслихаты депутаттарының бастамасымен Алға аудандық бюджетіне 2020 жылға мынадай өзгерістер мен толықтықтырулар енгізу ұсынылып отыр.
Жыл басында облыстық бюджетке бөлінген мына нысаналы трансферттердің көлемдері өзгертіліп:
Азайтуға:
- Бескоспа ауылдық округінің тұрғын массивінің газ тарату желілерін салудан -4232,0 мың тенге;
- Қайыңдысай ауылдық округінің тұрғын массивінің газ тарату желілерін салудан –1338,0 мың теңге;
- Маржанбұлақ ауылдық округі автомобиль жолдарын қайта құрудан -70 637,0 мың теңге;
- Маржанбұлақ ауылдық округі автомобиль жолдары құрылысына 7245,0 мың теңге;
Өзгерістер мен толықтырулар енгізгенде, бюджеттің кірістер жағы 11803839,8мың теңге, шығындар 12 806776,1мың теңге көлемінде бекітуге ұсынылады.
«Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 323 «2020-2022 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы шешім жобасы http://alga.raimaslihat.kz/сайтында 2020 жылдың 10 маусымда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 1 маусымда2020 жылы орналастырылды. Алға ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 10 маусымдағы №52 хатымен алынды.
ЖОБА
Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 323
«2020-2022 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9 бабының 2 тармағына және 106, 109 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 323 «2020-2022 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6634 тіркелген, 2019 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта
1) тармақшасында
кірістер - «12 004 981,8» сандары «11 803 839,8» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде:
салықтық түсімдер - «846 616» сандары «830 110» сандарымен ауыстырылсын;
салықтық емес түсімдер - «31 433» сандары «41 433» сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімдері - «11 098 245,8» сандары «10 903 609,8» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында
шығындар - «12 085 683,8» сандары «12 806 776,1» сандарымен ауыстырылсын;
3) тармақшасында
таза бюджеттік кредит беру- «93 717» деген сандары «526 188,6» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - «119 295» деген саны «551 766,6» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшасында
бюджет тапшылығы - «-182 419» сандары «-1 537 124,9» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшасында
бюджет тапшылығын қаржыландыру - «182 419» сандары «1 537 124,9» сандарымен ауыстырылсын;
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2 651 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 31 183 теңге;
2020 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2 778 теңге;
2) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 32 668 теңге көлемінде белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын».
Келесі мазмұндағы 4-1) тармағымен толықтырылсын:
«4-1) 2020 жылға арналған аудандық бюджетте келесі көлемде облыстық бюджетке түсетін ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсін:
ветеринария бойынша функциялардың өзгеруіне байланысты ысыраптарды өтеуге - 40 611,2 мың теңге;
төтенше жағдай енгізілуіне байланысты 117 579 мың теңге»;
6 тармақта
екінші абзацта -«143 434» сандары «218 546» сандарымен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта -«50 587» сандары «169 674» сандарымен ауыстырылсын;
оныншы абзацта -«1 458 905» сандары «1 055 604» сандарымен ауыстырылсын;
және келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«шағын және орта бизнес субъектілеріне салықтық жүктеменің азаюына байланысты ысыраптарды өтеуге 6 506 мың теңге»;
7 тармақта
үшінші абзацта - «768 002» сандары «648 002» сандарымен ауыстырылсын;
төртінші абзацта - «119 957» сандары «399 183» сандарымен ауыстырылсын;
8 тармақта
бесінші абзацта - «22 456» сандары «15 856» сандарымен ауыстырылсын;
сегізінші абзацта- «181 220» сандары «71 751» сандарымен ауыстырылсын;
он тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
жиырма екінші абзацта- «47 850» сандары «16 502» сандарымен ауыстырылсын;
және келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға 20 800 мың теңге»;
«төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етуге 50 560 мың теңге».
Келесі мазмұндағы 9-1) тармағымен толықтырылсын:
«9-1) 2020 жылға арналған аудандық бюджетте Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін қарыздар түсімдерінің көлемі 1 354 705,9 мың теңге сомасында ескерілсін».
2.Көрсетілген шешімнің 1қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Алға аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихат сессиясының төрайымы
Г. Джармухамбетова
Алғааудандықмәслихатыныңхатшысы
Б. Жумабаев
ЖОБА
Алға ауданының 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымдарының схемасы бекітілсін.
2. «Алға аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Осы қаулының Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары А.Бошановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға ауданының әкімі М.Д.Аққағазов
Жобаны енгізген:
Алға аудандық жер
қатынастары бөлімі» ММ басшысы Е.Бекіш
Алға ауданы әкімінің
2020 жылғы «__»________
№___ қаулысына қосымша
Алға ауданының 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымдарының схемасы
Шартты таңбалар және белгілер: Шекаралас жерлер:
Аудан шекарасы А-Б –ға дейін Мартук ауданының жерлері
Ауылдық округ шекарасы Б-В–ға дейін Ақтөбе қаласының жерлері
елді мекен жерлері санатындағы В-Г –ға дейін Хромтау ауданының жерлері
жайылымдық жерлер
Г-Д –ға дейін Мұғалжар ауданының жерлері
ауыл шаруашылық жерлері
санатындағы жайылымдық жерлер Д-Е –ға дейін Темір ауданының жерлері
Е-А –ға дейін Хобда ауданының же
Қарабұлақ ауылдық округінің Аманкелді ауылы аумағында шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы шешім жобасының
БАСПА-РЕЛИЗІ
«Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Қарабұлақ ауылдық округінің Аманкелді ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің жобасы әзірленді. (бұдан әрі- шешім жобасы)
Шешім жобасын қабылдау мақсаты Қарабұлақ ауылдық округі Аманкелді ауылының жеке тұрғындарының мүйізді ірі-қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу.
Шешім жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.
Шешім жобасын жүзеге асыру әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы «Электронды Үкімет» порталының НҚА бөлігінде (26.05.2020ж. – 09.05.2020ж.) орналастырылды.
ЖОБА
Қарабұлақ ауылдық округінің Аманкелді ауылы аумағында шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 2-6-3/50 ұсынысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарабұлақ ауылдық округінің Аманкелді ауылы аумағында, ауылшаруашылығы құрылымдарынан басқа мүйізді ірі-қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. «Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Е.Махамбетов
Добавлено: 
29.04.2016 - 05:00
Последние изменения: 
01.01.2020 - 05:00