ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ІС-САПАРЫ

Алғашқы кезеңінде облыс әкімі Алға Газ тарату станциясы- 30 нысанын салтанатты түрде ашып берді. Алға Газ тарату станциясы -30 нысанының құрылысы биылғы жылдың мамыр айында басталған болатын. Мердігер – «Қағам» ЖШС. Жобалаушы - «ГазДорПроект» ЖШС. Қуаттылығы –262 800мың.м3 /жылына.Ауданымызға іс-сапармен келген облыс әкімі Б.Сапарбаев Алға қаласында жаңадан салынып жатқан 100 орындық интернатымен 600 орындық мектептіңқұрылысыныңжұмыстарымен танысты. Жобаныңқұны 1731432,617 мың. теңге.Типтік мектептіңғимараты 7 блоктан тұрады. Мектепке дейінгі даярлық сыныптары, 9*18 көлемді спортзал, орта және жоғары сыныптары, 24*12 көлемді спортзал, медпункт, 100 орындық асхана, коридоры, галереясымен. 100 орындық интернатында дене шынықтыру-спорттықзонасымен.
Құрылыс жұмыстарын жүзеге асырушы мердігер «Бабек-Құрылыс». Нысан 2018 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Облыс басшысы жобаны сапалы орындап, уақытында аяқтауды тапсырды.