1 Наурыз алғыс айту күні

Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1 наурыз Алғыс айту күніне орай ерекше балалармен Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізді. Қонақтар, бөлім мамандары және әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Мерекелік іс-шара бөлім басшысы Ж.Өмірзақтың құттықтау сөзімен ашылды.Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып бекітілді. Қазақстандықтардың Алғыс айту Күнін көктемнің алғашқы күні мерекеленуінде үлкен мән бар. 1995 жылы осы күні Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен біздің елімізде тұрып жатқан барлық этностардың достастығының, ынтымақтың және бірліктің институты - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, ашық аспан және сенімді, шынайы достық тілеймін! Сонымен бірге әлеуметтік қызметкерлер балалармен мазмұнды да қызықты ойындар ойнап, балалар белсенділікпен қатысты. Өткізу барысында балалар шын жүректен ата-аналарына, ұжымға және бір-біріне алғыстарын айтып, ізгі-ниеттерін білдірді.
Қортындылау: – Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар деген ниетпен бөлімнің басшысы сөзін аяқтады.Мереке соңында бөлім қызметкерлері балаларға тәтті тағамдар мен жемістер және ойыншықтар сыйлады. Балалар шын жүректен қуанды.