Аудандық мәслихат

Жұмабаев Бақберген Нәбиұлы
Жұмабаев Бақберген Нәбиұлы 01 шілде 1956 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу селосында дүниеге келген. 1978 жылы Батыс –Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Агрономия» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы Алға аудандық өсімдіктерді қорғау стансасының аға агрономы болып бастаған.
1981 – 1983 жылдар аралығында аудандық Комсомол комитетінің Комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
1983-1988 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің кеңесшісі, №1599 әскери бөлімінің орынбасары, атқару комитетінің нұсқаушысы, аудандық халықтық бақылау комитетінің инспекторы, аудандық комитетінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
1988 – 1994 жылдар аралығында Нариманов атындағы ұжымшардың хатшысы, төрағасының бірінші хатшысы, Бессараб селолық Кеңесінің төрағасы болып еңбек етті.
1994-1996 жылдар аралығында Сарықобда селолық округі әкімшілігінің басшысы, Сарықобда селолық округ әкімі, аудандық мәслихаттың бас маманы болып жұмыс жасаған.
1996-2002 жылдар аралығында Алға қаласының әкімі, аудан әкімі аппаратының бөлім бастығы болып еңбек етті.
2002 -2014 жылдар аралығында аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2014 жылдың қазан айынан бастап Алға ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етуде.
Байланыс телефоны: 4-26-38