Жалған терроризм хабарламасы үшін жауапкершілік

Жалған терроризм – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273 бабымен жауапкершілік көзделген, қылмыс.
Бұл – қоғам үшін қауіпті және оның қауіпсіздігіне қол сұғушы фактор. Аталған құқыққа қайшы деректер бірінші кезекте азаматтардың тыныштығын бұзады және құқық қорғау, өзге де жедел арнайы органдарды күнделікті қызметтерінен алаңдатады, сондай-ақ қоғамдық демалыс орындары мен көліктердің қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіреді.
Жалған терроризм бойынша кінәлі деп танылған тұлғаға 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан ауыру жазасына тарту, сондай-ақ, одан аталған жалған ақпарат беруімен байланысты мемлекетке келтірілген шығынды өндіріп алу көзделген.
Қазіргі таңдағы құқыққорғау органдарының қолда бар ресурстары мен мүмкіндіктері жалған терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарлама жасаған кінәлі тұлғаларды бір тәулік мерзім ішінде анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, кінәлі тұлғаларға қатысты әрқашан күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады.
Сондықтан, азаматтарға бұндай заңсыз әрекеттерге жол бермеу қажеттігі, сондай-ақ жалған терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескерткім келеді.
Терроризм тақырыбында «әзілдескісі» келген, өз ісіне жауапсыз қараған кез-келген адам, кейіннен «ойыннан от шығатынын» ұмытпай, ойлануы тиіс.
Алға ауданы прокурорының орынбасары Т.Уснадин