Жұмысқа орналастыру

Жұмысқа орналастыру
(мемлекеттік қолдау шаралары, ақылы қоғамдық жұмыс)
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»
бағдарламасы бойынша 9 айдың қорытындысы.
2018 жылға Кешенді жоспарға сәйкес жұмыспен қамту шараларымен 2 764 адам қамту жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 1 қазанына Кешенді жоспардың орындалуы 85,1%-ды немесе 2 354 адамды құрады.
1) «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 1 бағыты бойынша 2018 жылдың 1 қазанына қысқа мерзімді оқуға 157 адам жолданды (жоспар 125);
2) «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2-ші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 1 қазанына 268 адам оқытылды (жоспар 293), оқу аяқтағандардың ішінен 32 адам бизнес жобасын қорғап, 9 адам 15 млн. 850 мың тенге (тігін ісі, мал шаруашылығына) көлемінде несие алды.
2018 жылға 57 адамға несие беру жоспарланды:
- 42 адам негізгі транш (199,2 млн.теңге);
- 15 адам қайтарылған қаражат есебінен (реинвест).
Ағымдағы жылдың 1 қазанына 43 адам несие алды (193,8 млн.тенге):
- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 40 адам (181,9 млн. тенге);
- Қайтарылған қаражат есібінен (реинвест) – 3 адам (11,9 млн. тенге).
Былтырғы жылмен салыстырғанда жоспардың орындалуы:
3) «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 3-ші бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша:
1) Жастар тәжірибесіне 72 адам (жоспар 65 адам) жіберілді, аяқтағаны 14 адам, 1 қазанына 12 адам тұрақты жұмысқа орналасыты;
2) Әлеуметтік жұмыс орнына 64 адам (жоспар 50 адам) жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орнына 2017 жылдан жалғастырып жатқан (переходящие) 83 адамның 56-сы аяқтап, 35 тұрақты жұмысқа орналастырылды (62,5 %);
3) Ақылы қоғамдық жұмысқа 464адам (жоспар 500 адам), оның ішінде жастарға арналған қоғамдық жұмысқа (Жасыл ел) 213 адам жіберілді.
4) Тұрақты жұмысқа (трудоустройство без мер господдержки) – 1 044 адам орналастырылды (жоспар 1 414 адам), оның ішінде электрондық еңбек биржасы (ЭБТ) порталы арқылы – 343 адам (32,8%).
4) «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы күрделі жөндеу бойынша 1 жоба жоспарланды :
1) № 4 Алға ОМ-нің ағымдық жөндеуі (ХЖҚО арқылы жоспар бойынша 7 адам) – 7 адам жұмысқа орналастырылды.
Басқа салалық бағдарламалар: жоспар – 107 адам, орындалуы – 127.