9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күні!

Алға ауданының әкімі М.Абдуллин және Ұлы Отан соғысының ардагері Әметов Ұзақбай ағамыздың аудан тұрғындарын жеңіс күнімен құттықтау сәті.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен облысымыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.