Әлеуметтік-көмек

Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жәрдемақылар туралы Заңдарын іске асыру және құжжаттарды қабылдауды аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық филиалында селолық округтер және қала округі мамандарының қатынасуымен, барлық аумақтық округтерде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аумақтық округтерде 13 учаскелік комиссиялар қажетті жұмыстар жүргізуде. Есептік мерзімде ауданда аз қамтылған 9 отбасы, құрамында 31 адам анықталды.
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына, құрамында 31 адамы бар 9 аз қамтылған отбасына 1190,1 мың тг. көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
2015жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 63 Қаулысына сәйкес, жиынтық табысы төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін 18 жасқа дейін 2404 балалары бар 838 отбасына 43831,1 мың тг. мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, төленді.
Сонымен қатар осы мерзім ішінде «Өрлеу» жобасына қатысқан құрамында 39 адамы бар 9 отбасына 1696,0 мың тг. көлемінде көмек көрсетілді.