Әлеуметтік көмек

Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жәрдемақылар туралы Заңдарын іске асыру және құжжаттарды қабылдауды аудандық Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Азаматтарға арналған үкімет» МК және қала мен селолық округтерде мамандарының қатынасуымен жүргізіледі. Барлық аумақтық округтерде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аумақтық округтерде 13 учаскелік комиссиялар қажетті жұмыстар жүргізуде. Есептік мерзімде ауданда аз қамтылған 10 отбасы, құрамында 36 адам анықталды.
2016 жылдың 12 айында құрамында 36 адамы бар аз қамтылған 10 отбасына, 1880,9 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы №1092 Қаулысына сәйкес, жиынтық табысы төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін 1382 отбасыларына (18 жасқа дейінгі 3721 балалары бар) 66696,5 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді.
Сонымен қатар 2017 жылдың 1 қаңтарына «Өрлеу» бағдарламасына құрамында 30 адамы бар 6 отбасы қатынасты, оларға 843,8 мың теңге төленді