Экономика

5
2018 жылдың 9 айына Алға ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат
Ауданның әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері төмендегіні құрап отыр:
- өнеркәсіп өнімінің көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,6 % орындалып, 7909,8 млн.теңгені құрады. Оның ішінде: -өңдеу өнеркәсібі– 7179 млн.теңге;
- ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 16907,6 млн.теңгені немесе нақты көлемінің индексі 101,2 % құрады.
- ауданның негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 5415,9 млн.теңгені құрап, 101,4 % өсім белгіленді.
- құрылыс жұмыстарының көлемі 5496,2 млн.тг немесе өткен жылмен салыстырғанда 32,6 % артты.
Ағымдағы жылдың 9 айында 17052 ш.м. үй салынды, немесе өткен жылмен салыстырғанда 125,4 % орындалды.
- шағын және орта бизнесте тіркелген субъект 1880 бірлік, оның ішінде белсенді суъектілер саны 1752 бірлік.
- бөлшек сауда айналымы 9 айдың қорытындысы бойынша 1502,2 млн.теңгені, нақты көлем индексі 106,1 % құрады. 653 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жыл басынан бері 1771 адам жұмысқа орналастырылды. Тіркелген жұмыссыздар саны – 586 адам. Жұмыссыздықтың ресми деңгейі 3,1 пайыз.
Экономикалық өсімнің нақты көрсеткішінің бірі –бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады. 2018 жылдың 1 қазанына аудандық бюджетке 706,5 млн.теңге көлемінде салық түсті немесе жоспар 112,1 % орындалды.
1 қазанға аудан бюджеті 100 пайыз игерілді немесе 5892,0 млн.тг.
Алға ауданы ауыл шаруашылығының дамыған мал шаруашылығымен ерекшеленеді. Ауданда өткен жылмен салыстырғанда мал басының өсуі байқалады. Бүгінгі күнге мүйізді ірі-қара 42,1 мың басты (өсуі 110,6%), жылқы – 7,6 (108,3%), шошқа – 45,9 мың басты (123,5%), түйе - 149 басты (110,4%), қой мен ешкі – 78,2 мың бас (88,5%) құрады.
Мал өнімдерінің көлемі де артқан, яғни ағымдағы жылдың 9 айында 14,5 мың тонна ет (102,2 %), 17,1 мың тонна сүт (100,9%), 2,5 млн. дана жұмыртқа (100,7%) өндірілген.
Ет өнімдерін өндірумен ауданда 3 ірі ауыл шаруашылық тауар өндірушілері айналысады («АкТеп» ЖШС, «Парижская коммуна» ЖШС, птицефабрика «Ак кус»).
Биыл «2018-2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы шеңберінде Алға ауданы бойынша 11 шаруа қожалығы ашылды («Райт» ш/қ, «Алдияр» ш/қ (Қарабұлақ а/о), «Ел ырысы» ш/қ (Маржанбұлақ а/о), «Мирас» ш/қ (Қарақұдық а/о), «Камшат» ш/қ (Қарағаш а/о), «Ақжайлау», «Айбар» (Үшқұдық а/о), «Жаует» ШҚ, «Алихан-Бөкейхан» шқ (Тамды а/о), «Нұрасыл» ШҚ (Тоқмансай а/о), «Ак Агро» АӨК (Сарықобда а/о)).
Қазіргі таңда ауданда 7 ш/қ ашылып, құжаттары дайындалуда.
Асыл тұқымды мал басын арттыру мақсатында 2018 жылы: «Актеп» ЖШС-іне 3097 бас асыл герефорд тұқымды шет елден қашар алып келінді.
Сондай –ақ:
- «Дильназ» шқ 62 бас, «Актеп» ЖШС 1564 бас, «Өтеғұл-1» шқ 27 бас, «Алағозы» шқ 62 бас асыл тұқымды ірі қара;
- «Актобе Агро 2016» ЖШС 12 бас, «Тоғай» шқ 2 бас, «Түрксиб» шқ 100 бас асыл тұқымды жылқы;
- «Маржанбұлақ-1» ЖШС 52 бас асыл тұқымды ешкі сатып алды.
