Жергілікті өкілді органдарының шешімдері бойынша әлеуметтік көмектер.

Жергілікті өкілді органдарының шешімдері бойынша
әлеуметтік көмектер
Аудандық мәслихаттың 27.09.2016ж. № 45 шешімі бойынша, Ұлы Отан соғысының мүгедегіне коммуналдық қызметтерді пайдаланған үшін сегіз мың теңге көлемінде ай сайын қаржылай әлеуметтік көмек белгіленді. 2018 жылдың 1 маусымына Ұлы Отан соғысының мүгедегіне жеке шотына 38,0 мың тг. аударылды.
9 мамыр Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан Соғысының мүгедегіне, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, бейбіт уақытта қайтыс болған жауынгерлердің отбасына, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыр аралығында тылда жұмыс жасаған тыл еңбеккерлеріне, мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған ҰОС қатысушылары мен ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне және қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің ата-аналарына, екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне барлығы 371 адамға 9695,0 мың тг. көлемінде жергілікті бюджеттен біржолдық әлеуметтік көмек көрсетілді.
2018 жылдың 1 маусымына үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына барлығы 24 отбасына 228,4 мың тг. көлемінде әлеуметтік көмек төленді, онкологиялық аурулармен және туберкулездің әртүрлі ауруларымен ауыратын азаматтарға, барлығы 111 адамға 16639,4 мың тг. көлемінде әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттен төленді. Сонымен қатар I, II, III топтағы мүгедектерге және 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге және оларды ертіп жүрген адамдарға барлығы 5 адамға емделіп барған үшін жол шығындарына 103,7 мың тг. өтемақы төленді.