Тарих

Алға ауданы – 1933 жылы құрылған, облыстың оңтүстік, Елек өзені бойы, Орынбор –Ташкент темір жолы станциясы бойында орналасқан. Жер көлемі 7,1 мың км2. Халқы 39 000. 11 округке бөлінген. Орталығы – Алға қаласы. Ақтөбе-Қандыағаш тас жолы өтеді. Көтерме, тас жолдары аудан округ орталықтарымен байланыстырады.Алға ауданы негізінен қыратты жазық / биіктігі 200-300м/.Биіктіктері: Аққұдық, Қарамен, Керуен тау, Ақ шоқы, Қайқы, Есет, Бесоба, Қаратөбе, Бестөбе, Нартау, Тасшоқы. Көлдері: Соркөл. Пайдалы қазбалардан таскөмір, фосфорит. Құрылыс материалдары. /Фосфориттен минералды тыңайтқыш өндіретін ірі химия зауыты болған./ Климаты өте континенттік, қысы суық – 16 – 170, жазы +27 + 280. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-250 мм. Шамасында. Аудан жерінен оңтүстіктен солтүстікке қарай Елек өзені., Ұлы Қобданың салалары – Сарықобда, Қарақобда ағып өтеді. Тәңірберген, Талдысай, Есет, Тамды, Батпақты, Суықсу, Сазды, Темірей, Ащысай өзен-өзекшелері бар. Жер негізінен фосфоритті қара, карбонатты қоңыр, қара қоңыр топрақты келеді. Мұнда негізінен жусан, бетеге, боз өседі. Кезінде /1937-47ж/ аудан өңірінде 70-тен астам ұжымшар болған, кейіннен солардың негізінде егін мен мал шаруашылығы бағытында 7 ұжымшар, 3 кеңшар, 1 құс кеңшары, 2 аудандық арнайы ауылшаруашылық бірлестік ұйымдасқан. Мал басын арттыруда, астық өндіруде жоғары табысқа жеткені үшін 1967 ж. «Красный колос» ұжымшары Еңбек қызыл ту орденімен марапатталған. 1981 ж ХХ партсъезд – 3047, Ильич атындағы -3564, «Красный колос» ұжымшарларында 4437 – ірі қара, М.Горький атындағы кеңшарында 23386 қой, тамды кеңшарында 8989 шошқа болған. Ауданда 1985 ж. 33592 ірі қара,15914 шошқа, 983 жылқы, 80372 қой, 2000 ж 28,1 мың ірі қара, 60 мың қой-ешкі, 71,1 мың шошқа, 3 мың жылқы болды.Аудандағы тарихи ескерткіштер мен мешіттер: Тама Есет Көкіұлы, Шәкен, Әділше, Нұрпеке, Дүйсенбі, Уәйіс, Данабек, Бақтыбай, Сағидолла, Аралбай, Асқар, Жұмағали, Сыдық, Қарағаш. Алғашқы мектептер 1903 ж. ашылған, олар Бестамақ болысында /№4 ауылда Арынғазы, № 5 ауылда Табантал, № 8 ауылда Тастемір/ 2000 ж 36 мектеп, оның 21 орта, 12 негізгі, 3 бастауыш, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 бала-бақша, 2 клуб, 2 кітапхана, аурухана, шипажай, мәдениет үйі, мұражай болды. «Жұлдыз-Звезда» газеті шығады, радиотелехабар қабылдайды. Соц.Еңбек ері Н.Мынза, Г.Ф.Федорченко қызмет істеген. 1990 ж. реформаға сай /2000ж. аяғында/ 239 шаруа қожалықтары, меншік түрлері бойынша 177 заңды тұлғалар, оның ішінде 85 мемлекеттік, 92 жеке тұлғалар болды.