Жергілікті өкілді органдарының шешімдері бойынша әлеуметтік көмектер.

Жергілікті өкілді органдарының шешімдері бойынша әлеуметтік көмектер.
Аудандық мәслихаттың 27.09.2016ж. № 45 шешімі бойынша, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу үшін сегіз мың теңге көлемінде ай сайын қаржылай әлеуметтік көмек белгіленді. 2017 жылдың 1 қаңтарына Ұлы Отан соғысының 5 ардагері мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге, Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген адамдарға, бейбіт уақытта қайтыс болған жауынгерлердің отбасына, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында тылда жұмыс жасаған азаматтарға, мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған ҰОС қатысушылары мен ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне және қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің ата-аналарына, екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні мерекесіне, үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына, онкологиялық аурулармен және туберкулездің әртүрлі ауруларымен ауыратын азаматтарға, барлығы 1743 адамға 66432,7 мың теңге және ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс жасайтын 959 әлеуметтік сала мамандарына 6314,9 мың әлеуметтік жәрдемақы төленді. Сонымен қатар ауданда тұратын мүгедектерге барлығы 1083 адмаға 32,5 мың тг. әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттен төленді.