Бестамақ ауылында «Туған жер» бағдарламасы аясында экспедицияға шақты

17.11.2017ж Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылында «Туған жер» бағдарламасы аясында экспедицияға шақты. Аталған іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Н.Барбосынов, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Е.Құрманбек, «Азербайжандардың ҚБ ассоциациясы» Ақтөбе қаласындағы Республикалық филиалының төрағасы Ш.Джамалов, Алға ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қонжар қатысты.
Кездесу барысында шараға қатысушылар Есет Батыр Көкіұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып,батырдың мәйтінде құран оқылды. Ескерткіш басында делегация атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Құрманбек сөз сөйледі.
Бестамақ ауылының жергілікті тұрғындарына бірлік пен ұлтаралық келісім, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және қазақ тілінен латын әліпбиіне көшу туралы толық ақпарат берді.
Кездесу соңында делегация мүшелері ауыл кітапханасына әкелген кітаптарды сыйға тартып, шығармашылық топ концерттік бағдарламасын ұсынды.