Әкім есебі

Алға ауданының әкімі М.Абдуллиннің тұрғындар алдындағы «Алға ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және
2017 жылы алға қойған міндеттер» есеп баяндамасы
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткізілетін барлық деңгейдегі әкімдердің дәстүрлі есептік кездесулері атқарылған жұмыстардың сапалы өлшемі мен жасалып жатқан жобаларды бағалаудың және келешектегі жоспарларды айқындаудың өзіндік белесіне айналды.
Ауданымыздың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылайтын болсақ, жалпы аудан бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының оң өзгерістері сақталуда, оған экономикалық көрсеткіштер дәлел бола алады.
2016 жылдың өткен кезеңі Алға ауданында мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асуы және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсуімен сипатталады.
Өткен жылғы есеп беру кездесуде аудан тұрғындарымен 4 мәселе көтерілген болатын, бүгінгі таңда 4-і де шешілді:
1) аудан бойынша мектептерде оқулықтардың жетіспеуін шешу (30,0 млн.теңге қаржы бөлініп, 100% қамтамасыз етілді.)
2) Алға қаласының биотазалау құрылыстарын, кәріз жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарын шешу (522,7 млн.тг. қаржы бөлініп, бүгінгі күнде «КазТеплоЭнергоМонтаж» ЖШС –мен жұмыстар жасалынуда, игерілген қаржы көлемі 192,1 млн.теңге. Биыл аяқталады деп күтілуде.)
3) Бесқоспа ауылына ауыз су құбырын жүргізу мәселесін шешу (168,3 млн.тг қаржы бөлініп, нысан пайдалануға берілді.)
4) аудандық орталық ауруханаға 1 жедел жәрдем көлігін бөлу мүмкіндігін қарастыру (Осы жылдың І-тоқсанында 1 жедел жәрдем көлігі сатып алынады.)
Аудан халқының саны қазіргі уақытта 40397 адамды құрайды немесе 3 жыл ішінде 1450 адамға көбейді (2013 жылы 38947 адам).
Ауданның 31 елді мекенінің барлығы Ақтөбе агломерациясының құрамына еніп отыр: олардың ішінде Алға қаласы - шағын қала және Маржанбұлақ ауылы- тіректі елді мекен.
Қазіргі таңда Алға қаласы мен 12 ауылдық округте құрылған жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдастықтарының жұмысы жүйелі түрде дамып келеді.
Сонымен бірге, 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық кеңестер құрылды. Қоғамдық кеңестің басты мақсаты – азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру болып табылады.
2016 жылы аудандық бюджеттің кірісі 828,8 млн.тг, орындалғаны 106,1%.
12 айда бюджеттің игерілуі 99,7% немесе 6764 млн.теңге.
Ауданның негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 11443,4 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,1% пайызды құрады (2015ж- 9858.9 млн.тг.).
- республикалық бюджет – 795,7 млн.теңге;
- жергілікті бюджет – 873,3 млн.теңге;
- жеке қаражаттар – 3748,7 млн.теңге;
- банк несиелері – 5232,0 млн.теңге;
- басқа да қарыз қаражаттары – 793,6 млн.теңге.
Өнеркәсіп саласында өнім көлемі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,8 % ға орындалып, 7171,6 млн.теңгені құрады. Оның ішінде:
- өңдеу өнеркәсібі 6439,7 млн.теңге;
- электр және газ 582,8 млн.теңге;
- су мен канализация 149,1 млн.теңге.
«Өңірлік индустриалды картасы» бағдарламасына 1 жоба енгізілді.
«Көктас-Ақтөбе» АҚ «Аққұс» құс фабрикасының» «Құс сою цехы құрылысы» жобасы. Жобаның құны 2800 млн.теңге. Жобаның қуаттылығы сағатына 3000 бас құс сою. Ашылған жұмыс орны - 52. Жоба 2016 жылдың желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен іске қосылды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 20510,7 млн.теңгені немесе нақты көлемінің индексі 109,5% құрады. Оның ішінде:
- өсімдік шаруашылығы – 5768,7 млн.теңге;
- мал шаруашылығы – 14714,1 млн.теңге.
Салада 2017 жылдың 1 қаңтарына мал басының өсімі байқалды.
Ірі қара – 33397 (110,5%), қой-ешкі 71797 (100,5%), жылқы - 5773 (106,4%), шошқа – 35474(100,5%), түйе – 109 (98,2%), құс – 235591 (138.3%).
2016-2017 ж. мал қыстату кезеңіне дайындалған шөп бойынша тапсырма 163,0 мың тн. болса, нақты дайындалғаны 168,5 мың.тн. Орындалу пайызы 103,4%.
Ауылшаруашылық мал өнімдерін өндіру бойынша: ет – 22200,7тн (110,9%), сүт – 23827,5тн (100,7%), жұмыртқа -3076,5 мың дана (104,8%) өндірілді.
Өткен жылы 52,1 мың га жерге көктемгі далалық жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 21,9 мың.га дәнді дақыл, 4,0 мың га майлы дақыл, 24430 га екпе шөп, 553 га картоп, 4280га астық қоспасы, 750 га қарабидай, 528 га көкөніс, 268 га бау-бақша.
