«Латын әліпбиіне көшудің маңызы»

Алға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен І.Мәмбетов атындағы балалар кітапханасында қазіргі уақытта өзекті мәселелердің біріне айналған латын әліпбиіне көшу турасында «Латын әліпбиіне көшудің маңызы» атты диалогты алаң өткізілді. Шараны өткізудегі басты мақсат ұлт көшбасшысы «Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басшы фактор болуы тиіс... Диалогты алаңға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Ажигулов, жергілікті «Жұлдыз-Звезда» газетінің бас редакторы Ж.Қонжарұлы, Алға аудандық өнер мектебінің ұстазы, зейнеткер А.Көздібаев, аудандық емхананың салауатты өмір салтын сақтау бөлімінің бас маманы Т.Сәтен, Алға аудандық орталық мешітінің наиб имамы Ж.Жарылғасынұлы және Алға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері тұрақты оқырмандар қатысып, өз ойларымен бөлісті. Шара барысында латын әліпбиіне көшу туралы көптеген деректер айтылды және латын әліпбиіне көшу бізге не үшін керек? Бұл латын әліпбиіне көшу төңірегіндегі үлкен процестерге біз дайынбызба? Ол туралы қандай жұмыстар жасалуда? т.б. сұрақтар қойылған болатын, сұрақтарға жауап беру барысында көптеген мәліметтер айтылып әртүрлі пікірлер тыңдалды, шараға қатысқан оқушыларда латын әлібиіне көшу туралы өздерінің пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар кітапханамыздың меңгерушісі А.Изтлеуова «Бұл – заман талабы» атты көрмеге шолу жасады.