Жағырапия

Жағырапия
АЛҒА АУДАНЫ Ақтөбе қаласынан 45 шақырым оңтүстігінде орналасқан. Аудан аумағы - 7,5 мың ш.м. Ауданның орталығы – Алға қаласы. Алға ауданы арқылы «Ақтөбе-Астрахань» темір жолы және автожолы өтіп жатыр. Ауданның селолық округтерінің орталықтары бір-бірімен асфальтталған жолдармен байланысқан.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша аудан 12 селолық және 1 қалалық округтан құралады. Олар Бестамақ, Қарақобда, Үшқұдық Бесқоспа, Тамды, Ақай, Маржанбұлақ, Қарабұлақ, Қарақұдық, Тоқмансай, Қарағаш, Сарықобда селолық округтері мен Алға қалалық округі.
2013 жылдың 1 қаңтарындағы деректері бойынша (статистиканың ағымдағы деректері) Алға ауданының халық саны 38.9 мың адамды құрайды.
Табиғи-климаттық жағдайы
Орналасқан жердің рельефі – негізінен көтеріңкі жазықтық (биіктігі -200-300 м). Биіктіктер: Ақбұлақ, Қарамен, Керуентау, Ақшоқы, Қайқы, Есет, Бесоба, Қаратөбе, Бестөбе, Нартау, Тасшоқы. Көлдер: Саркөл. Пайдалы қазбалар: тас көмір, фосфорит, құрылыс материалдары. Аймақтың климаты қатал континентальды болып келеді, қыс салқын -16-20, жаз +27+28, жылдық жауын-шашын мөлшері - 200-250 мм. Аудан аумағында оңтүстіктен солтүстікке қарай Елек өзені ағып жатыр, Үлкен Қобда – Сарықобда, Қарақобда ағыстары, өзен ағыстары бар. Топырағы негізінен қара, қызыл қоңыр, қошқыл, қара-қошқыл. Кең көлемде жусан, ақселеу –түрлі шөптері өседі.
Аудан құрғақ, ыстық далалық аумақта орналасқан, тұрақсыз жер шаруашылығы мен дамыған ауылшаруашылығы ерекшелігімен сипатталады. Ауданның жайылым жері 437,8 мың га., бұл ауданның барлық жерінің 58,3% құрайды және 122,4 га (16,3%)– егістік жер. Алға ауданы Ақтөбе облысы аумағының 2,5% алып жатыр.
Ауданның жер аумағы: 750 697 гектарды құрайды,
оның ішінде: 19429 гектар Ақтөбе ауданының,
731 268 гектар Алға ауданының пайдалануында.