«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу туралы

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №404 Жарлығына сәйкес Алға ауданының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша 145 мемлекеттік әкімшілік қызметшінің 90-ы аттестаудан өтеді деп жоспарланған. Бүгінгі күнге 24 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері 1 және 2 бағдарлама бойынша жеке құзыреттерін бағалайтын тестілеуден өтті. 2017 жылдың 27-29 наурыз аралығында 3 бағдарлама бойынша 66 мемлекеттік қызметкерді тестілеуден өткізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жеке құзыреттерін бағалайтын тестілеуден өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілер аттестаттаудың келесі кезеңі әңгімелесуден өтеді.