"Дипломмен ауылға!" бағдарламасы бойынша Ашық есік күні

Ақпарат жасаушы: бөлімнің бас маманы – Г.Сундетова
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» №66 Заңның 18-бабының 8-тармағына, яғни Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіліп, Мемлекеттік қызметті көрсету Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы негізінде жүзеге асырылатындығын мәлімдеді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» өзгерістер енгізіліп өтініш қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру баламалы негізде мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО) жүзеге асырылады.
. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №816 қаулысымен тиісті өзгерістер енгізілген, яғни «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» өтініш қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру баламалы негізде мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО) жүзеге асырылатындығы туралы ақпарат берді. Бұйрықтың 8 тармағына сәйкес әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн мынадай құжаттарды: 1) көтерме жәрдемақы алған кезде:осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде;
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама тапсырулары керектігі түсіндірілді.
Жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 айлық есептік көрсеткіш 2269 теңгені құрайтындықтан жоба бойынша қатысушы 158 830 (бір жүз елу сегіз мың сегіз жүз отыз) теңге көлемінде жәрдемақы алады;– қажеттілігіне қарай тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау арқылы 1500 еселік айлық есептік көрсеткіш 3 403 500 ( үш миллион төрт жүз үш мың бес жүз ) аспайтын сомада 15 жыл мерзімге 0,01 пайыздық мөлшер бойынша бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі
Ұсынылатын әлеуметтік көмектің қай түрін қажет ететіндіктерін маман өз қалауы бойынша жүзеге асырылатындығын айтты. Сонымен қатар әлеуметтік көмек алған мамандар 3 үш жыл мерзімде сол ауылдық елді мекенде тұрақтап жұмыс жасауы керектігі оған қоса егер талапты орындамаған жағдайда қаражат толықтай қайтарылады ескертілді.
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда 4-20-96 жұмыс телефонына хабарласуларына болатыны ескертіліп, барлық мамандарға брошюра таратылды .