Жылқы өсіру мақсатында Бестамақ ауылдық округіндегі 42 разъездте орналасқан «Есбол» шаруа қожалығы қуаты 500 бас жылқы малын бордақылау алаңын салуда.
Аудан бойынша ауылшаруашылық малдарын союға арналған 8 мал сою пункттері жұмыс жасайды («Актюбинский мясной кластер» ЖШС ет өңдеу кәсіпорны, Бестамақ мал шаруашылық кешені «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС, АҚ «Көктас-Ақтөбе» «Аққұс» құс фабрикасы, ЖШС «АкТеп» және Тоқмансай ЖШС-де «Алшағыр», Алға қаласында «Арай-М», Ақай ауылдық округіндегі «Исламбек» , «Кенжемұрат» ШҚ).
Мал шаруашылығын дамыту барысында жетістіктерге қол жеткізудің ең бірінші жолы қолдағы мал басының ветеринариялық-санитариялық қолайлығын сақтау болып табылады. Осыған орай, 2018 жылға аудан көлемінде ветеринариялық санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында, алдын ала егу және диагностикалық тексеру іс шараларын жоспарлы орындауда. Басқа аумақтардан әкелінген ауыл шаруашылық жануарлары уақытылы тексерілуде.
Егін шаруашылығы.
Биыл ауданда 79,7 га жерге егін егілді, оның ішінде 30,4 мың гектарға дәнді дақыл (8,1 мың бидай, 18,0мың арпа, 1,3 сұлы,1,4 тары, 0,3 құмай), 26,0 га екпе шөп , 6400 га майлы дақыл,560 га картоп,540 га көкөніс, 273 га бақша.
Келесі жылғы егістікке жер дайындау мақсатында ауданға берілген 17,0 мың гектардың қазіргі таңда 11,2 мың гектары сүрге (парға) дайындалуда.
2018 жылға ірі сабақты мал азығын дайындау науқанына берілген 180,9 тонна шөп дайындау 1,5 жылдық тапсырмасы барлық селолық округтерге мал басы санына қарай бекітіліп берілді.
Шөп түсімі өткен жылмен салыстырғанда төмен, орташа есеппен 2,0-3,0 центнерден келеді. Бүгінгі таңда аудан бойынша 181,2 мың тонна шөп шабылып, оның ішінде 113,4 мың тоннасы қыстаққа, 67,8 мың тоннасы жұртшылыққа тасылды.
Сонымен қатар «АкТеп»ЖШС-гі басқа аудандардан 22,3 тонна шөп сатып алды.
Ауылшаруашылығында 1006 трактор, 183 комбайн тіркелген. Бұлардың ескіруі 75% құрайды. Осыған байланысты машина-трактор паркін жаңарту үшін биыл 12 ауылшаруашылық техникасы сатып алынды.
8 айда ауыл шаруашылығының негізгі капиталға тартылған инвестициясы 1 996,6 млн.тенгені құрады, ИФО (жеке көлемдік индекс) 482,0%.
Жер қатынастары
Алға ауданының жер есебі бойынша аудан көлемі 750,4 мың гектарды құрайды, айналымдағы жерлер 731,0 мың гектар, оның ішінде 534 мың гектары ауыл шаруашылық жерлері.
Егістікте 3,1 мың га суармалы жерлер, 384,4 мың гектар жайылымдық және 7,7 мың гектар шабындық жерлер.
Жыл басынан Алға аудандық жер комиссиясының 16 отырысы өткізіліп, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік мақсаттағы жерлердің табысталуы бойынша 435 өтініш қаралды. Ауыл шаруашылық жерлерінің айналымына барлығы 36 жер учаскесі табысталды (36,0 мың га, оның ішінде егістік жерлер 11,3 мың га).
