Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

Аудандық жұмыспен қамту бөлімі 2017 жылдың 16 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады.
Қабылданған іс-шаралар жоспары бойынша:
2017 жылдың 13 наурызында бөлім қызметшілерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бәріміздің міндетіміз» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізіліп келесі шешім қабылданды: мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлық көріністерін жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерге жол бермеу. Сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды жаңдандыру.
2017 жылдың 5 маусымында қызметшілер арасында «Instagram» әлеуметтік желісінде фотосуреттер орналастыру жөнінде жалпы жиналысы өткізілді. Жалпы жиналысында қызметтен тыс уақытта қабылданған моралдық–әдептілік нормаларын ұстануға міндетті екенін мемлекеттік қызметшілерге жеткізілді.
2017 жылдың 3 ақпанында № 7 «Жұлдыз-Звезда» газетіне «Өзіңнен баста!» акциясын іске асыру барысында мемлекеттік қызметшілердің өздерінің меншік құқығына жататын мүліктері және 2016 жылы тапқан табыстары туралы ақпарат жарияланды.
Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» ұйымдастырылды.
Аталған шараны өткізе отырып алдын ала арнайы хабарландыру ғимараттың кіре-беріс есігіне және «Дружба» СҮ жанына орналастырылды. Өткізілген шараның басты мақсаты, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және туындаған мәселелер бойынша толық ақпарат беру, түсіндіру жұмыстарын ерекше жүргізу. Өткізілген іс-шара бойынша толық ақпарат alga.aktobe.gov.kz ағымдағы жылдың қазан айында аудандық ресми сайтына орналастырылды.
Сонымен қатар, «Есіктен есікке» жобасы бойынша Алға қаласының тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жадынамалар таратылды.
.