Қабылданған

2019 жыл 6 наурыз №100
Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының
мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4тармағының 8-1) тармақшасына және 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Қонжарға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі Н. Алдияров
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Ақтөбе облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 12.03.2019
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 5990 болып енгізілді
Результаты согласования
Акимат Актюбинской области - руководитель отдела Бауыржан Абдигалиевич Досымов, 06.03.2019 10:56:12, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
Департамент юстиции Актюбинской области - Руководитель департамента Бекбулат Жуматаевич Колумбаев, 06.03.2019 17:48:42, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
Результаты подписания
Акимат Алгинского района - Аким Алгинского района Нагымжан Смагулович Алдияров, 06.03.2019 17:58:54, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5990 болып енгізілді
Алға ауданының әкімдігінің« 06 » наурыз 2019 ж.
№ 100 қаулысымен бекітілді
Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны /теңге/
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы ата-ана төлемақысының бір күнге мөлшері /теңге/
Балабақша
Балабақша
Балабақша
қалалық жерде орналасқан
1
«Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№1 «Еркетай» Алға бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
320
18871
450
2
«Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «№2 «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
120
21667
450
3
«Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№3 «Гүлдер» Алға балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
60
34027
450
4
«Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің №4 «Балбөбек» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
280
19778
450
5
«ҚасиетАБИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
180
19354
450
6
«НұрБалаБи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
161
19354
450
ауылдық жерде орналасқан
7
«Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Жұлдыз-ай» Тамды бөбекжай -балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
50
20528
400
8
«Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны
180
17866
400
9
«Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балапан» Маржанбұлақ балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
85
17204
400
10
«Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айналайын» «Тоқмансай балалар бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны
50
23583
400
11
«Еркебұлан- Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
60
19354
400
12
«Тәтті бала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
20
19354
400
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Ақтөбе облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 12.03.2019
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне 5990 болып енгізілді
Результаты согласования
Акимат Актюбинской области - руководитель отдела Бауыржан Абдигалиевич Досымов, 06.03.2019 10:56:12, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
Департамент юстиции Актюбинской области - Руководитель департамента Бекбулат Жуматаевич Колумбаев, 06.03.2019 17:48:42, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
Результаты подписания
Акимат Алгинского района - Аким Алгинского района Нагымжан Смагулович Алдияров, 06.03.2019 17:58:54, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
Алға ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 330 «Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына баспасөз-релизі
«Алға ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 330 «Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы» қаулысы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес әзірленді.
Қаулыны қабылдаудың нақты мақсаты Алға ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының өзгетуі болып табылады.
Қаулыны жүзеге асыру әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электонды Үкімет» порталының НҚА бөлігінде орналастырылды.
2019 жылға Алға ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасы
Баспа-релизі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 болып тіркелген) сәйкес, , аудан әкімдігі қаулысы енгізу көзделген:
Алға аудандық қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылы 18 ақпанындағы № 6 хатымен алынды
Қаулыны жүзеге асыру әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электронды Үкімет» порталының НҚА бөлігінде орналастырылды.
«2019 жылға Алға ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасы
Баспа-релизі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі қаулысы енгізу көзделген:
Алға аудандық қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылы 18 ақпанындағы № 6 хатымен алынды
Қаулыны жүзеге асыру әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электронды Үкімет» порталының НҚА бөлігінде орналастырылды.
«Алға ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» қаулысының жобасына
БАСПА – РЕЛИЗІ
Алға аудандық білім бөлімінің шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін нақтылануға байланысты «Алға ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» қаулы жобасы ұсынылып отыр.
Алға аудандық білім бөлімінің шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту «Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілерінің қауымдастығы»заңды тұлғалардың бірлестігінің 13 ақпан 2019 жылғы №46, Ақтөбе облысы бойынша фармацептикалық қызметті қолдау және дамыту Ассоциациясының13 ақпан 2019 жылғы №43, Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 13 ақпан 2019 жылғы №0341-0403 және «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің 13 ақпан 2019 жылғы №46 келісім хаттарына сәйкес «Алға ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» қаулы жобасы бекітуге ұсынылып отыр.
«Алға ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» қаулысының жобасы Алға ауданы әкімінің ресми парақшасы www.alga.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылғы 25 ақпанды, e.gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 5 ақпанында 2019 жылы орналастырылды.
Алға аудандық білім бөлімінің «Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысының жобасына
БАСПА – РЕЛИЗІ
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін нақтылануға байланысты «Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобасы ұсынылып отыр.
