Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай пайдаланамыз!

Алғалықтарды электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға оқытуда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту, сондай ақ, электрондық форматта қызметтерді алушылардың санын көбейту мақсатында Алға аудандық әкімдігімен Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коропорациясы КЕАҚ Алға аудандық бөлімшесімен бірлескен жоспар құрып, халыққа электрондық цифрлық қолтаңба алу маңыздылығы туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. Осы орайда, 4- тоқсанда ауданның ауылдық округтерінде, денсаулық сақтау саласы, білім мекемелерінде оқыту семинарлары өтеді. Аудан әкімдігі мен халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен аудандық аурухана ұжымымен кездесу өткізді, онда электрондық цифрлық қолтаңбаны алуды түсіндіріп, қолтаңбаны қолдана отырып электрондық қызметтерді алу бойынша іс жүзінде көрсетіліп, брошюра таратылды.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның қызметін «Азамттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) бармай ақ онлайн режимде ұзартуға болады. Мұндай қызмет ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) www.pki.gov.kz сайтында қолжетімді. ЭЦҚ кілтін оның жұмыс жасау мерзімі аяқталғанға дейін ғана создыруға болатынын айта кеткен жөн. Егер де қолтаңбаның мерзімі аяқталған болса онда пайдаланушыларға цифрлық қолтаңбаны қайтадан алу үшін ХҚКО-на баруға тура келеді.