ҰОС қатысқандарды, мүгедектерді, балалардыәлеуметтік қорғау.

ҰОС қатысқандарды, мүгедектерді, балаларды
әлеуметтік қорғау.
Аудандық мәслихаттың 27.09.2016ж. № 45 ««Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімі бойынша әлеуметтік көмек Алға ауданында тұратын мұқтаж азаматтарға беріледі.
2018 жылға «007 бағдарлама» бойынша жергілікті бюджет есебінен бөлінген 70362,0 мың тг., ағымдағы жылдың 1 қазанына 61564 ,0 мың тг. әлеуметтік көмек көрсетілді, соның ішінде:
- ҰОС мүгедегіне коммуналдық қызметтеріне – 72,0 мың тг.;
- үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына – 26 адам 265,0 мың тг.,
- онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға - 187 адам 23951,0 мың тг.;
- мелекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 1АЕК – 321адам 5678,8 мың тг.;
- 9 мамыр Жеңіс күніне орай ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға – 371 адам 9695,0 мың тг.;
- қазан айының екінші жексенбісі Мүгедектер күніне – 719 адам 21570,0 мың тг.;
- I, II, III топтағы мүгедектерге және 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге және оларды ертіп жүрген адамдарға жол ақысына - 26 адам 332,2 мың тг.
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңын іске асыру мақсатында, мүгедектердің әлеуметтік оңалту бағдарламасына сәйкес жыл басынан 130 мүгедек 730 данадан барлығы 94900 дана гигиеналық құралдармен (подгузники, жайылықтар) қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 88 мүгедек протездік-ортопедиялық құралдармен (балдақтар, демеу ағаш, жетек-арба, ортопедиялық аяқ киім), 28 мүгедек сурдо-тифлотехникалық құралдармен (диктофон, плеер, телефакс, үялы телефон, нашар еститіндерге сағат, ноутбук, тифломагнитолла, көп функционалды жүйе, оқитын машина), 20 мүгедек кресло–арбамен қамтамасыз етілді.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына 64 мүгедек жолдамамен санаторлық-курорттық ем алу үшін Шымкент қаласында орналасқан «Денсаулық» санаториясына жолданды.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 64 мүгедек жолдамамен санаторлық-курорттық ем алу үшін Шымкент қаласында орналасқан «Денсаулық» санаториясына жолданды.