Цифр дәуіріндегі тұтыну құқықтары

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Алға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы хабарлайды:
2017 жылғы 15 наурызда қоғам «Цифр дәуіріндегі тұтыну құқықтары» ұранымен Бүкіләлемдік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнін атап өтеді.
Осы күннің қарсаныңда Алға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен 2017 жылғы 13,14,15 наурызда «Дружба» сауда үйінде, «Евразия» және «Ансара» базарларында тағамдарды жылдам тексеру зертханасын қолдана отырып, акциялар өтеді, онда тұтынушыларға бөлшек сауда, қауіпсіз тамақ өнімдері, талап арыз өтінішін жазу, тамақ өнімдерін дұрыс таңдау, таңбалауға назар аудару бойынша ақыл-кеңес алуға болады.
2017 жылғы 15 наурызда Алға қаласы, Уәлиханов көшесі, 1 «А» мекен жайында орналасқан Алға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында «Ашық есік күні» өтеді, азаматтарды (тұтынушыларды) басқарма басшысы Булатбек Кендебайұлы Шағалбаев қабылдайды.
Бұдан басқа, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңесті «қауырт желі» телефон нөмірі 8(71337)-1-10-98 арқылы алуға болады.
Баршаңызды қатысуға шақырамыз!