Жәрмеңке

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні Алға қаласында ауданның жергілікті тауарөндірушілері нің қатысуымен кезекті жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде жылқы, сиыр, қой, шошқа, үйрек, тауық еттері халыққы арзан бағада ұсынылды. Көк- өністер де базар бағасынан 20-30 пайыз төмен сатылды. Cонымен қатар, жәрмеңкеде қосалқы шаруашылығы бар тұрғындар да , өз өнімдерін қала тұрғындарына тиімді бағада ұсынды. Аталған шара әр сенбі сайын өткізілуде.