Сонымен қатар, бұл салада «Агробизнес-2020», «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» мемлекетік бағдарламалары тиімді жүзеге асырылып, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізді.
Биыл «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мал сою цехы, құс фабрикасы «Аққұс» АҚ «Көктас-Ақтөбе» және 400 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы МІҚ «Аманбай» ш/қ пайдалануға берілді.
Асыл тұқымды мал басын арттыру бағытында ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жыл басынан бастап барлығы 39,2 млн.теңгеге 4 шаруа қожалығы 212 бас ірі қара аналық малын сатып алып («Ауылым» ш/қ -57, «Өсербай» ш/қ -21, «Бәйімбет» ш/қ – 124, «Орынбай» ш/қ – 10 бас) жоспар 101,0 пайыз орындалды. /жоспар - 210 бас/.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы және 1 ЖШС(«Үштаған» ш/қ -18, «Өсербай» ш/қ -32, «Түріксиб» ш/қ – 51, «Маржанбұлақ» ЖШС -30 бас) 32,7 млн.теңгеге 131 бас жылқы сатып алынып, жоспар 119,1 пайызға орындалды /жоспар - 110 бас/.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалығы («Құлагер» ш/қ) 18,7 млн.теңгеге 750 бас ұсақ малын сатып алып, жылдық жоспар 163,0 пайызға орындалды /жоспар 460 бас/.
Осының нәтижесінде ауданның ауылшаруашылығы тауарын өндірушілеріне барлығы 2260,8 млн.тенге субсидия алды. (оның ішінде мал шаруашылығына 2087,8 млн.тенге, егін шаруашылығына 173,0 млн.тенге.)
Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 17 ауылшаруашылық кооперативтері құрылды.
«Алға өнімі» кооперативі көкөніс- бақша өсірумен айналысады, қалған 16-і («Контрабак», «Қарақобда», «Қолғанат», «Тамды», «Арсен», «Ықылас», «Елек», «Қарақұдық», «ST», «Бестамақ», «Медина-Т», «Бәйімбет», «Бірлік-Тоқмансай», «Аққу», «Жерұйық», «Каир А» ) кооперативтері мал шаруашылығымен айналысады.
2017 жылға міндеттер:
- Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына ықпал ететін мемлекеттік бағдарламаларды жүйелі түрде жүзеге асыру;
- Жұмыссыздықты төмендету және ауыл шаруашылық өнім өндірушілер кооперативтерін құруды жүзеге асыру;
- Егістік көлемін ұлғайту;
- Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу;
- Суармалы жерлердің көлемін арттыру.
Ветеринариялық іс-шаралар туралы. 2016 жылдың «Эпизоотияға қарсы іс шаралар жүргізу» бағдарламасы бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы және диагностикасына бюджеттен 42943,0 мың теңге бөлініп, игерілді. Емдеу-профилактикалық алдын ала егу жұмыстары бойынша аса қауіпті сібір жарасына, листериозға, қарасанға қарсы, жылқылар маңқасы, туберкулез, құтыруға қарсы барлығы 211600 малға вакциналар егілді.
Өткен жылы бруцеллез (сарып) ауруына шалдыққан барлығы 277 мал, оның ішінде 216 бас МІҚ, 61 бас ұсақ мал. Сарып ауруына шалдыққан мал басы қайта өндеу кәсіпорындарына сойылып, тапсырылды: «Тандем W» ЖШС -10 бас МІҚ, АТК «Айбек»-11 бас ұсақ мал, 38 бас- МІҚ және Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Трекино селосы «Жәрдем» ШҚ-на 9 бас түйе.
Бруцеллез ауру анықталған қора-жайларына дезинфекция жұмыстарын аудандық малдәрігерлік станциясы жүргізді. Сарып ауруы анықталған 135 аулаға -30229 шаршы метрге дезинфекция жасалып, дезинфекция сапасын анықтауға сынамалары алынып облыстық зертханаға тапсырылды. Нәтижелері теріс.
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс шараларды өткізу» бойынша 2016 жылғы ауыл шаруашылығы малдарының түрлеріне байланысты төлдерін бірдейлендіру бойынша бекітілген жоспар толық орындалды.
2017 жылға міндеттер:
- аудан көлемінде ветеринариялық санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында,алдын ала егу және диагностикалық тексеру іс шараларын жоспарлы орындау.
- Басқа аумақтардан әкелінген ауыл шаруашылық жануарларын уақтылы тексеру.
- Қолдағы мал басының ветеринариялық-санитариялық қолайлығын сақтау.
Шағын және орта бизнесте 2017 жылдың 1 қаңтарына 1845 субъект тіркелген, оның 93,1 пайызы, яғни 1718-і белсенді. Мұнда 3715 адам жұмыспен қамтылған.
Бөлшек сауда айналымы 12 айдың қорытындысы бойынша 2256,5 млн.теңгені немесе 107,1 пайызды құрады.
Елімізде бизнесті қолдау мен дамытудың бірнеше мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Біздің ауданымызда да бұл бағытта бірнеше жобалар жүзеге асырылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 1899,5 млн.теңгеге 21 жоба жүзеге асырылып, өткен жылмен салыстырғанда 1843,3 млн.теңгеге артық орындалды.
