Техникалық байқау

«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол- құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау өткізу»
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылдың
6 мамырындағы №4-3/421 бұйрығымен бекітілген «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол- құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының негізінде аудан көлемінде 2017 жылға техникалық байқау өткізу жоспарлануда .
Мемлекеттік техникалық байқау шаруашылық кәсіпорындары ,ұйымдар мен мекемелер үшін олардың ведмостволық бағынушылығына қарамастан, сондай-ақ басқа да иелігінде техникалары бар азаматтар үшін міндетті болып табылады.Техникалық байқауға мемтехинспекцияның ауданық бөлімінде есепте тұрған,тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер,монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері,өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері,сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар қатысады. Сонымен қатар ауылшаруашылық құрылымдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің комбайндары да қатысуға тиісті.
Машиналарға мемлекеттік техникалық байқау олардың техникалық жай-күиін бағалау,олардың санын,кімдікі екенін және басқа да тіркеу көрсеткіштерін анықтау, қауіпсіздік техникасы ережелерін өрескел бұзуды болдырмау, бұзылуының алдын алу шараларын іске асыру мақсатында жүргізіледі.
Мемлекеттік техникалық байқау машиналардың тұрақты тіркелген жерінде өткізіледі.Меншік иелері, иелігіндегі машиналарды өз уақытында және белгіленген жерге мемлекеттік техникалық байқауға ұсынуға міндетті.Сондай-ақ бұл қызметті «эдектрондық үкіметтің» www.egov.kz. Веб-порталы арқылы жүзеге асыруға болады.
Заңды тұлғалар мемлекеттік техникалық бақылауға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Өтініш
2) машинаның тіркеу құжаттары (техникалық паспорт)
3) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған машинаны мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу актісін.(2 дана) толтыру үшін баланстағы машиналардың тізімі.
Жеке тұлғалар мынадай құжаттар ұсынады:
1) Өтініш;
4) машинаның тіркеу куәлігін; (техникалық паспорт)
Портал арқылы
1) Электрондық нысанда өтініш.
2) Техникалық паспорттың электрондық көшірмесі.
Алға ауданы бойынша 2017 жылы өткізілетін
техникалық байқаудың
Жиынтық кестесі
Қала, селолық округтің аты
Байқаудың өткізілетін уақыты
Байқаудың өткізілетін орны
1. Алға
17,18-сәуір
Шеберхана
АИК
2. Тамды
19-сәуір
Селолық әкімшілік
3. Бестамақ
20-сәуір
Селолық әкімшілік
4. Маржанбұлақ
24-сәуір
Шеберхана
5. Ақай
3-мамыр
Шеберхана
6. Қарақұдық
2-мамыр
Селолық әкімшілік
7. Үшқұдық
25-сәуір
Шеберхана
8. Сарыхобда
4-мамыр
Шеберхана
9.
Қарақобда
26-сәуір
Селолық әкімшілік
10. Қарағаш
21-сәуір
Селолық әкімшілік
11. Қарабұлақ
5-мамыр
Селолық әкімшілік
12. Бесқоспа
28-сәуір
Шеберхана
13. Тоқмансай
27- сәуір
Шеберхана
Ескерту: Техникалық байқауды өткізу барысында жарақсыз техникаларды
( комбайндар,шынжыр табанды тракторлар т.б) есептен шығаруға құжаттар қабылданады.