Ашық есік күні» «Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету

  2018 жылдың 24 қаңтарында бағыныстағы жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп «Ашық есік күні» «Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.      Аталған шараны  өткізе отырып алдын ала  арнайы хабарландыру аудандық alga.aktobe.gov.kz сайтына орналастырылды, сонымен қатар тұрғындарға хабарлама таратылды.  Өткізілген шараның басты мақсаты: көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, халықпен кері байланысты қамтамасыз ету және түсіндіру жұмыстарын ашық сапалы жүргізу.
Ұйымдастырылған іс-шараның нәтижесі:
Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу жөнінде – 12 адам кеңес алды;
Қоғамдық жұмысқа қатысу жөнінде – 9 адам кеңес алды;
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алу жөнінде – 18 адам кеңес алды;
Тұрғын үй көмегін алу жөнінде – 11 адам кеңес алды;
Мүгедектерді оңалту шараларымен қамтамасыз ету:
санаторлық-курорттық ем алуға, сурдо-техникалық (ұялы телефон, компьютер,сағат, факс), тифло-техникалық (тифломагнитола, диктофон, плеер) құралдармен, гигиеналық құралдармен және кресло-арбалармен қамтамасыз ету жөнінде – 22 адам кеңес алды.
 Іс–шараға қатысқан азаматтарға туындаған сұрақтар бойынша толық ақпарат берілді, бірде –бір сұрақтар  жауапсыз қалған жоқ.
«Ашық есік күндері» «Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында өткізілген іс-шараға барлығы 72 адам қатысып кеңес алды. 
Жыл бойы осындай іс-шаралар ұйымдастырылады және халыққа керекті ақпарат берілініп түсіндіру жұмыстары жалғасады.