Өткен жылы мемлекет тарапынан балалар жиһазын шығаратын «Велторг Актобе» ЖШС-і 3,0 млн.тг. көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алып, Алға қаласында жиһаз шығаратын цех ашты.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының ІІ- бағыты бойынша «Кәсіпкерлікті дамытуға» 105 кәсіпкерге 273 млн.теңге несие берілді.
«Ауыл кәсіпкерлігі» бағдарламасы арқылы бөлінген 132 млн теңге толығымен игерілді.
2017 жылға міндеттер:
- мемлекеттік бағдарламалардың жоспарға сәйкес орындалуын ұйымдастыру;
- индустриалдық аймаққа бизнес субъектілерді орналастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру, өңірге инвестиция тарту және негізгі капиталға салынған инвестицияны арттыру;
- ҮИИД бағдарламасына жобалар енгізу;
- Өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру;
-- белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің санын арттыру;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 33 түрін бақылауға алу;
- бөлшек сауда айналымын арттыру;
--«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жұмыстарды жалғастыру;
Инфрақұрылымды дамытуда ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша аудандағы 32 елді мекеннің 16-ыі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған немесе 89,2% құрайды.(Алға, Бестамақ, Есет батыр Көкіұлы, Тамды, Үшқұдық, Қарабұлақ, Амангелді, Қарақобда, Самбай, Қайнар, Сарықобда, Болгарка, Ақай, Маржанбұлақ, Бесқоспа және ст. Тоқмансай).
Өткен жылы жоспарланған Бесқоспа ауылының су жүйесінің құрылыс жұмыстары атқарылып, нысан қолданысқа берілді. Жоба құны 142,2 млн.теңге, қаржы толық игерілді.
Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмай қалған 6 (Көлтабан, Құмсай, Талдысай, Еркінкүш, Кіші тоқмансай, Жерұйық) шағын елді мекендерге су құбырларын (скважина) қазу арқылы шешу жоспарлануда.
Газдандыру. Қазіргі таңда ауданның 35654 тұрғыны (халықтың 88,2%) немесе 15 елді мекен көгілдір отынды пайдалануда (Алға, Бестамақ, Самбай, Нұрбұлақ, Тамды, Қайнар, Тоқмансай, ст. Тоқмансай, Есет батыр Көкіұлы, Қарабұлақ, Бескоспа, Маржанбулак, Қайындысай, Қарақұдық және Үшқұдық).
Оның ішінде, өткен жылы «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен жасалған меморандум негізінде 276,8 млн.теңгеге Үшқұдық ауылының жеткізуші және ауылішілік газ құбырларының құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.
Бұдан басқа 5 елді мекенге (Көлтабан, Ақай, Қарахобда, Тікқайың, Көктоғай) жеткізуші газ құбырларына техникалық-экономикалық негіздеме даярланып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны шамамен 1116,0 млн.теңгені құрайды. Жобалық-сметалық құжаттама даярлау жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда 36 бу қазандықтары бар (21-і газ, 13-і қатты отын, 2-уі сұйық отын). Негізгі қазандық – ол Алға қаласының орталық қазандығы. Орталық бу қазандығында пайдалы әсер коэффициенті (КПД) жоғары 1 энергоүнемдеуіш қазандығы орнатылды.
Көгілдір отынға ауыстырылған 4 елді мекендегі әлеуметтік нысандардағы жұмыс жасап тұрған 6 қазандық басқа елді мекендердегі қажет ететін нысандарға ауыстырылды. Сонымен қатар, өткен жылы 4 нысанның қазандықтары қатты отыннан көгілдір отынға ауыстырылып, нәтижесінде 9,5 млн.теңге қаржы үнемделді.
Алғаның биотазалау ғимараттарын қайта жаңғыртуға 522,7 млн.тг. қаржы бөлініп, игерілген қаржы көлемі 192,1 млн.теңге.
Көгалдандыру және абаттандыру.
Ауданның елді мекендерін абаттандыру мен көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына 26,6 млн.теңге бөлінді.
Абаттандыру ережесін бұзған жеке және заңды тұлғаларды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, барлығы 279 әкімшілік хаттама толтырылып, соның ішінде 277 ескерту беріліп, 106,0 мың теңге көлемінде 2 айыппұл салынды. Сонымен қатар, тұрмыстық қатты қоқыс жинайтын контейнерлердің қондырылмағаны үшін 16 жеке кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы құны 678,7 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Өткен жылдың сәуірінде Біркүндік «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» ақциясы өткізілді. Көктемгі және күзгі екі айлық сенбіліктердің аясында аудан бойынша егілген барлық ағаш көшеттерінің саны 8051 түпті құрайды.
