Ауылдық әкімдіктерде «Электронды қызмет алу бұрыштары» жұмыс жасай бастады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту, сондай ақ, электрондық форматта қызметтерді алушылардың санын көбейту мақсатында Алға аудандық әкімдігімен Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коропорациясы КЕАҚ Алға аудандық бөлімшесімен бірлескен жоспар құрылып, халыққа электрондық цифрлық қолтаңба алу және оның көмегімен қызметтерді электронды түрде алудың маңыздылығы туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. Осы орайда, 4- тоқсанда ауданның ауылдық округтерінде, денсаулық сақтау саласы, білім мекемелерінде оқыту семинарлары өтуде.
Өткен аптада Бестамақ ауылының тұрғындарынмен кездесу өткізіліп, халыққа электрондық сандық қолтаңбаны қолдана отырып электрондық қызметтерді алу бойынша бейнеролик көрсетіліп, практикалық сабақ өтті.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның қызметін «Азамттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) бармай ақ онлайн режимде ұзартуға болады. Мұндай қызмет ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) www.pki.gov.kz сайтында қолжетімді. ЭЦҚ кілтін оның жұмыс жасау мерзімі аяқталғанға дейін ғана создыруға болатынын айта кеткен жөн. Егер де қолтаңбаның мерзімі аяқталған болса онда пайдаланушыларға цифрлық қолтаңбаны қайтадан алу үшін ХҚКО-на баруға тура келеді.
Осы орайда, Бестамақ және Маржанбұлақ ауылдық округтеріндегі әкімдіктердің ғимараттарында тұрғындарға арналған өзін-өзі қамту (зона самообслуживания), яғни мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу бұрышы жасақталды. Бұрышта интернет желісіне қосылған компьютер қойылған және келушілерге әкімдіктің мамандары «Электрондық үкімет» веб-порталымен жұмыс жасаудың қыр-сырын үйретеді.