Алға аудандық білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдардың сұраныстары және Ақтөбе облысы, Алға ауданының қоғамдық кеңесінің 12 желтоқсан 2018 жылғы №53, «Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілерінің қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің 10 желтоқсан 2018 жылғы №310, Ақтөбе облысы бойынша фармацевтикалық қызметіқолдау және дамыту Ассоциациясының 10 желтоқсан 2018 жылғы №297, Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 24 желтоқсан 2018 жылғы №3433-0403 және «Кәсіпкерлердің құқын қорғайтын ассоциация» заңды тұлғалар бірлестігінің 10 желтоқсан 2018 жылғы №375 келісім хаттарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы ата-ана төлемақысының бір күнге мөлшері өзгертіліп отыр:
- қалалық жерде орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында 450 теңгеге көтеріліп отыр;
- ауылдық жерде орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында 400 теңге көлемінде қалдырылды.
«Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобасы бекітуге ұсынылып отыр.
Алға аудандық білім бөлімінің «Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысының жобасы www.alga.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылғы 4 қаңтарында, e-gov ашық нормативтік – құқықтық актілер порталында 25 желтоқсан 2018 жылы орналастырылды. Алға аудандық кеңесінің қорытындысы 2018 жылғы 12 желтоқсанда №53 хатымен алынды.
Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының
мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4тармағының 8-1) тармақшасына және 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Қонжарға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі Н. Алдияров
Алға ауданының әкімдігінің«___»__________2019 ж.
№___ қаулысымен бекітілді
Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны /теңге/
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы ата-ана төлемақысының бір күнге мөлшері /теңге/
Балабақша
Балабақша
Балабақша
қалалық жерде орналасқан
1
«Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№1 «Еркетай» Алға бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
320
18871
450
2
«Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «№2 «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
120
21667
450
3
«Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№3 «Гүлдер» Алға балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
60
34027
450
4
«Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің №4 «Балбөбек» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
280
19778
450
5
«ҚасиетАБИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
150
33299
450
6
«НұрБалаБи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
161
32697
450
ауылдық жерде орналасқан
7
«Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Жұлдыз-ай» Тамды бөбекжай -балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
50
20528
400
8
«Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны
180
17866
400
9
«Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балапан» Маржанбұлақ балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
85
17204
400
10
«Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айналайын» «Тоқмансай балалар бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны
50
23583
400
11
«Еркебұлан- Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
36878
400
12
«Тәтті бала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
20
23619
400
2019 жылға Алға ауданы бойынша
пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 болып тіркелген) сәйкес, Алға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға Алға ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінің Алға аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Қонжарға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Алдияров
2019 жылға Алға ауданы бойынша
ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін
айырылған немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастар қатарындағы
азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Алға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға Алға ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінің Алға аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Қонжарға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Алдияров
2019 жылға Алға ауданы бойынша
бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Алға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2019 жылға Алға ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінің Алға аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Қонжарға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Алдияров
Алға ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен
тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31,37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңының 27 бабына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Алға ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі 6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Алға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 481 «Алға ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4674 тіркелген, 2016 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. «Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық бекітілген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) аумақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеу;
2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялау үшін осы қаулыны жіберу;
3) аталған қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары А. Қонжарға жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Алдияров
Алға ауданының әкімдігінің
«____» ________201 __ ж.
№ ___ қаулысына
№ 1 қосымша
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тоқмансай ауылында тұратын балаларды Қайнар ауылында орналасқан
Тоқмансай орта мектебіне тасымалдау схемасы
«Қайнар – Тоқмансай», «Тоқмансай – Қайнар»
Тоқмансай а.
Қайнар а.
* L=22,36 км
*L
-мектепке дейінгі қашықтық
-автобустың қозғалыс бағыты
Тас жол
Мектеп, аялдама
Алға ауданының әкімдігінің
«____» ________201 __ ж.
№ ___ қаулысына
№ 2 қосымша
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Көктоғай ауылында тұратын балаларды Маржанбұлақ ауылында орналасқан Маржанбұлақ орта мектебіне тасымалдау схемасы
«Көктоғай – Маржанбұлақ», «Маржанбұлақ – Көктоғай»
*L=130.14 км
*L
-мектепке дейінгі қашықтық
-автобустың қозғалыс бағыты
Тас жол
Мектеп, аялдама
Алға ауданының әкімдігінің
«____» ________201 __ ж.
