Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстық құжаттама

Алға ауданының ауыл
шаруашылығы бөлімінің
2016 жыл «12» тамыздағы № 4
бұйрығымен бекітілген
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстық құжаттама
I. Кіріспе
1. Осы конкурстық құжаттама жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру жөнінде өткізілетін қайталама конкурс туралы толық ақпарат беру мақсатында дайындалды.
2. Қайталама конкурсқа қойылатын балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі:
Су айдынның атауы
Бекітіп беру мерзімі
Балық шаруашылығын жүргізу мақсаты
Балықтандырудың жыл сайынғы көлемі
1
Алға ауданы Үлкен Ақай тоғаны
10 жыл
КТБШ
Карп 8000 дана
2
Алға ауданы Кіші Ақай тоғаны
10 жыл
КТБШ
Карп 3 400 дана
3
Алға ауданы Көшпейке тоғаны
10 жыл
КТБШ
Карп 8800 дана
ІІ. Конкурсты өткізу тәртібі
3. Конкурс ҚР Ауыл шарушылығы министрінің 19.03.2015 жылғы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларына сәйкес Алға ауданы әкімдігі ғимаратында 26. 08.2016 жылы өткізіледі.
4. Конкурстық өтінім конкурс жарияланған күннен бастап, 25.08.2016 жылы сағат 1800 дейін /жұмыс уақытында/ Алға қаласы, 5 мөл ауд 4 үй, 1 қабат 1 кабинетте /тел: 8 (71337) 42639,42149 қабылданады.
5. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары мен қажетті құжаттар тізбесі ҚР Ауыл шарушылығы министрінің 19.03.2015 жылғы № 18-04/245 «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» бұйрығында көрсетілген.
6. Қайталама конкурсқа балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу үшін негізгі құрал-жабдықтарды, технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдарды жалға алуға (көшірмесі) жол беріледі. Бұл жағдайда жалға алу мерзімі су айдынын бекітіп беру жоспарланған мерзімінен кем болмауы тиіс.
7. Конкурстық құжаттаманы 25.08.2016 жылы сағат 1800 дейін Алға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен /2 кабинет/ немесе Алға әкімдігінің http:/alga.aktobe.gov.kz/ ресми сайтынан алуға болады.
8. Өтінім тігілген күйінде, нөмірленген беттерімен беріледі және соңғы беті қол қою арқылы және мөрмен куәландырылады (бар болғанда).
9. Жеке не заңды тұлғалар әрбір мәлімделетін балық шаруашылығы су айдынына жеке конкурстық өтінім дайындап, оны:
1) қатысушының толық атауы мен мекенжайы;
2) Конкурсты ұйымдастырушының мекенжайы;
3) «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс» деген сөздер көрсетілген мөр басылған конвертте ұсынады.
IIІ. Қорытынды
10. Ауданның жергілікті атқарушы органы конкурстың нәтижесі туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Конкурс жеңімпазына су айдынын бекітіп беру туралы шешім шығарады. ЖАО шешімі негізінде 15 жұмыс күні ішінде Конкурс жеңімпазы арасында балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасалады.
Егер Конкурс жеңімпазы балық шаруашылығын жүргізуге арналған шартқа қол қоймаса, онда ұйымдастырушының ұсынысы бойынша балық шаруашылығы су айдыны Конкурс жеңімпазының рейтингтік бағасынан кейін рейтингтік бағасы ең жоғары Конкурсқа қатысушыға бекітіп беріледі.
ҚР Ауыл шарушылығы министрінің 19.03.2015 жылғы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары /бұдан әрі Қағида/
Конкурстық өтінім:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі Конкурсқа қатысуға арналған өтінішті (түпнұсқа);
2) өтінім берушінің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:
жеке тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе төлқұжатын, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқық беретін құжаттарды (көшірмесі);
заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті (көшірмесі);
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2015 жылғы № 18-04/287 бұйрығымен бекітілген үлгі нысан бойынша өтінім берушінің басшысы бекіткен әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша үш жылға арналған балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын (балық шаруашылығы одан әрі жүргізу ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2015 жылғы № 18-05/290 бұйрығымен сәйкес бекітілген Балық шаруашылығын жүргізу қағидаларымен реттеледі) (түпнұсқа);
салық берешегінің болмауы (болуы) туралы анықтаманы (көшірмесі);
Заңның 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мыналарды жүзеге асыру үшін сервитут беру туралы өтінім берушінің басшысы қол қойған жазбаша міндеттемені (түпнұсқа):
бақылау үшін аулауды - ведомствоға және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне;
ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке немесе заңды тұлғаларға;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды - жеке тұлғаларға сервитут ұсыну туралы жазбаша міндеттемені (түпнұсқасы) қамтуы тиіс.
Өсімін молайту іс-шараларына (балықтандыруға) қаржы қаражатын салу туралы мәліметтерді аумақтық бөлімше береді (бұдан бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері) бекітіп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін).
Қосымша қажет құжаттар:
1) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында (ащы-тұзды су айдындарын қоспағанда) Каспий, Арал теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Бұқтарма, Шүлбі, Шардара, Алакөл көлдері жүйесі, Ертіс өзені, Қапшағай су қоймасы, Жайық, Қиғаш, Сырдария өзендері үшін:
осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу* жөніндегі негізгі құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама (бұдан әрі - негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама) (түпнұсқа);
ескертпе: *өңдеу осы Қағидалардың 49-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген су айдындары үшін балық шикізатын өңдеуді (оның ішінде термикалық), бөлшектеуді (қабыршығынан аршуды, бөлшектеп бөлуді, сүбе етін алуды, басын кесіп алуды, терісін сыпыруды, етін тартуды, ішек-қарнынан тазартуды), қақтауды, суықтай ыстауды, ыстықтай ыстауды, балық ұнын (майын) (бар болса) өндіруді білдіреді.