Тұрғын үй құрылысына жерлер бөлу: Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй құрылысына 13592 азамат кезекте тұр. Белгіленген жоспарға сәйкес Алға қаласы және ауылдық округтердің бас жоспарларындағы инфрақұрылымы дайын жерлерден 551 учаске бөлініп, жоспар толық орындалды. Соңғы 3 жылда барлығы- 2417 жер учаске кезекте тұрған азаматтарға табысталды.(2016 ж-854, 2017 ж-1005, 2018 ж-551)
Сонымен қатар, ауданда кәсіпкерлік мақсатқа 3 млн.277мың теңгеге 21 жер учаскесі (көлемі 2,4 га ) және тұрғын үй, гараж құрылысына 2 млн.897 мың теңгеге 82 учаске (көлемі 2,6 га) сатылып, жергілікті бюджетке барлығы 6 млн.174 мың теңге түсті.
Шағын және орта бизнестің дамуына тоқталатын болсақ, қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы бойынша 5 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде:
- жетіспейтін инфрақұрылым өткізу бойынша 2 жоба: «Улан» ЖШС-нің құс фабрикасына 10,02 млн.теңгеге –газ және 40,32 млн.теңгеге – электр желісін өткізу жобасы;
- ішінара кепілдендіру бағыты бойынша 3 жоба, олар: ЖК Жилкыбаева 7,0 млн.теңге, ЖК Уразбаева А- 20,0 млн.теңге, ЖК Джанасаев А. – 4,0 млн.теңге кепілдік алды.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік бағдарламасы бойынша
Жыл басынан Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж 138 азамат есепке алынды. Осылайша бүгінгі күнге кезектегі азаматтардың саны 1513 адам.
Елбасының 5-наурыздағы Үндеуінің 1-ші бастамасы «Халықты баспанамен қамтамасыз ету» Жолдаудағы 5-ші міндет «Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологиялар енгізу» бүгінгі күнде алға қойған айқын мақсат болып табылады.
Осы мақсатта биылғы жылы ауданға облыстан бөлінген қаражат есебінен 60 пәтерлік бес қабатты 6 тұрғын үй салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланды, оның ішінде 2 үйдің құрылысына (инженерлік желілерімен қоса) ЖСҚ дайын. Республикалық бюджеттік комиссияға ұсынылды. 4 үйдің құжаты даярлануда.
Құрылысы былтыр басталған екі 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлер 120 отбасына табысталды.
Сондай-ақ, биыл жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін Нұрбұлақ (4,0 млн.теңге), Ақсазды (3,0 млн.тг) және Талдысай (3,0 млн.тг) ауылдарының бас жоспарлары жасалуда.
Ауданның өмірлік маңызы бар нысандарын 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізілуде.
Әлеуметтік нысандарға қажетті барлығы 1498,0 тонна қатты отын жеткізілді.
Сондай-ақ, қала және ауыл әкімдерінің мәліметіне сәйкес, алдағы жылу беру маусымына халыққа (1 192 жеке тұрғын үйлерге) жалпы көлемі 5 075 тонна қатты отын қажет, аталған отынды уақытылы сатып алу үшін, округ әкімдерімен тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту ауданның инфрақұрылымының дамуымен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда ауданның 31 елді мекенінің 15-і көгілдір отын пайдалануда, бұл жалпы халық санының 90,1% немесе 36,2 мың адамды құрайды. (Алға, Бесқоспа, Бестамақ, Есет батыр, Қарабұлақ, Маржанбұлақ, Қайыңдысай, Қарақұдық, Тамды, Самбай, Нұрбұлақ, Қайнар, с.Тоқмансай, ст.Тоқмансай, Ушудык).
2016 жылы Ақай, Көлтабан, Қарақобда, Көктоғай, Тікқайың ауылдарына газ құбырларының құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалары даярланды. Соның ішінде, ағымдағы жылға Ақай, Көлтабан ауылдарына жеткізуші газ құбырларының құрылысына 100,0 млн.теңге қаражат бөлініп, «АктобеНефтеГазСтрой» ЖШС-мен жұмыстар атқарылуда.
Сондай-ақ, ауданымыздың Сарықобда және Болгарка ауылдарының жеткізуші және ауылішілік газ құбырларының құрылысына «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ арқылы жобалық-сметалық құжаттамасы даярлануда.
