Ереже

Аудан әкімдігінің
«____»_____________ 2010 жылғы
№ ________ қаулысымен
бекітілді
«Алға ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Е Р Е Ж Е
1 тарау. Жалпы ережелер
1.1«Алға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Аппарат) Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген тәртіпте құрылған мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады.
1.2.Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республика Президентінің, Үкіметінің актілеріне және облыс әкімі мен әкімдіктері актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сол сияқты осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
1.3.Аппарат заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған елтаңбалық мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қазынашылық Комитеті органдарында шоттары болады. Аппарат азаматтық-құқықтық қарым қатынастарға жеке өзінің атынан шығады.
1.4Аппарат әкiмнiң қызметiн қамтамасыз ететiн әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырадын мемлекеттiк мекеме;
1.5.Аппарат өз құзырының шегінде, заңнамамен белгіленген тәртіпте бұйрық түрінде тиісті аумақта міндетті күші бар актілер шығарады.
1.6.Аппаратының құрылтайшысы Алға ауданының әкімдігі болып табылады.
Аппаратының құрылтайлық құжаттары осы Ереже болып табылады.
1.7.Аппарат қызметін қаржыландыру аудандық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
1.8.Аппараттың штаттық санының лимиті аудан әкімдігінің қаулысы мен аудан бюджеті есебінен ұсталатын қызметкерлердің еңбекақысын қаржыландырудың Үкіметпен бекітілген біріңғай жүйесіне сәйкес анықталып, бекітіледі.
1.9.Аппараттың штаттық кестесі аудан әкімдігінің қаулысымен штаттық сан мен еңбекақы қоры лимитінің шегінде бекітіледі.
1.10Аппаратының мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Алға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Орыс тіліндегі толық атауы – государственное учреждение «Аппарат Акима Алгинского района».
1.11.Аппараттың заңды мекенжайы: индекс 030200 Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Алға қаласы, 5 мөлтек ауданы 4 үй.
2 тарау. Функциялары, негізгі міндеттері және құқықтары.
2.1.Аппарат Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген функцияларды (міндеттерді) жүзеге асырады.
2.2.Аппараттың негізгі міндеттері:
1)Қазақстан Республикасының заңдарымен, егер аппарат қызметі осындай актілермен реттелетін болса;
2)аппаратты құру туралы актімен (қаулымен);
2.3 мемлекеттік мекеменің (Аппараттың) құқықтары болып мемлекеттік органның негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға қажетті, заң актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құқықтар белгіленеді.
3 тарау. Аппараттың мүлкі
3.1.Аппараттың жедел басқару құқығында дербес мүлкі бар. Аппараттың мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаржыдан, сондай-ақ құны баланста көрсетілген басқа да мүліктен тұрады. Аппарат өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше оқшаулауға немесе басқа жолмен иелік етуге құқығы жоқ. Мүліктің иесі Алға ауданының әкімдігі болып табылады.
4 тарау. Аппараттың қызметін ұйымдастыру.
4.1Аппаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайтып және қызметінен босататын аудан аппаратының басшысы басқарады.
4.2 Аппарат аудан әкімі,оның орынбасарларының атына түскен арыздар мен хаттарды қарау, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру, хатта көрсетілгендерді анықтап, шара қолдану, округтер әкімдерінің, бөлімдердің, комитеттер, ведомстволар, ұйымдарда, басқармаларда келіп түскен хаттармен жұмыс жағдайын анықтайды;
4.3 Аппарат Алға ауданы аумағында Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіпте нормативтік құқықтық актілері тіркеуді ұйымдастырады;
4.4. аудан аппаратының басшысы тиісті әкімшілік-аумақтық бөлiнiс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкiлдiк етедi;
4.5. аудан аппаратының басшысы Аппарат жұмысын ұйымдастырып басқарады және Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және қызметтерінің іске асырылуына дербес жауапты.
4.6 Аппарат ауданда болып жатқан экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге, экономика мен ауданның қоғамдық өміріндегі келеңсіз жағдайларды анықтап, қабылданған актілермен тапсырмаларды орындалуын қамтамасыз етеді.
4.7 Аппарат құрылымын аппарат басшысы, оның құрылымдық бөлімшелері — бөлімдер, құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі және бас мамандары, аппараттың басқа да лауазымды тұлғалары құрайды.
4.8 Құрылымдық бөлімшелерді аппарат басшысының ұсынысы бойынша аудан әкімімен қызметке тағайындайтын және босататын құрылымдық бөлімшелердің басшылары басқарады.
4.9 Зейнет жасына жеткен аппарат қызметшілерін зейнетақымен қамтамасыз ету мемлекеттік қызмет және зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес іске асырылады.
4.10 аудан әкімі аппататының құрлымдық басшылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың әрбір фактісі бойынша, бағынысты құрлымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауап береді
4.11 Осы мақсатта аудан аппаратының басшысы:
1) Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алады;
2) Аппарат кадрларын таңдау мен тағайындау жөніндегі жұмысты іске асырады, Аппараттың техникалық қызметкерлерді және азаматтық қызметкерлерді тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Аппараттың техникалық қызметкерлерді және азаматтық қызметкерлерін ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;
4)Барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Аппарат атынан сөйлей алады.
5) Азаматтардың арыз, шағым, өтініштерін қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға шаралар алады;
6) аудан әкімі, оның орынбасарлары әкімшілік аппараттының қызметін материялдық-техникалық және қаржылай, шаруашылық жағынан қамтуға көмек етеді;
7) жергілікті өзің-өзі басқару органдарымен бірігіп әрекет етеді;
8) аудан әкімі басшылығын селолық округ әкімдерімен, комитеттер, басқармалар, ведомствалар, қоғамдық ұйымдар, партиялар,көпшілік ақпрат құралдарымен өзара қамтамасыз етеді.
9) аудан әкімдігі және әкімі мен қабылданған актілердің орындалуын бақылау бойынша жұмыстарды жүзеге келтіреді;
10) жергілікті бюджетті бекітуді (нақтылауда) қалалық, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат сессиясының жұмысына қатысады;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
12) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4.12.Осы ережеден барлық туындайтын тәртіпті аудан әкімі аппаратының басшысы басшылыққа алады.
5 тарау. Аппаратты қайта құру және тарату.
5.1.Аппаратты қайта құру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Аппарат таратылғаннан кейін қалған мүлік, мүлік иесіне ауысады.