Кеңес

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Алға қаласында облыстық бірқатар мекеме өкілдерінің қатысуымен шешімдер негізінде берілген жер учаскелерін және қабылдау актілері негізінде қабылданған ғимараттарды, яғни жылжымайтын мүліктерге құқықтарды тіркеу тақырыбында кең ауқымды кеңес өткізілді.
Кеңесте Алға ауданы әкімінің м.а Г.Сисенова, Облыстық қаржы басқармасының басшысы Г.Сүйінтаева, облыстық әділет және мемлекеттік кірістер департаментінің, облыстық жер қатынастары басқармасының өкілдері, сондай-ақ, аудандық қаржы, экономика бөлімдерінің басшылары мен барлық селолық округ және Алға қаласының әкімдері қатысты.
Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу бұл Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қорғалатынына кепілдік береді. Қазақстан Республикасы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының талаптарына сәйкес, меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін күшіне енеді.
Осы орайда, барлық азаматтарымызды тіркеуден өтпеген өз жылжымайтын мүліктеріне, яғни жер учаскелеріне және ғимараттарына санатына қарамастан үй, монша, гараж тағы басқа әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуге шақырамыз.