Көктемгі екі айлық барысында барлығы 17 сенбіліктер өткізілді. Өткен сенбіліктерге барлығы 9720 адам қатысып, 575 тонна ретсіз жиналған қоқыстар мен қатты тұрмыстық қалдықтар белгіленген орындарға шығарылды. Шараға барлығы 187 мекеме қызметкерлері мен 42 арнайы техника тартылды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында
Алға қаласындағы «Ана мен бала» саябағының аумағы кеңейтіліп, онда 680 мың тг. балаларға арналған ойын алаңы мен 2 млн.тг. жасөспірімдерге арналған спортпен шұғылдануға арналған тренажерлер (воркаут) орнатылды. Орталық көшелерде түнгі мезгілде жарықтандырылатын декоративті ағаштар (3,1 млн.тг) орнатылды. Қала көшелерінде 32 қоқыс жәшіктері мен 36 қоқыс урналары қойылды. 1 млн 899 мың теңгеге Маржанбұлақ ауылындағы балабақшаның ауласына шағын балалар ойын алаңы орнатылды және округ аумағы абаттандырылып, мәдениет үйінің қоршауы алмастырылып, мектеп ауласына брусчатка төселінді. Осындай жұмыстар (спорт алаңы, стадион алаңын қоршау жұмыстары) Үшқұдық (12млн) және Қарағаш ауылдарында (8млн) да жүргізілді.
Автокөлік жолдары мен жолаушылар тасымалы бойынша, Алға ауданының аумағында Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 99,0 км, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 98 км және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы – 266 км құрайды. 2016 жылы аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының күтіміне жергілікті бюджеттен 16,5 млн.теңге бөлінді. Өткен жылы жалпы құны 942,0 млн.теңгені құрайтын ұзындығы 40 км Алға-Қарабұлақ автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 160,0 млн.теңге бөлініп, 7,3 км асфальт жабындысы төселінді. Қалған жұмыстар ағымдағы жылы бюджеттен қаржы бөлінгеннен кейін атқарылатын болады.
2017 жылға міндеттер:
- автомобиль жолдарының күтімі бойынша қыс мезгілінде ауданның елді мекендеріне автокөліктердің үздіксіз қатынасын қамтамасыз ету:
- қауіпсіз жол қатынасы үшін уақытылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, соның ішінде: су өткізгіш құбырлар мен көпірлерді жөндеу, жолдарды тегістеу, жол жиегіндегі шөптерді шабу және жол белгілерін орнату.
- тұрақты және тұрақсыз жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;
- ауданның елді мекендерін абаттандыру мен көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастыру;
Тұрғын үй құрылысы бойынша 2016 жылы облыстық бюджеттен 49718 мың теңге қарастырылып Алға қаласында Есет-батыр, 30 "В" көшесіндегі 2-қабатты 8-пәтерлік жалдамалы коммуналдық тұрғын уй құрылысы аяқталды. Үйдің жалпы ауданы 640 ш.м. құрайды. Барлық қаржыландыру көздерінен салынған тұрғын үйлердің құрылысы 2016 жыл қорытындысы бойынша 13096 ш.м. құрады, яғни тұрғын үй жоспары - 101%орындалды.
Аудан орталығының даму перспективасы. Қаланың бас жоспары бойынша көп қабатты пәтерлік тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Соған сәйкес, «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында 60 пәтерлік екі тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда аталған жобалық сметалық құжаттарға РБК-ның оң қорытындысы алынып, 2017-2019 ж.ж. тұрғын үй құрылысына 409904 мың теңге қаржы қарастырылуда.
2016 жылдың басынан тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін барлығы 128 өтініш тіркеліп, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж ретінде 80 азамат есепке алынды. Осылайша бүгінгі күнге кезекке тіркелген барлық азаматтардың саны 1406 адамды құрайды.
Коммуналдық меншіктегі 5 тұрғын үй жекшелендіріліп, соның ішінде 3 үй қалдық құнымен (959 839 мың теңгеге), 2 үй І-ші және ІІ-ші топ мүгедектеріне тегін жекешелендіріліп берілді.
Аудан бойынша тұрғын үй құрылысы үшін жер беру кезегінде 13758 адам тіркелген, 2016 жылы 854 жер телімі берілді. (Оның ішінде Бесқоспа а/о – 18, Бестамақ а/о – 20, Қарақобда а/о – 5, Қарақұдық а/о – 352, Үшқұдық а/о – 193, Маржанбұлақ а/о – 216, Тамды а/о – 4, Алға қаласы – 40).
Аудан бойынша жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 2207,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артық.
2017 жылға міндеттер:
- Қарақұдық, Үшқұдық ауылдарын электр қуатымен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізу;
- Алға қаласының №2 тұрғын массивін газбен және электрмен қамтамасыз етуге құжаттары дайын жобалардың жүзеге асырылуын пысықтау.
- ауданда салынып жатқан ғимараттар мен үйлердің архитектуралық келбетіне аса мән беру.
Денсаулық сақтау саласы бойынша. Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 20.5% құрап, 798 бала дүниеге келген ( 2015 ж.-886). Жалпы өлім- жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда -7.2% (2015 ж.- 6,6%), нәтижесінде тұрғындардың табиғи өсімі + 12,3% ( 2015ж. +15,6%).
Соңғы жылдары аудан бойынша ана өлімі тіркелмеді, сәбилердің шетінеу көрсеткіші -8.8% ( 2015ж. -6,8%).
