ХАЛЫҚҚА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» тақырыбында «АШЫҚ ЕСІК» күні өтті

Ағымдағы жылдың 29-қыркүйегінде ауданның мемлекеттік қызмет көрсетуші жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен аудандық ХҚКО ғимаратында «Халыққа сапалы қызмет көрсету» тақырыбында «Ашық есік» күні өткізілді.
Аталмыш шараның өткізілетін орны, тақырыбы, уақыты көрсетілген хабарландырулар алдын –ала халық көп жиналатын жерлерде ілінді, қаланың орталық көшелерінде орналасқан «жүгіртпе жолдан» берілді және аудан әкімінің ресми сайтында жарияланды, сонымен қатар аудан бойынша барлық әлеуметтік желілеріне шығарылды.
Ашық есік күнінің өту барысында келген аудан әкімі аппарат басшысы Б.Кныков орталықта жиналғандарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қажеттілігі жыл сайын артып келетінін, қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды мәселелердің бірі — халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы хабардарлығын және құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік органдар жұмыстарының кері байланысын қамтамасыз ету екендігін атап көрсетіп, бүгінгі шараның басты мақсаты - ауданымыздың жергілікті атқарушы органдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, осыған байланысты тұрғындармен жүзбе-жүз кездесу өткізіп отырмыз деді.
Шараға аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінен, әлеуметтік төлемақылар орталығынан және жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру қызметінен де өкілдер қатысты. Бұл күні орталыққа келген әрбір тұрғын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті мағлұматтар алып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап ала алды. Әсіресе, жерге қатысты сұрақтармен келушілердің қарасы көп болды. Сонымен қатар, осы шара барысында келушілерге «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары» тақырыбында дайындалған буклеттер таратылды.