Сонымен қатар,
- Биыл Алға қаласының № 2 тұрғын массивін газбен қамтуға 155,0 млн.теңге;
- Маржанбұлақ ауылының «Батыс» тұрғын массивін газдандыруға – 174,3 млн.тг;
- Маржанбұлақ ауылының «Шығыс» тұрғын массивін газдандыруға – 77,0 млн.тг;
- «Подхоз» елді мекенін газдандыруға – 126,1 млн.тг бөлініп, жұмыстар атқарылуда.
Орталықтандырылған ауыз сумен ауданның 16 елді мекені қамтамасыз етілген (Алға, Ақай, Бесқоспа, Бестамақ, Есет батыр, Қарабұлақ, Қарақобда, Маржанбұлақ, Тамды, Самбай, Қайнар, ст.Тоқмансай, Амангелді, Үшкұдық, Сарықобда, Болгарка). Немесе тұрғындардың 9,8 пайызы орталықтанған суды пайдаланады.
Ағымдағы жылы Алға қаласының №2 тұрғын массивіне сумен жабдықтау жүйелері тартылуда (199,0 млн.тг);
Сондай-ақ, Қарақұдық ауылына су жүйелерін жүргізуге 580,3 млн.теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда бөлінген қаражаттың 514,4 млн.теңгесі немесе 88,6 пайызы игерілді. Қазанда іске қосылады деп күтілуде. Қарақұдық ауылы сумен қамтылған соң халықтың 93,2 пайызы ауыз сумен қамтылатын болады.
Биылғы жылы аудандық электр желілері бойынша барлығы 18,6 млн.теңгеге 207 электр бағандары және 24,0 км электр желілері ауыстырылды. Сонымен қатар, Алға қаласының №2 тұрғын массивін жарықтандыруға 200,7 млн.тг, Бесқоспа (4,7 млн.тг) және Қайыңдысай ауылдарының жаңа тұрғын массивтерін жарықтандыру (11,1 млн.тг) жұмыстары жүргізілуде.
Ауданымызда ауданаралық жолдардың жағдайы тұрғындардың арасында көтерілетін маңызды мәселенің бірі болып табылады. Қазіргі таңда бұл мәселенің де өз кезегімен шешімі табылуда.
Алға-Қарабұлақ автомобиль жолының орташа жөндеудің жалпы құны 930,8 млн.теңге. Ұзындығы 40 км құрайтын бұл жолды жөндеу жұмыстары мердігер «АктобеГорДорСтрой» ЖШС-мен 2016 жылдан бері жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы 250,0 млн.тг бөлініп, жоспарланған бөлігі жөнделді. (2016 жылы – 165,0 млн.тг - 7,3 км, 2017 жылы – 344,0 млн.тг-14,0 км, 2018 ж-250,0 млн.тг-10км). Келесі жылы қалған бөлігі жөндеуден өткізілетін болады.
Сонымен қатар, 2017 жылы жалпы құны 863,3 млн.теңге, ұзындығы 36 км құрайтын Есет батыр Көкіұлы-Қайнар учаскесі бойынша – 150,0 млн.теңгеге жұмыстар атқарылып, ағымдағы жылы 80,0 млн.теңгеге жұмыстар жалғасуда.
Қазіргі таңда аудандық жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 36,96 км (13,88%). (қанағаттанарлық – 85,87 км (32,25%), қанағаттанарлықсыз – 143,44 км (53,87%).
Аталған жұмыстар толық атқарылғаннан кейін, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы жағдайдағы үлесі 91,66 км-ді (34,42%) құрайтын болады.
Қосымша, ағымдағы жылы, Алға қаласының 4 көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына (Комсомольская, Ағниязов, Иманов және Водопроводная көшелері) 50,0 млн.теңгеге «Асфальт» ЖШС-мен жұмыстар атқарылуда.