Туберкулез ауруымен аурушаңдық көрсеткіші -38,5% бір деңгейде ( 2015ж.-38,0%). Ақысыз медициналық көмек көлемі биылға 760396,3 мың тг. құрады, өткен жылмен салыстырғанда 100 пайыз ( 2015ж. -658,3млн.тг.).
ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің «Жекеленген халық санаты бойынша профилактикалық медициналық тексеріс жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес 2016 жылы Алға ауданы тұрғындары арасында барлығы 20972 адам скрининглілік тексеруден өткізілді. Бұл тексерудің басты бағыттарының бірі – халықты салауатты өмір салтына баулу. Өзінің болашағын, денсаулығын ойлаған әр азамат тегін түрде скринингілік тексеруден өтуге құқылы. 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы Алға аудандық орталық ауруханасына 17215,0 мың тенгеге медициналық құралдар (коагулометр, компьютерлік тонометр, стерилизаторлық жылыту, реанимация бөліміне медициналық құралдар) алынды.
Көктоғай медициналық медпунктін салуға 27900,0 мың теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды.
2017 жылға міндеттер:
- 2016-2020 ж арналған Денсаулық мемлекеттік бағдарламасы аясында медициналық санитарлық алғашқы көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, медициналық санитарлық алғашқы көмектің жүйесінде жұмысқа ынталандыруды кушейту,сәбилер шетінуін, онкологиялық және туберкулез аурулардың алдын алып, азайту.
- Дәрігер мамандардың жетіспеушілігін шешу;
- Бестамақ, Қайыңдысай ауылдарында дәрігерлік пункт салу;
Әлеуметтік саладағы жұмыстарымыз Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай кедейлік деңгейін төмендетіп, жұмыссыздықтың өсуін болдырмау және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу жөніндегі тапсырмаларын одан әрі жүзеге асырумен жалғасын табуда.
Жыл басынан берi жұмыспен қамту бөлiмiне жұмыс iздеп келушiлер саны 1912 адам, тiркелген жұмыссыздар саны – 66 адам, оның ішінде жұмысынан айырылғандар – 25 адам, яғни ресми тiркелген жұмыссыздар деңгейi 0,3 пайызды құрады. Бұл жұмыссыздық деңгейiнiң соңғы жылдары тұрақтылығына қол жеткiзiлiп, жылдан-жылға жұмыссыздар санын аудан бойынша азайып келе жатқандығын көрсетедi.
Аудан бойынша жыл басынан 593 жаңа жұмыс орындары ашылды, яғни көрсеткіш 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,2 пайызға орындалды. Жылдық жоспар (450 орын) 131,8 пайызға орындалып отыр.
Жыл басынан берi 883 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды немесе барлық тiркелген жұмыс iздеушiлердiң 46,2 пайызы. Жылдық жоспар 156,3% пайызға орындалды.
«Жастар тәжiрибесi» жобасы бойынша жоғары және орта оқу орындарын бiтiрiп келген жас түлектер қатарынан 84 адам, оның ішінде 41 жергiлiктi бюджет қаржысынан және 43 жас маман республикалық бюджет қаржысы есебінен әр түрлi мекемелерде тәжiрибеден өтуге жолданды. Жұмыссыздардың мақсатты тобына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында 2016 жылы 81 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды. Жыл басынан жұмыссыздар арасынан 46 адам, оның ішінде 7 адам жергілікті бюджеттен және 39 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсiптiк оқуға жолданып, оқуларын бітірген 34 адам, оның ішінде 2 адам көгалдандырушы және 11 адам трактор жүргізушілікке орналастырылды. Сонымен қатар жыл басынан 651 жұмыссыз (оның ішінде 302 адам жазғы каникул кезінде тартылғандар) қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жылдық жоспар -300 адам.
Өткен жылы ауданда құрамында 36 адамы бар 10 аз қамтылған отбасы 1880,9 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Жиынтық табысы төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін 1382 отбасына (18 жасқа дейінгі 3721 балаларына) 66696,5 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді. 2015 жылы 1036 отбасыға 18587,3 мың теңге тұрғын-үй жәрдемақысы (жилищное пособие) тағайындалып, соның ішінде аз қамтылған 10 отбасыға 400,6 мың теңге төленді. Сонымен қатар, «Өрлеу» бағдарламасына құрамында 30 адамы бар 6 отбасы қатынасты, оларға 843,8 мың теңге төленді.
Ұлы Отан соғыcы ардагерлері мен мүгедектеріне, тылда қажырлы еңбек еткен және бейбіт күнде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбастарына, онкологиялық аурулармен және туберкулездің әртүрлі ауруларымен ауыратын азаматтарға барлығы 66,4 млн. теңге әлеуметтік төлемдері төленді. Емделу орындарына барып келген 27 мүгедекке 577,2 мың теңге жол жүру шығыны және 1083 мүгедекке 32,5 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Демеушілік көмек
2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25- жылдығы мерекесіне орай аудан бойынша бірқатар халықтың әлжуаз топтарына аудандық, облыстық кәсіпкерлер мен бюджет қызметкерлерімен демеушілік көмек көрсетілді. Оның ішінде, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 39 жетім балаға 3363,3 мың теңге көлемінде тұрғын үй жинақ қорына қаржы аударылса, 3 ҰОС қатысушыларына 135 мың теңгеге, 175 мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға – 2989,0 мың теңгеге (оның ішінде он алты І-топ мүгедегіне - 768,0 мың теңге, отыз жеті ІІ- топ мүгедегіне 721,0 мың теңге, отыз екі ІІІ- топ мүгедегіне 677,0 мың теңге және тоқсан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 823,0 мың теңге), 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға - 8238,0 мың теңгеге, 230 ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің жесірлеріне, тыл ардагерлеріне, 25 көп балалы отбасыларға 4500,0 мың теңгеге, жалпы 552 отбасы мен 447 адамға 19135,3 мың теңге көлемінде азық-түлікпен, жем-шөппен және қаржылай көмек көрсетілді.
