Мүгедектерді оңалту шаралары бойынша.

Мүгедектерді оңалту шаралары бойынша.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005жылғы 20 шілдедегі №754 Қаулысына сәйкес 2016 жылы қаңтардан бастап 23 мүгедекке жеке жәрдемшілер және 12 мүгедекке келісім шарт бойынша ымдау тілі маманы бекітіліп 8 жеке көмекші берілді, сонымен қатар 23 мүгедекке протездік-ортопедиялық көмектер, 7 мүгедекке 427,0 мың теңгенің тифлотехникалық құралдарымен, 8 мүгедек 140,3 мың теңгенің сурдотехникалық құралдарымен, 12 мүгедек 1047,0 мың теңгенің кресло-арбаларымен, 75 мүгедек 257,6 мың теңгенің көмекші құралдарымен, 27 мүгедек 1288,2 мың теңгенің санаторлық-курорттық жолдамаларымен, 67 мүгедек 10472,0 мың теңгенің гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етілді.
Аудандық бөлімге 2016 жылға бөлінген қаржы 99,9 пайызға игерілді.