Сыбайлас жемқорлық фактілері және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтармен кездескен жағдайда әрекет ету жаднамасы

Егер де Сіз сыбайлас жемқорлық фактілері және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтармен кездескен жағдайда, онда келесідей әрекет етуге құқығыныз бар:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1494 call-center номеріне хабарласу;
2) өтініш жазу және Маресьев көшесі 93 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 030019 индексі бойынша пошталық мекен-жайына жіберу, 72-83-36 немесе 72-83-31 телефондарына хабарласу;
3) өтініш жазу және Алға қаласы, 5 ш,а. 4 үй, 1 қабат мекен-жайы бойынша орналасқан «Алға ауданы әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғалар өтініштеріне арналған жәшігіне салу;
4) өтініш жазу және «Алға ауданы әкімінің аппараты» ММ пошталық мекен-жайына жіберу, индекс 030200, мекен-жайы: Алға қаласы, 5 ш,а. 4 үй;
5) өтініш жазу және «Алға ауданы әкімінің аппараты» ММ alga.apparat@yandex.kz жіберу;
6) «Алға ауданы әкімінің аппараты» ММ 4-11-11, 4-12-85 нөмері бойынша сенім телефонына хабарласу.