2017 жылға міндеттер:
- жалпы жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайыз деңгейінде сақтау;
- ашылатын жаңа жұмыс орындары жұмыссыздарды орналастыруды арттыру;
- мемлекеттің қолдау шараларынсыз жұмысқа орналастыру;
- кедейшілік деңгейін төмендету шеңберінде шаралар қабылдау және аз қамтылған отбасылардың мүшелеріне толық талдау жасап, жұмысқа жарамды мүшелерін «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жұмысқа орналастырып, шағын несие беріп, жеке кәсіпорындарын ашуға жәрдем ету арқылы кедейшілік шеңберінен шығару;
- «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыруды жалғастыру.
Білім саласы бойынша. Қазіргі таңда 6927 балаға білім беретін 32 жалпы білім беру мектептері (17 орта, 10 негізгі және 4 бастауыш), 4 қосымша білім беру, 9 балабақша (7 мемлекеттік, 2 жекеменшік балабақша) және 21 шағын орталық жұмыс жасайды. Олардың 21-типтік, 10-ы бейімделген ғимараттарда орналасқан.
Жалпы 2 ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 78,9 пайызды құрайды.
Сондай-ақ, қосымша білім беретін аудан бойынша 1972 баланы қамтыған 4 мекеме жұмыс атқарады. («Жастық жігер»-700 бала, «Нұр талап»- 700 бала, балалардың өнер мектебі-370 бала, «Тамды» аула клубы-202 бала).
Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту білім беру мекемелерінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Барлық 6927 оқушының 4921-і ыстық тамақпен қамтылған (71,1 пайыз), олардың 1094-і тегін тамақтанады.
Білім беру сапасының негізгі көрсеткіші - ұлттық бірыңғай тестілеу. 2015 – 2016 оқу жылында ауданда 385 түлек орта мектепті бітірді. Солардың ішінен 256 оқушы ҰБТ тапсырды. Бұл барлық түлектердің 66,3 % - ын құрады.
Тестілеу нәтижесінде аудан бойынша мектеп түлектерінің орташа балы 96,4 баллды құрады. 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда +7,1 балға артты.
Аудан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 14 түлек «Алтын белгі» иегерлері, 21 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Аудан бойынша 130 түлек мемлекеттік грантты жеңіп алып, Қазақстанның жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіншілігіне ие болды.
Бүгінгі күні сапалы білім беруге барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалып отыр. 2016 жылдың өзінде ауданның білім беру саласына барлығы 2 млрд. 757 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмсалды. Үстіміздегі жылы басталған 100 орындық Қарақұдық ОМ-нің құрылысына облыстық бюджеттен 321 млн 799 мың теңге бөлініп, жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ауылда орналасқан білім беру ұйымдарына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 4899,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жалпы ауданның 21 білім беру мекемелерінде (6- күрделі, 15 – ағымдағы ) 443889,3 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сомасы 51782,2 мың теңгеге білім беру мекемелерінің материалдық –техникалық базалары жаңартылды. Ауданның 3 мектебі «е-learning» бағдарламасына сәйкес толық жабдықталып, электронды оқыту жүйесіне енгізілді.
2017 жылға міндеттер:
Білім берудің барлық деңгейлерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру сапасын арттыру;
Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларды толықтай тегін ыстық тамақпен қамту;
Педагогикалық жұмыскерлердің еңбегін ынталандыру;
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтамасыз ету;
Ата-аналар үшін консультациялық пунктер ашу;
Электрондық оқыту жүйесін жетілдіру.
Алға қаласында 600 орындық профильдік мектеп пен 100 орындық интернат және 320 орындық балабақшасының құрылыстарын жүргізу;
Ауданының мәдениет саласында 31 мәдениет нысаны халыққа қызмет жасауда (15 кітапхана, 14 клуб пен мәдениет үйі, аудандық музей және «Есет батыр мемориалдық кешені» МКК), олардың 27 -і мемлекеттік жүйеде.
2016 жылы барлығы 130921,1 мың теңге бөлініп игерілді. Оның ішінде, мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 20446,7 мың тг., «Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 нысанға («Есет батыр мемориалдық кешені» МКК -3501,1 мың тг., Тікқайың АК - 5044,0 мың.тг., Қарахобда АК - 11147,2 мың тг.) 19701,3 мың тг. қаражатқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Бестамақ селолық мәдениет Үйі (70,0 млн.тг) жеке меншіктен мемлекет қарамағына сыйға тартылды.
