Мәдениет

Мәдениет саласында 31 мәдениет нысаны халыққа қызмет жасауда (15 кітапхана, 14 клуб пен мәдениет үйі, аудандық музей және «Есет батыр мемориалдық кешені» МКК), олардың 27 -і мемлекеттік жүйеде.
Ауданның мәдениет саласында барлығы 118 қызметкер қызмет жасайды, оның ішінде шығармашы қызметкерлер саны – 52.
2018 жылдың 9 айылығы бойынша саланы ұстауға барлығы 121,616 мың теңге бөлініп игерілді. Оның ішінде, мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 17080,0 мың тг., «Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 нысанға (Үшқұдық ауылдық мәдениет үйі 30000,0 мың тг., Қарахобда АК– 10000,0 мың.тг.) 40 000,0 мың тг. қаражатқа күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Қарабұлақ ауылдық округі Аманкелді ауылына «Рейімқұл» ЖШС демеушілігімен 120 орындық клуб салынуда. Қарабұлақ ауылында мектептің жанынан клуб ашу жоспарлануда.
Есепті мерзім ішінде барлығы 680 мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды, оған 126,5 мың көрермен қамтылды. Мекемелердегі клубтық құрылымдар, үйірмелер саны – 48, оған қамтылғандар саны – 368. Аудандық мәдениет үйінде және селолық мәдениет мекемелерінде 7 халықтық, үлгілі ұжым жұмыс жасайды.
Аудан көлемінде ұйымдастырылған қоғамдық маңызды шаралар: “Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында маңызды мәдени шаралар, кітап көрмелері, қайырымдылық акциялары, Алға ауданының «Туған жерім – нұрлы елім» Ақтөбе облысы аудандарының күніне арналған «Туған жерім тұғырлы, бақ мекенім» атты мерекелік шара облыс орталығында ұйымдастырылып, өткізілді.
Аудан бойынша кітап қоры – 300 944, оның ішінде қазақ тілінде- 77227, келушілер саны - 86870 адам, оның ішінде оқырмандар саны - 11749, келіп түскен әдебиеттер саны- 1892, интернет, РАБИС бағдарламалары орнатылған кітапханалар саны - 4, оның ішінде ауылдық жерде-2, ағымдағы жылдың маусым айында Бестамақ ауылында орналасқан кітапхана қазіргі заманға сай жабдықталып, көпфункционалды Коворкинг орталығына айналды.
Мәдениет мекемелері үшін тағы бір назарда ұстайтын маңызды мәселенің бірі 2004 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаетың бастамасымен мәдени жәдігерлеріміз бен құндылықтарды қалыпқа келтіру, жаңғырту мақсатындағы «Мәдени мұра» өңірлік бағдарламасы. Біздің ауданымыз бойынша бұл бағдарламаға «Есет батыр мемориалдық кешені», «Кердері Әбубәкір кесенесі», Алға қаласы мен ауылдық округтер орталығында орналасқан Ұлы Отан Соғысында қаза болған жерлестерге арналған ескерткіштер, Есет батыр Көкіұлы ауылындағы «Жел диірмені», Алға қаласындағы ақын Әбубәкір (Кердері) Шоқанұлының бюст мүсіні, Маржанбұлақ ауылдық округінен 15 шақырымда орналасқан ХІХ ғ. Шәкен ишан мешіті, ақын Абай Құнанбаевтың ескерткіші мен Ауған соғысында қаза болған жерлестерге арналып Алға қаласының демалыс және мәдениет саябағында орнатылған ескерткіш кіріп отыр.
Есет батыр кесенесі тарихи ескерткіш ретінде тіркеліп, туристік бағытқа енді. Сонымен қатар 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі орындары» картасына енгізілді.
Бүгінгі таңдағы тағы бір басты мақсат - аудан көлемінде тіл саясатын талапқа сай жүргізіп, Елбасы Жолдауында аталған міндеттерді толығымен орындау. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысындағы маңызды бағыттың бірі мемлекеттік - тіл мәселесі.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындалу барысында көптеген шарлар ұйымдастырылып өткізілуде. Алға ауданы бойынша құжат айналымына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп отырады. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш бойынша 99,9 пайызды көрсетеді.
Тіл саясатының ажырамас бір бөлігі – ономастика саласында жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Алға ауданы бойынша жер, су, елді-мекендердің тарихи атауларын қайтару мәселесі толықтай шешілді. Соның нәтижесінде бүгінгі таңға 13 елді мекен атаулары толығымен қазақшаға аударылды.
2017 жылы 28 ақпанда №17-388-5 Елбасының жергілікті жерлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, сондай-ақ кісі аттарына мейлінше шектеу қою туралы барлық тармақтарына қатаң ескерту жөнінде тапсырмасы келіп түсті. Осы тапсырмаға орай Алға қаласындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерді қайта атау мақсатында жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі күні 23 көшені қайта атау туралы облыстық ономастикалық комиссияның оң шешімін алды. Сонымен қатар елді мекендерде де осы жұмыстар жалғасуда.
Алға ауданында облыстық тарихи өлкетану музейінің филиалы 2012 жылы ашылды. Музей аудандық мәдениет үйінің ішінде орналасқан, барлығы 2800 экспонаттар жинақталды. Алға қаласының тұрғындары көне жәдігерлерді тапсыру жұмыстарын жалғастыруда.
Бөлімнің АХАТ қызметі есепті мерзімде 1618 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: жергілікті атқарушы органдар арқылы 220, электрондық портал арқылы 225, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 870. Жергілікті бюджетке түсірілген мемлекеттік баж салығы – 370334 мың тг. 2018 жылы тіркелген актілер саны – 1143, оның ішінде: 540- туу туралы, 219 – қайтыс болу, 155 – неке қию, 97 – ажырасу, 12– аты, жөнін, әкесінің атын өзгерту актілері бар.