«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ахметова Гүлнар Жәуетқызы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ой-пікірімен бөлісіп сұхбат берді.
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы жалпы мәлімет берсеңіз?
- Ауыл шаруашылығы министрінің қолдауымен 2009 жылдан бастап “Дипломмен ауылға” жобасы қолға алынды. Мақсат – жұмыссыз жүрген мамандарды елді мекендерге жұмысқа орналастырып, ауылдың жағдайын көтеру болатын. Қолына дипломын алған жас маманның кез келгені еңбек жолын қаладан бастағысы келеді. Бірақ, бәріне бірдей жұмыс табыла бермесі анық. Сондықтан жастар үшін бұл бағдарлама үлкен жолдама таптырмас мүмкіндік, көмек деп білемін.
- Бағдарламаға қатысу үшін қандай қадамдар жасау қажет?
- Мамандар жолдама арқылы немесе қажеттілігіне байланысы ауданның елді мекеніне, яғни ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б жұмысқа орналасуы қажет. Жұмысқа орналасқаннан кейін «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы уәкілетті орган болып табылатын «Алға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қоса 2015 жылдың желтоқсан айында болған өзгерістерге байланысты өтініштер қабылдау және қызметті жүзеге асыру бойынша мемлекеттік корпорацияға жолығуы қажет.
- Қандай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі? – жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 айлық есептік көрсеткіш 2269 теңгені құрайтындықтан жоба бойынша қатысушы 158 830 (бір жүз елу сегіз мың сегіз жүз отыз) теңге көлемінде жәрдемақы алады;– қажеттілігіне қарай тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау арқылы 1500 еселік айлық есептік көрсеткіш 3 403 500 ( үш миллион төрт жүз үш мың бес жүз ) аспайтын сомада 15 жыл мерзімге 0,01 пайыздық мөлшер бойынша бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
- Қандай құжаттар қажет?
- көтерме жәрдемақы алған кезде: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi; бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер; тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы; - көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде; осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi; бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі; көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер; тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы; неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін); аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама; - көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi; бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер; тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы; неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін); аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама; маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт; кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі; кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты; берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім. Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы қайтарылады. Айта кетейін, тізімде көрсетілмеген басқа да құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.
- Мемлекеттік қызмет көрсету түрі қандай?
- тегін, қағаз түрінде көрсетіледі және әлеуметтік қолдау шараларының қай түрін алу маманның өз еркі бойынша таңдалады.
- Қолдау тапқаннан кейінгі мамандардың міндеттері қандай?
- Комиссия отырысына ұсынылып, қолдау тапқаннан кейін шараларын көрсету туралы қаулы қабылдайды. Қаулы қабылданғаннан кейін аудан әкімі, алушы маман және сенімді өкіл (агент) арасында мамандарға бекітілген формада әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну келісімі жасалады. Келісім жасалғаннан кейін жұмысшы орган алушы маманның жеке есеп шотына көтерме жәрдемақыны аударады; сенімді өкіл (агент) Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен маманға тұрғын үй алуға немесе салуға несие ұсынады (несие бойынша маманның міндеттемелерін орындауда осы алған тұрғын үйі кепіл болады). Егер де жоғарыда аталған әлеуметтік қолдау шаралары жоба қатысушысына берілсе, міндетті түрде ауылдық елді мекенде 3 жыл жұмыс істеуі қажет. Сатып алынған тұрғын үй сол кезеңде банкте кепілде тұрады Меншiгiне сатып алынған немесе салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге міндеттеледі. Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын алушы маман толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi. Жұмыс органына , яғни аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынып отыруы керек.
- Жастарға қоса айтар тілегіңіз бар ма?
- мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдауды мақсатты пайдаланып, ауылдың көркейюіне ат салысып, белсенді қоғам мүшелері болып, жемісін көруге тілектеспін. Егер мамандар білікті де білімді, әрі өз ісінің шебері болса қоғамда абыройлы, сыйлы болатынын естен шығармағандары жөн.