Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай пайдаланамыз!

Алғалықтарды электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға оқытуда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту, сондай ақ, электрондық форматта қызметтерді алушылардың санын көбейту мақсатында Алға аудандық әкімдігімен Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коропорациясы КЕАҚ Алға аудандық бөлімшесімен бірлескен жоспар құрып, халыққа электрондық цифрлық қолтаңба алу маңыздылығы туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. Осы орайда, 4- тоқсанда ауданның ауылдық округтерінде, денсаулық сақтау саласы, білім мекемелерінде оқыту семинарлары өтеді.  Аудан әкімдігі мен халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен Алға аудандық индустриалдық-техникалық колледж   ұжымымен  кездесу өткізді, онда электрондық цифрлық қолтаңбаны алуды түсіндіріп, қолтаңбаны қолдана отырып электрондық қызметтерді алу бойынша іс жүзінде көрсетіліп, брошюра таратылды.