Аудан әкімінің орынбасарлары

Ахметова Гүлнар Жәуетқызы
18 тамызда 1967 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары, Алматы экономика және статистика академиясын экономист мамандығы бойынша аяқтаған. «Союзпечать» Алға аудандық бөлімшесінің кассирі, №2194 Алға орталық жинақ кассасының бухгалтер – ревизоры, бақылаушысы, инспекторы, маманы, бухгалтері, Тұрғын үй жәрдемақы қызметінің 1 санатты қызметкері, Алға аудандық статистика бөлімінің экономист-тіркеушісі, есепшісі. Алға ауданы әкімдігінің экономика бөлімінің маманы, бөлімше меңгерушісі, Алға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс жасады. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Алға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.«Үздік мемлекеттік қызметші» Төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, облыс әкімінің және аудан әкімінің алғыс хаттарының иегері.
Бошанов Арман Аскарұлы
01 қантарда 1976 жылы Алға ауданы Бесқоспа ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1998 жылы- Қ.Жұбанов ат.Ақтөбе мемлекеттік университетін «Биология және география» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы осы университетті «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолдары:01.09.1998-16.11.1998ж. аралығы Бесқоспа орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.11.1998-10.1999ж. аралығы ҚР Қарулы күштері қатарында қызметін атқарған.25.11.1999-31.08.2001ж. аралығы Бесқоспа орта мектебінің мұғалімі болып еңбек еткен.24.10.2001-12.04.2002ж. аралығы Алға аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы.15.04.2002-02.06.2003ж. аралығы Алға ауданы әкімі аппаратының маманы.02.06.2003-10.12.2004ж. аралығы Алға ауданы әкімі аппаратының бас маманы.10.12.2004-01.08.2008ж. аралығы Қарақобда селолық округінің әкімі қызметін атқарған.01.08.2008-18.01.2010ж. аралығы Алға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы қызметін атқарды.18.01.2010-14.03.2011ж. аралығы Алға аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі болып еңбек еткен.14.03.2011-16.07.2013ж. аралығы Бесқоспа селолық округінің әкім қызметін атқардыі.16.07.2013-31.07.2017ж. аралығы Алға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып еңбек еткен.05.09.2017-29.12.2017ж. аралығы «Үшқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы. 25.01.2018-22.10.2018 жылдың аралығында Алға ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы. 22.10.2018 - 31.03.2020 ж. аралығында Алға ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды 2020 жылдың наурыз айынан бастап Алға аудан әкімінің орынбасары болып жұмыс жасайды.
Добавлено: 
13.07.2012 - 05:00
Последние изменения: 
01.01.2018 - 05:00