Есет Батыр Көкіұлы 350 жылдығын кең көлемде атап өтілді

Бестамақ ауылдық округінде Есет Батыр Көкіұлы бабамыздың 350 жылдығы кең көлемде атап өтілді. Республикалық деңгейде өткен шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан елге танымал азаматтары мен Есет батыр Көкұлының ұрпағы, композитор жазушы Илья Жақанов арнайы шақыртылып, игі шара аясында Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев Бестамақ ауылдық мәдениет үйін ресми түрде ашты. Сонымен қатар мерейтой барысында казақтың түрлі ұлттық ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға облыс әкімінің қолынан бағалы сыйлықтар тапсырылды. Шара аясында Есет батыр бабамыздың кұрметіне арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтіп, ас берілді. Мерейтой соңы Ақтөбе облысының өнерпаздарының қатысуымен ұйымдастырылған гала концертке ұласты.