Есепті мерзім ішінде барлығы 680 мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды, оған 126,5 мың көрермен қамтылды. Мекемелердегі клубтық құрылымдар, үйірмелер саны – 48, оған қамтылғандар саны – 368. Аудандық мәдениет үйінде және селолық мәдениет мекемелерінде 7 халықтық, үлгілі ұжым жұмыс жасайды.
Аудан көлемінде ұйымдастырылған қоғамдық маңызды шаралар: ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы арналған маңызды мәдени шаралар, кітап көрмелері, қайырымдылық акциялары, Республикалық «Тамырларым тереңде, бұтақтарым биікте» атты Кердері Әбубәкірдің 155 жылдығына арналған жыршы-термешілер байқауы, «Үкілі кәмшат» Ұлттық киімдер флешмобы, «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» композициялар байқауы және т.б. ұйымдастылды. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы аудандарының күніне арналып облыс орталығында ұйымдастырылған «Туған жерім тұғырлы, бақ мекенім» атты мерекелік шарада, аудан жүлделі үшінші орынға ие болды.
Аудан бойынша кітап қоры - 295977, оның ішінде қазақ тілінде- 72976, келушілер саны - 115800 адам, оның ішінде оқырмандар саны - 14352, келіп түскен әдебиеттер саны- 2211, интернет, РАБИС бағдарламалары орнатылған кітапханалар саны - 4, оның ішінде ауылдық жерде-2, есепті жылы Есет батыр ауылдық кітапханасының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, модульдік кітапханаға айналдырылды.
Бөлімнің АХАТ қызметі есепті мерзімде 1547 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: жергілікті атқарушы органдар арқылы 217, электрондық портал арқылы 178, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 1152. Жергілікті бюджетке түсірілген мемлекеттік баж салығы - 1003,3 мың тг.
2017 жылға міндеттер:
- Есет батыр Көкіұлының 350 жылдығына арналған мерейтойлық шараларды жоғары дәрежеде ұйымдастыру, Есет батыр мемориалдық кешеніне аббаттандыру, қоршау жұмыстарын жүргізу, Алға аудандық музейіне ғимарат салу;
- Бестамақ селолық МҮ күрделі жөндеуден өткізу, Самбай селолық клубын құрылысын жүргізу және Тікқайың, Қарақобда селолық клубтарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау;
- Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша Елбасының тапсырмасына сәйкес спортпен шұғылданатын азаматтардың қатары да өсуде. Қазіргі таңда аудан халқының 23,5%, ол 9 мыңнан астам адам болып отыр. Өсім былтыр салынған 5 жаңа спорт алаңдары мен бассейнге оқушыларды қамтумен байланысты.
Биыл бұл көрсеткішті 25%-ға жеткізу үшін жаңа денешынықтыру-спорт кешеніне өндіріс кәсіпорындарының ұжымдарын жұмылдыру бағытында жұмыс жүргізілуде. Ауданда жалпы 113 спорттық нысан жұмыс жасайды. Өткен жылы барлығы 150 спорттық іс – шара өткізілді. Оның ішінде 13 облыстық (Еркін күрестен жасөспірімдер арасында облыстық жарыс, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында волейболдан ауданаралық жарыс, Алға ауданының Ақтөбе қаласындағы күндеріне орай Аламан бәйге, Құнан бәйге жарыстары, Таэквондо спорт түрінен облыстық чемпионат, Еркін күрестен Есет батыр атындағы дәстүрлі турнир, Облыстық "Ақ бидай" спартакиадасының волейбол және футбол спорт түрлерінің аймақтық жарыстары еркін және әйелдер күресінен Есет батыр атындағы турнир, А.И. Лыпенконың құрметіне арналған бокстан ашық біріншілік және т.б.) және ауданаралық жарыстар, 4 аудандық спартакиада және 137 аудандық іс-шаралар ұйымдастырылды. Алға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 780 бала 9 спорт бөлімдері бойынша жаттығады. Ауылдық округтер бойынша Тоқмансай, Тамды, Бесқоспа, Қарағаш, Бестамақ ауылдарында спорттық филиалдар жұмыс жасайды.
2017 жылға міндеттер:
- жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен айналысатын тұрғындардың санын арттыру;
- мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде спорт ұйымдарын ашу;
- ауылдық округтерде шағын футбол алаңдарының санын көбейту.
Жастар саясаты. Алға ауданы бойынша 2016 жылы өңірдегі 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 9285, бұл тұрғындардың жалпы санының 23 %-н құрайды.
Ауданда жастар саясатын жастар ресурстық орталығы «Қазақстан-2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы негізінде жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы 815 жас жұмысқа орналастырылып, 324 ақылы қоғамдық жұмысқа, 24-і әлеуметтік жұмыс орындарына тартылып, 83 жас «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен жұмысқа орналасса, «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарына 384 жас жұмысқа тартылды. Жастар арасында патриотизмді дамыту, жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауатын, мәдениетін арттыру, радикалды экстремизм және теріс діни ағымдардың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану, кәсіптік бағыт-бағдар беру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. 2016 жылы барлығы 154 іс-шара өткізілді, оның ішінде облыстық жастар конференциясы, аудандық жастар форумы, «Ұлы дала елі- Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн аясындағы кешенді іс-шаралар. Аудан жастарының үндеуі қабылданып, «Ауыл жастарының күндері» аясында ауылдық округ жастарымен кездесулер ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ауданда «Жастар мәслихаты» құрылды. #Алға Жастары хэштэгімен әлеуметтік желілердің парақшаларында: Фейсбук – 564, ВКонтакте – 3400, Инстаграм - 728 қолданушы тіркелген. Сонымен қатар барлық ауылдық округтарда әлеуметтік желі парақшалары ашылып, жастарды ақпараттандыру мақсатында қызмет етеді.
