«Ашық есік» күні өткізілді

Қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды мәселелердің бірі — халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы хабардарлығын және құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік органдар жұмыстарының халықпен кері байланысын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 20- қазанда ауданның мемлекеттік қызмет көрсетуші жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен аудандық ХҚКО ғимаратында «Халыққа сапалы қызмет көрсету» тақырыбында «Ашық есік» күні өткізілді.
Аталмыш шараның өткізілетін орны, тақырыбы, уақыты көрсетілген хабарландырулар алдын –ала халық көп жиналатын жерлерде ілінді, қаланың орталық көшелерінде орналасқан «жүгіртпе жолдан» берілді және аудан әкімінің ресми сайтында жарияланды, сонымен қатар аудан бойынша барлық әлеуметтік желілеріне шығарылды.
Шараға аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінен, әлеуметтік төлемақылар орталығынан және жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру қызметінен де өкілдер қатысты. Бұл күні орталыққа келген әрбір тұрғын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті мағлұматтар алып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап ала алды. Шара барысында келушілерге «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары» тақырыбында дайындалған буклеттер таратылды.