Неке қиюға элекроды түрде өтініш беру

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жергілікті атқарушы органдармен электронды түрде «Азаматтық хал актілері жазбалары» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Бүгінгі таңда, электронды үкімет порталы арқылы АХАТ саласы бойынша бірнеше –өтініштер беруге болады. Соның ішінде көп таралғаны неке қиюды тіркеуге өтініштер. Электронды түрде «Некені тіркеу туралы» өтініш беру үшін «Электрондық үкімет порталында (www.egov.kz) авторизациялау жүргізіп, өтінішті толтыру жеткілікті – жүйеге некеге тұратын адамдар туралы деректер енгізіліп, электрондық сандық қолтаңба көмегімен өтінішке қол қойылады.
Некені тіркеу мерзімі арыз берген күннен бастап ,бір ай мерзім сақтала отырып белгіленуі тиіс. Некені тіркеу, некеге тұрушылардың қалауы бойынша салтанатты түрде неке қию рәсімі сақтала отырып жүргізіледі.
Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлесе берген өтініші бойынша тиісті құжаттармен (дәрігерлік-біліктілік комиссияның жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталатын дәлелді себептердің болуы кезінде (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір ай өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың берген жазбаша өтініші негізінде оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады.
Ерекше мән-жайлар (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың ниеті бойынша, себебі мен растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі.
Бүгінгі таңда Алға аудандық АХАТ бөлімінде 2016 жылы 261 неке тіркелген, соның 144 өтініш, 2017 жылдың 9 айы бойынша 144 неке тіркелген, соның 109 өтініші электронды түрде берілген. Сондай-ақ электронды түрде басқа да қызмет түрлеріне: баланың тууын тіркеуге, өзара келісім бойынша некені бұзуға, түрлі азаматтық хал актілері туралы анықтамалар, қайталап құжат алуға өтініштер беруге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге өтініш білдіруге мүмкіндік бар. Өз кезегінде тіркеудің бұл жүйесін пайдалану азаматтардың уақыттарын үнемдеуге өте тиімді.