2017 жылға міндеттер:
- Жастардың бойында жаңашылдық, өнерге құштарлық пен отаншылдық, елжандылық сынды сезімдерін нығайту барысында жыл бойына ауыл және ауылдағы жастар күнін өткізуді жалғастыру;
- Жастар ұйымдарына қолдау көрсетіп, жаңа жобаларды жүзеге асыру.
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шараларына тоқталсақ,аудан бойынша тіркелген қылмыс саны 328-ден 316-ға азайған. Аса ауыр қылмыстар саны 4-тен 5-ке, ауыр қылмыстар саны 13-тен 16-ға көбейген. Жалпы ұрлық саны 170-тен 176-ға өсіп отыр,оның ішінде пәтер ұрлығы 36-дан 43-ке көбейген.
Алға ауданы ІІБ-мен аудан аумағында жол көлік оқиғасының алдын алу үшін күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізілді. 2016 жылдың 12 айында жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында 975 әкімшілік хаттама толтырылды. (2015ж-938), оның ішінде мас күйінде 74 а/м жүргізген адам ұсталған.
Жол көлік оқиғасы бойынша 2015 жылы 26 дерегі тіркелсе, 2016 жылы 25 дерегі тіркелген,оның салдарынан жарақат алғандар саны 39-дан 42-ге өсіп отыр. ҚР-да шетелдіктердің болуы туралы ережені бұзған жыл басынан 83 шетелдік анықталып (2015ж-62) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Елбасымыз бекіткен Ұлт Жоспарының 30-қадамын жүзеге асыру мақсатында өткен жылдың 2 қарашасында «Жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы» Заңға қол қойылды, Қазіргі таңда жергілікті полиция қызметі өз міндеттерін атқаруға кірісті. Сонымен бірге,олар халықтың алдында тоқсан сайын есеп береді.
2017 жылға міндеттер:
-учаскелік полиция инспекторларын қызметтік көліктермен қамтамасыз ету;
-аудан аумағында орын алған ұрлықтардың алдын-алу және қылмыстарды болдырмау мақсатында көпшілік жиналатын орындарда, көшелерде бейне бақылауды орнату;
-селолық амбулаторияларға бекітілген дәрігерлерді мас болу күйін қорытындылау туралы лицензиялармен қамтамасыз ету.
Қоғамдық-саяси жағдай. Ауданда саяси партиялар, қоғамдық, үкіметтік емес және діни ұйымдар өз қызметтерін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүргізуде. Олар мемлекеттік органдар тарапынан өткізілген барлық қоғамдық-саяси шараларға қатысуда. Ауданымызда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы тіркелген. Филиал мүшелігінде 1895 адам бар. Сонымен қатар, ауданда ардагерлер кеңесі, «Жас Отан» жастар қанатыныың аудандық филиалы, мүгедектер қоғамы жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындар арасында насихаттау, онда жүктелген міндеттердің жүзеге асырылуын аудан тұрғындарына жеткізу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Өткен жылдың соңында Жолдауды түсіндіру және насихаттау бойынша құрылған ақпараттық топтың құрамы жаңартылып, бекітілді. Қазіргі таңда барлығы 149 мүшесі бар 36 ақпараттық топ жұмыс жасайды. Аталған топтар ауданның барлық елді мекендері мен еңбек ұжымдарында болып, жыл бойына 98 кездесулер өткізді.
Қазіргі таңда баста назарды аударуды қажет етіп отырған сала-діни жағдай. Жалпы ауданымызда діни жағдайды қалыпты деп сеніммен айтуға болады.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді жүзеге асыру мақсатында аудандық «Жұлдыз-Звезда» газеті жұмыс атқаруда.
Жүйелі жүргізіліп отырған жұмыстар нәтижесінде ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
Құрметті жерлестер!!!
Өздеріңіз көріп отырғандай өткен жылы аз жұмыстар атқарылған жоқ. Алға қойған міндеттер толығымен дерлік орындалды. Әрине, бұл жалғыз менің ғана еңбегім емес, барлық алғалықтардың яғни сізбен біздің жұдырықтай жұмыла еңбек етуіміздің нәтижесі. Алда ұлан-ғайыр атқарылуға тиісті істермен кезек күттірмес маңызды міндеттер тұр.
Мен барша жерлестеріміздің өздерінің күш жігерлері мен білімін, тәжірибесін баршамызға ортақ істі жүзеге асырудан аямай 2017 жылғы алға қойған мәселелер мен асуларда да бірлесе бағындыратынымызға сенемін.Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!