№ ___ қаулысына
№ 3 қосымша
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қайындысай ауылында тұратын балаларды Маржанбұлақ ауылында орналасқан Маржанбұлақ орта мектебіне тасымалдау схемасы
«Қайындысай – Маржанбұлақ», «Маржанбұлақ – Қайындысай»
*L=29.2 км
*L
-мектепке дейінгі қашықтық
-автобустың қозғалыс бағыты
Тас жол
Мектеп, аялдама
Алға ауданының әкімдігінің
«____» ________201 __ ж.
№ ___ қаулысына
№ 4 қосымша
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Жерұйық ауылында тұратын балаларды Маржанбұлақ ауылында орналасқан
Маржанбұлақ орта мектебіне тасымалдау схемасы
«Жерұйық – Маржанбұлақ», «Маржанбұлақ – Жерұйық»
*L=155,18 км
*L
-мектепке дейінгі қашықтық
-автобустың қозғалыс бағыты
Тас жол
Мектеп, аялдама
Алға ауданы әкімдігінің
«____» ____ 201___ ж
№ ____ қаулысына
№5 қосымша
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылының Батыс жаңақоныс және Шығыс жаңақоныс
ауданында тұратын балаларды Маржанбұлақ орта мектебіне және кері үйіне дейін
тасымалдаумен қамтамасыз ету схемасы
*L=10 км
*L
-мектепке дейінгі қашықтық
-автобустың қозғалыс бағыты
Тас жол
Мектеп, аялдама
Алға ауданы әкімдігінің 20__ жылғы __ ________ № _____ қаулысына 6 қосымша
Алға ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Алға ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы тәртібі Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген.
2. Тасымалдаушыға және автокөлiк құралдарына тасымалдау кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнінде қойылатын талаптар
2. Балаларды тасымалдау арнайы автобустармен жүргiзiледi.
3. Балаларды тасымалдау ұйымдастырылуы мүмкін, егер:
1) aвтомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;
2) автомобиль жолдарының жай-күйi және олардың жөнделуі жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес болған жағдайда;
4. Балаларды тасымалдауға тасымалдаушылар немесе тасымалдаушы қызметін өз бетінше атқаратын тапсырыс берушілер төмендегі қызметтерді көрсетуге мүмкіндігі болған жағдайда және талаптарға сай болғанда ғана жіберіледі:
1) «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бiлiктiлiгi және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаты болғанда;
2) тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына сай келетiн және тиiстi тасымалдау түрiне жарамды көлiк құралдары.
5. Балаларды автобуспен тасымалдауға жасы кемiнде жиырма бестен кем емес, соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалыс ережесiн өрескел бұзбаған, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар жүргiзушiлер жiберiледi.
6. Автобустарда багаж қоятын бөлiмшеден тыс орында жүк, оның iшiнде багаж тасымалдауға жол берілмейді.
7. Автокөлiк құралдарын пайдалануға олардың иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылған жағдайда ғана жол берiледi.Сондай-ақ мiндеттi сақтандыруға жолаушылар мен багаж тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдарымен жол жүрген кезде жолаушылардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi де мiндеттi сақтандырылуға жатады.
3. Автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар
8. Балаларды тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық байқаудан өткен көлiк құралдары жiберiледi. Бұл ретте автобустардың конструкциясы мен техникалық жағдайы тиiстi стандарттардың талаптарына сай болуы қажет. Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустар:
- дәрiлер мен медициналық құралдардың қажеттi жинағы бар медициналық қобдишамен (автокөлiктiк);
- автокөлiктер ылди жолда тоқтаған кезде өздiгiнен жүрiп кетуден сақтайтын орнықтырғыш құралдармен;
- авариялық аялдау белгiсiмен;
- ақаусыз өрт сөндiру құралдарымен;
- жол-көлiк оқиғасы жағдайында әйнектерді сындыру және есіктерді, терезелерді, авариялық люктердi жедел ашудың тиiстi құрал-саймандарымен және оларға ақпараттық тақтайшалармен жабдықталынуы қажет.
9. Балаларды тасымалдауға арналған автобустарда мыналар болуы тиіс:
- ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер;
- есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;
- жабық тұрған жағдайда жолаушылар салонға және жүргiзушi отыратын кабинаға атмосфералық жауынның кiруiн болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
- берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;
- жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және тыстарының бүтін болуы;
- тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi. Салон еденiнiң жамылғысы бүтін материалдан жасалуы тиiс;
- шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр әйнектері. Терезе ойығын ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен 30 %-дан артық жабуға болмайды;
- жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, жолаушылар салоны құрал-саймандармен қосалқы бөлшектер тиелмеуі тиіс.
10. Жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустардың салондарын ылғалды материалмен сүрту ауысымында кемінде екі рет және ластану шамасына қарай жүргізіледі.
11. Сыртқы қорапты жуу ауысымнан кейiн жүргізіледі.
12. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың алдында және артында «Балаларды тасымалдау» деген айырықша белгiлері мен сары түсті жылтыр шағын маяк орнатылады. Жазу қара түспен жазылып (шрифтың биiктiгi 120 мм кем емес) тiкбұрышты етіп қоршалады. Санитарлық паспортымен жабдықталған болуы тиіс.
4. Балаларды тасымалдау тәртiбi
13. Балаларды тасымалдау техникалық жағдайы автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүкті тасымалдау қағидасының талаптарына жауап беретін, кемiнде екi есiгi бар автобустармен жүзеге асырылады.
14. Балалардың тасымалдауын ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы, немесе ұқсас қызмет көрсету мүмкіндігі ұсынылған жағдайда тасымалдаушының қызметтерін дербес орындайтын тапсырыс беруші аудандардың жергiлiктi атқарушы органдары мен мектеп әкімшілігімен бiрлесе отырып, маршруттарды және балалардың мiнiп түсуiне оңтайлы орындарды белгiлейдi.
15. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың көлік жолына шығуын кетуін болдырмайтындай жеткілікті кең болуы тиіс. Алаңдар жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерінен бөлек орналасуы тиіс.
16. Балалардың тасымалын ұйымдастырушы үнемi (айына кемінде 1 рет) балалардың мiнiп-түсетiн орындарының жағдайын тексереді.
17. Егер балаларды қараңғы уақытта тасымалдаған жағдайда алаңдар жасанды жарықтандырғыш қондырғылармен жабдықталуы тиiс.
18. Күз-қыс айларында алаңдар балшықтан, қардан, мұздан тазартылуы қажет.
19. Балаларды түнгi уақытта (кешкi 22-ден таңғы сағат 6-ға дейiн), сондай-ақ тұманда, көктайғақта немесе басқа да қолайсыз жағдайларда тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
Қорытынды ережелер
Алға ауданының шалғайдағы елді-мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Алға ауданы бойынша салық салу объктісінің орналасуын
ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2.«Алға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Алға аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары Г.Ахметоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі .
Аудан әкімі Н.Алдияров
КЕЛІСІЛДІ:
«Алға ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________________С.Мұқанов
« __ » ________2019 жыл
Алға ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «__»______ № __
қаулысымен бекітілген
Алға ауданы бойынша салық салу объктісінің орналасуын
ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
р/н
Округтің атауы
Елді мекен атауы
Аймаққа бөлу
коэффициенті
1.
Алға қалалық округі
Алға қаласы
2,20
Подхоз тұрғын массиві
1,50
2.
Ақай ауылдық округі
Ақай ауылы
1,95
Көлтабан ауылы
1,40
3.
Бесқоспа ауылдық округі
Есет батыр Көкіұлы ауылы
1,95
Қызыл ту ауылы
1,15
4.
Бестамақ ауылдық округі
Бестамақ ауылы
2,20
Бесқоспа ауылы
1,95
42 разъезд
1,35
5.
Қарағаш ауылдық округі
Самбай ауылы
1,95
Нұрбұлақ ауылы
1,80
6.
Қарабұлақ ауылдық округі
Қарабұлақ ауылы
1,95
Амангелді ауылы
1,60
7.
Қарақобда ауылдық округі
Қарақобда ауылы
1,85
Ерназар ауылы
1,30
Құмсай ауылы
1,25
8.
Маржанбұлақ ауылдық округі
Маржанбұлақ ауылы
1,95
Қайындысай ауылы
1,80
Қарағандысай ауылы
1,15
9.
Сарықобда ауылдық округі
Сарықобда ауылы
1,85
Болгарка ауылы
1,85
10.
Тамды ауылдық округі
Тамды ауылы
1,95
Еркінкүш ауылы
1,50
Талдысай ауылы
1,60
11.
Тоқмансай ауылдық округі
Қайнар ауылы
2,05
Тоқмансай стансасы
1,50
Тоқмансай ауылы
1,95
Өлетті ауылы
1,20
12.
Үшқұдық ауылдық округі
Үшқұдық ауылы
1,95
Жерұйық ауылы
1,70
Ақсазды ауылы
1,15
13.
Қарақұдық ауылдық округі
Қарақұдық ауылы
1,95
Көктоғай ауылы
1,50
Тікқайын ауылы
1,50