Жобаларды даярлау бойынша:
Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, жолдардың жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаларын даярлау бойынша келесідей жұмыстар атқарылуда.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен бөлінген 7,0 млн.теңгеге Нұрбұлақ-Ақтөбе автомобиль жолының құрылысына «ТенгриСтройИнвест» ЖШС-мен жобалау жұмыстары атқарылуда, жолдың ұзындығы 12,5 км-ді құрайды. Бұл жоба арқылы Нұрбұлақ елді мекені облыс орталығына жақын орналасқандықтан, Ақтөбе агломерациясының дамуына үлкен септігін тигізеді деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, 28,0 км Алға-Самбай-Нұрбұлақ, 1,4 км Тамды, 6,0 км Талдысай, 3,0 км Еркінкүш ауылына кіреберіс жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ даярлау үшін қаражат бөлініп, жобалаушы мекемелерді анықтауға конкурс жарияланды.
Аталған жобалар жүзеге асырылғаннан кейін, аудандық жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 185,56 км-ді немесе 70%-ды құрайтын болады.
Қосымша Алға қаласының 5 көшесінің (Чапаев, Транспортный, Пионерская, Наурыз және Желтоқсан көшелері) орташа жөндеу жұмыстарына жалпы құны 272,0 млн.теңгені құрайтын ЖСҚ дайындалып, сараптама қорытындысы алынды. Жобада тратуар мен суағар салу жұмыстары қарастырылған.
Бұған қоса облыстық бюджеттен бөлінген 26,0 млн.теңгеге Алға қаласының 10 көшесінің (Степная, Рабочая, Трудовая, Муратбаева, Ауезова, Атаниязова, Гоголя, Садовая, Казахская, Химик көшелері) және Маржанбұлақ ауылының 2 көшесінің (Әбілқайыр хан, Б.Момышұлы көшелері) автомобиль жол құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалары даярланып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Сонымен қатар, «Туған жер» акциясы аясында «А-Расул2006» ЖШС демеушілігімен Маржанбұлақ ауылының 2 көшесін қайта жаңғыртуға ЖСҚ дайындалуда (қазіргі таңда сараптамадан өткізілуде).
Елбасы Н.Назарбаев «Адами капитал– жаңғырудың негізі» дейді. Бұнда мемлекет басшысы білім, денсаулық, әлеуметтік сала және еңбек нарығы мәселелерін қамтиды. Ауданның білім саласына көз жүгіртсек, қазіргі таңда 29 жалпы білім беретін мектеп бар, оның ішінде 17 орта, 10 негізгі, 2 бастауыш мектептер. Оқушылар саны - 7170.
Мектепке дейінгі білім беретін 31 мекемеде 2744 бала тәрбиеленеді. Оның ішінде 18 бала бақша, 13 шағын орталық. 3-6 жасар балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100 пайызды құрайды.
Ағымдағы жылы Алға қаласында 600 орындық жаңа мектеп-гимназияның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұнда 100 орындық интернат бар. Яғни ауылдық елді мекендерден оқушылар аудан орталығында жатып оқи алады.
2018 жылы 1-4 сынып оқушыларына аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына ыстық тамақ ұйымдастыруға бюджеттен 60,3 млн.теңге бөлінді.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту да басты назарда. Биыл бұл мақсатта облыстық бюджеттен 26,2 млн.теңге бөлініп, олар мектептерге мультимедиялық құралдар мен компьютерлер сатып алуға жұмсалды.
Жаңа технологияны жетілдіруде «Бақытты бала» жобасы аясында Алға № 3 мектебіне интерактивті құралдар, робототехника мен ультра қысқа фокусты құралдар және 3Д принтер сатып алынды.
Бестамақ орта мектебіне 420,0ш.м. жерге спорт құрылғысын (плоскостное сооружение) орнатты (5,6 млн.теңге).
Сондай-ақ, білім мекемелеріне 248,1 млн.теңгеге күрделі және орташа жөндеу жүргізілді, олар:
- Алға қаласындағы №1 бала бақшасы (ОБ – 75,7 млн.теңге) мен Көктоғай негізгі мектебінің шатырын (8.6 млн.теңге) күрделі жөндеу;
- 120,8 млн.теңгеге 4 мектепті (Тоқмансай НМ-17,8 млн.тг, Тамды ОМ-53,3 млн.тг, Байтұрсынов ОМ-52,6, «Нұр талап» шығармашылық орталығы-2,4 млн.тг) ағымдағы жөндеу.
