Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету

Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2017 жылдың 15 қыркүйегінде бағыныстағы жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп «Ашық есік күндері» «Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Аталған шараның өткізілетіні туралы арнайы хабарландыру аудандық alga.aktobe.gov.kz сайтына, әлеуметтік желілерде орналастырылды, іс шара барысында тұрғындарға жадынамалар таратылды.
Өткізілген шараның басты мақсаты: көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, халықпен кері байланысты қамтамасыз ету және түсіндіру жұмыстарын ерекше жүргізу.
Аталған шараға 26 адам хабарласып келді. Кездесу барысында, тұрақты жұмысқа орналасу, жұмыссыз ретінде тіркеліп жәрдемақы алу жөнінде туындаған сұрақтар бойынша бөлімінің бас маманы Т.Белецкая, жұмыспен қамту орталығының мамандары Д.Агниязова, Б.Танирбергенова келген азаматтарға толық ақпарат беріп туындаған сұрақтарды жауапсыз қалдырмады. Сонымен қатар азаматтардың тұрғын үй көмегін алуға және он сегіз жасқа дейін жәрдемақы алуға қандай құқығы бар екені туралы бас маман С.Длимова, жетекші маман А.Жаналина кеңес берді. Бөлімінің бас маманы Г.Бошанова кездесу барысында мүгедектерді оңалту шараларымен қамтамасыз ету: санаторлық-курорттық ем алуға, сурдо-техникалық (ұялы телефон, компьютер,сағат, факс) және тифло-техникалық (тифломагнитола, диктофон, плеер) құралдармен, гигиеналық құралдармен және кресло-арбалармен қамтамасыз ету жөнінде келген азаматтарға жеткізді. Жоғарыда көрсетілген құралдарды алуға қандай құжаттар керек екенін және кімге тиісті, азаматтарға толық ақпарат беріп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.