Қатысушы негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама берген кезде балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау мен өңдеу бойынша мәлімделген технологиялық жабдықтардың қуаты балық шаруашылығы учаскесінің немесе су айдынының әлеуетті қуатынан кем болмауға тиіс, ол мына формула бойынша анықталады:
V=VL/SY, мұнда:
SY – соңғы үш жылдын су айдынындағы орташа учаскелерінің саны;
VL - соңғы үш жылда су айдынында балық ресурстарын аулаудың белгіленген лимитінің орташа көлемі;
SY – мына формула бойынша анықталады:
SY=(Y1+Y2+Y3)/3, мұнда:
Y1, Y2, Y3 – конкурс өткізу жылының алдындағы үш жылда учаскелерінің саны.VL мына формула бойынша анықталады:
VL=(L1+L2+L3)/3, мұнда
L1, L2, L3 – конкурс өткізу жылының алдындағы үш жылда аулаудың заңнамаға сәйкес белгіленген лимиттері.
конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен бір айдан ерте берілмеген қатысушының атына тіркелген аулаушы және көліктік флот, оның ішінде шағын көлемді флот туралы мемлекеттік кеме тізілімінен көшірме (түпнұқса);
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.01.2015 жылғы № 7-1/37 бұйрығымен бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша балық өнімінің экспорты үшін есеп нөмірінің болуы туралы растама (көшірме);
2) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру мақсатында басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (түпнұсқа);
конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен бір айдан ерте берілмеген қатысушының атына тіркелген аулаушы және көліктік флот, оның ішінде шағын көлемді флот туралы мемлекеттік кеме тізілімінен көшірме (түпнұқса);
3) ащы-тұзды су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
жинау және бастапқы өңдеуден өткізу үшін меншігінде құралдардың болуы туралы мәліметтер (түпнұсқа);
негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (түпнұсқа);
4) жергілікті маңызы бар балықтардың қырылып қалу қаупі төнген су айдындары мен (немесе) учаскелері үшін:
осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы мелиоративтік жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (бұдан әрі – мелиорациялық жұмыстардың жүргізілуі туралы анықтама) (түпнұсқа);
5) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен бір айдан ерте берілмеген қатысушының атына тіркелген жүзу құралдары туралы мемлекеттік кеме тізілімінен көшірме (түпнұсқа);
балық шаруашылығы және туризм саласында мамандардың болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарттары мен дипломдардың көшірмелері);
қатысушының жеке меншігінде өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жер учаскесінің болуын растайтын құжаттар (көшірме);
қатысушының жеке меншігінде жер учаскесіндегі инфрақұрылымның болуын растайтын құжаттар;
қатысушының жеке меншігінде автомобиль көлігінің болуын растайтын құжаттар;
аулау құралдарының болуы туралы мәліметтер (көшірмесі);
6) КТБШ үшін:
ғылыми ұсыныстар негізінде КТБШ құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу жөнінде үш жылдан аспайтын мерзімге арналған аумақтық бөлімшемен келісімделген және өтінім берушінің басшысы бекіткен балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқа);
мелиорациялық жұмыстардың жүргізілуі туралы анықтама (түпнұсқа);
балық шаруашылығы саласында маманның болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарты мен дипломның көшірмелері);
7) шарбақтық балық өсіру шаруашылығы үшін:
шарбақтық балық өсіру шаруашылығын құру бойынша үш жылдан аспайтын мерзімге арналған балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқа);
барлық растайтын құжаттар қоса тіркелген балық өсіру үшін меншік құқығында шарбақтың болуы (көшірмесі);
балық шаруашылығы саласында маманның болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарты мен дипломның көшірмелері);
меншік құқығында тұйықталған сумен жабдықтау қондырғыларында балық өсіру және оны тасымалдау өндірісінің болуы (тірі балық тасу машиналары) (көшірме).
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;
2) Балық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша осының алдындағы жылдар үшін берешектің болмауы.
Өтінім жасалған су айдынына және (немесе) учаскесіне байланысты:
1) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында (ащы-тұзды су айдындарын қоспағанда) Каспий, Арал теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Бұқтарма, Шүлбі, Шардара, Алакөл көлдері жүйесі, Ертіс өзені, Қапшағай су қоймасы, Жайық, Қиғаш, Сырдария өзендері үшін:
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өңдеу жөніндегі негізгі өндірістік құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтардың және өзге де материалдық-техникалық құралдардың қатысушының меншік құқығында болуы;
меншік құқығында балық аулау (ұстау) флоты мен кәсіпшілік аулау құралдарының болуы;
2) ащы-тұзды су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
жинау және бастапқы өңдеу үшін құралдардың меншік құқығында болуы;
негізгі құрал-жабдықтардың меншік құқығында болуы;
3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу мақсатында басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
меншік құқығымен жүзу құралдарының және автомобиль көлігінің, өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің жағалауында инфрақұрылымы бар жер учаскесінің болуы;
4) КТБШ жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
балық шаруашылығы саласында маманның болуы;
меншік құқығымен балық өсіру-мелиоративтік техниканың болуы;
5) шарбақтық балық өсіру шаруашылықтарын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
балық өсіру үшін шарбақтардың меншік құқығында болуы;
балық шаруашылығы саласында маманның болуы;
тұйықталған сумен жабдықтау қондырғыларында балық өсіру өндірісінің және оны тасымалдау құралдарының (тірі балық тасу машиналары) меншік құқығында болуы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары осы Қағидалардың 52 және 53-тармағында айтылған жағдайларға қолданылмайды.