Бұдан басқа облыстық бюджеттен қосымша 25,6 млн.теңгеге № 4 Алға орта мектебін ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Қазіргі таңда барлық мектептер интернетпен қамтамасыз етілген. Дегенмен, кейбір ауылдық мектептерде бұл өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселенің шешімі, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында интернет жылдамдығын арттыру үшін оптикалық - талшықты желілердің салынуымен шешіледі деп жоспарлануда.
«Мемлекет болашағының кілті – қазіргі жаңа технологияларды меңгерген, сонымен бірге түп-тамырынан ажырамаған, салты мен дәстүрін, тарихын білетін нағыз сапалы азаматтарда» дейді Елбасымыз.
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін 31 жас маманға 5,2 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді. Сондай-ақ тұрғын үй сатып алу мақсатында 23 маман 72,1 млн.теңге көлемінде бюджеттік несие алды.
Денсаулық сақтау саласында Алға ауданында тәуліктік және күндізгі стационар жұмыс жасайды. Аудандық аурухана құрамында 1 емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП), 19 медициналық пункт (МП) бар. Барлық дәрігерлік амбулаториялар телефондармен, компьютермен, орг.техникалармен және автотранспортпен қамтамасыз етілген.
Ағымдағы жылдың 9 айында денсаулық көрсеткіштеріне тоқталсақ: 451 бала туылған, өлім деңгейі 173 адам немесе табиғи өсім 278 адамды құрап отыр.
Туберкулезбен ауыратын 53 адам тіркелген (2017 ж-52), 1 адам қайтыс болған (2017ж-0). Онкология аурушандығы 59 адам тіркелген (2017ж-54), 12 адам қайтыс болған (2017ж-18).
Нәресте шетінеуі 7 жағдайды құрап отыр (өткен жылы 4 сәби). Ана өлімі тіркелген жоқ.
Мәдениет саласында барлығы 27 мәдениет нысаны халыққа қызмет көрсетуде.
Биылғы жылы 3 мәдениет нысанын күрделі және ағымдағы жөндеуге 64,1 млн.теңге бөлінді
- Алға аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеу- 24,1 млн.теңге (16,3 млн.теңге игерілді);
- Қарақобда ауылының мәдениет үйін ағымдағы жөндеу – 10,0 млн.теңге;
- Үшқұдық мәдениет үйін күрделі жөндеу – 79,3 млн.теңге (аяқталу үстінде).
Сонымен қатар, «Туған жер» акциясы аясында «Айбек» өндірістік кооператив басшысы Самат Қалдығұловтың демеушілігімен 118,0 млн.теңгеге Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылына мәдениет үйі салынуда.
Бұл салада есепті кезеңде барлығы- 680 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды.
Әлеуметтік салада 2018 жылдың 1 қазанына аудан бойынша 586жұмыссыз адам тіркелген (жұмыссыздық деңгейi 3,1%). Жыл басынан 653 жаңа жұмыс орындары ашылды (111,2 пайыз). 1771 адамға жұмысқа орналастыру шаралары өткізілді (144 пайыз). 72 адам «Жастар тәжірибесіне» жолданды, 64 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, 464 адам ақылы қоғамдық жұмысқа қатысты;
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында кәсібін әрі қарай дамытуға және өз ісін ашуға 43 адамға шағын несие (193,8 млн.тг)берілді.
Құқықбұзушылық және қоғамдық қауіпсіздік. 2018 жылдың 8 айында ауданда 174 қылмыс түрлері тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 20,9 % азайған. Оның ішінде аса ауыр қылмысқа жататын 3 қылмыс тіркелді. Ауыр қылмыстың саны 14-тен 10-ға азайған. Осы кезеңде ауданда 8 жол-көлік оқиғалары тіркелген.