1 мамыр

1 мамыр - "Қазақстан халқының бірлігі күні"- бұл мереке халықтардың шынайы достығы мен бейбіт рухын, өзара татуластығы мен сыйластығын білдіретін айтулы мереке. Татулық пен бірлікте тұратын халық әрқашан арманына жетеді.Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін, ағайын! Алға қаласында мерекеге орай әр ұлт өкілдерінің бұйымдарынан көрмелер, балалар арасында асфальтке сурет салу байқауы, мерекелік ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, достық мерекесімен құттықтауға келген ұлт өкілдерінің мерекелік концертіне жалғасты.